???analyticsinhead??? ???analyticsinbody???
Басты бет / Жаңалықтар

Қазақстанның алты қаласында Beeline клиенттеріне қоғамдық көлікте жолақы төлегенде 50% жеңілдік беріледі

18 қараша 2019 жыл, Алматы қаласы. Beeline Қазақстан «Жеңілдіктер келді! -50%» акциясының басталғанын хабарлайды, акция аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл және Қызылорда қалаларының тұрғындары қоғамдық көлікте 50% жеңілдікпен жүре алады.

Жолақыны акциямен төлеу үшін:  

  • Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл және Қызылорда қалаларында көлік кодын SMS арқылы 2505 нөміріне жіберу немесе QR-кодты «Менң Beeline-ым» қосымшасында сканерлеу керек. Көлік коды мен QR-код автобустардың салонындағы жапсырмада;
  • Алматыда ОҢАЙ терминалының кодын 9909 нөміріне жіберу қажет;
  • Жауап ретінде SMS арқылы электронды билет келеді, оны сақтап, контролерге көрсетуге болады;
  • Төлеген кезде, жолақы толық ұсталып, толық құнның 50%-ы қайтарылады;
  • Шымкентте әдепкі жолақы – 70 теңге, Алматы, Ақтөбе, және Петропавл қалаларында – 80 теңге, Нұр-Сұлтан мен Қызылордада – 90 теңге;
  • Жолақыны Beeline-ның аванстық есеп айырысу жүйесіндегі клиенттер ғана төлей алады;
  • Қызметті, жеңілдігне және оқушы немесе студенттік билетінің болғанына қарамастан, барлық санаттағы азамат пайдалана алады;
  • Жеңілдікпен күніне 2 рет жүруге болады;
  • Акция мерзімі 2019 жылғы 18 қараша мен 18 желтоқсан аралығы.

Beeline Қазақстанның Жаңа бизнесті дамыту жөніндегі коммерциялық директоры Олег Алдошин бастама туралы мынадай пікір білдірді: «Біз жолақы төлеу географиясын кеңейтіп қанай қоймай, сонымен қатар төлеу мүмкіндігі бар қалаларда оны пайдалануға ынталандырамыз. Алдағы уақытта қалалар саны арта түседі деген үмітіміз бар. Себебі SMS және QR төлем – Цифрлы Қазақстан бағдарламасының шеңберінде қала инфрақұрылымын дамыту және халықтың әлеуметтік қызметтерінің тізіміндегі жаңа дүние».

Толық ақпарат: www.beeline.kz

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады. ivi – ең ірі онлайн-кинотеатр, оның аудиториясы айына 48 миллион көрерменнен асады. Ай сайын қолданушылар 70 миллионнан астам сағатын ivi-де өткізеді және 250 миллионнан астам видео көреді. Ivi-де фильмдердің, мультфильмдердің үлкен каталогы ұсынылған – бұл мейджорлар студиясының, сондай-ақ еуропалық, ресейлік және қазақстандық киноөндірушілердің картиналары. Ivi онлайн-кинотеатрын бүкіл әлемде және ТМД елдерінже көптеген құрылғыдан - Smart TV, web, Android, iOS, ойын приставкалары және т.т. – көруге болады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz

???chatBotScript???