Басты бет / Жаңалықтар

ТЖ кезінде бизнес иелері Beeline-нан тегін виртуалды кеңсе алады

9 сәуір 2020 ж., Нұр-Сұлтан қаласы. Beeline корпоративті сегмент клиенттерін карантин мен ТЖ кезінде қолдау мақсатында, оларға виртуалды кеңсе қызметін ұсынды. Жеке меншік білім беру мекемелері өз кезегінде тегін Office 365 қызметіне қоса, қашықтан білім беруге арналған заманауи бұлтты шешімдер алады.

«Қызметкерлер мен клиенттердің денсаулығын және қауіпсіздігін қорғау – әр ұйымның ең басты мүддесі. Бүкіл әлемдегі компаниялар санаулы күнде еңбек режимін қайта құруға, қашықтан жұмыс істеуге және оқытуға жағдай жасауға мәжбүр болды. Біз, қатарында көптеген жеке меншік білім беру мекемесі бар, корпоративті клиенттерді қолдауды және қызметкерлері қай жерден жұмыс істегеніне қарамастан, үнемі байланыста болуы үшін, қашықтан ыңғайлы жұмыс істеуге арналған шешімдерді ұсынуды ұйғардық», - деді Beeline Қазақстанның Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Қабдрахимов.

Beeline корпоративті клиенттерге қашықтан жұмыс істеуге және оқытуға арналған тегін технологиялық құралдарды ұсынды. Жеке меншік мектептер, университеттер, институттар мен тренинг орталықтары әр оқушыға және әр мұғалімге Office 365 бағдарламалар топтамасын және 1 ТБ диск кеңістігін алады. Қашықтан оқу платформасына виртуалды сыныптар амал-шарты, видеосабақтар, интерактивті тақта мен видеоконференциялар кіреді.

Басқа бизнес-серіктестер тегін виртуалды кеңсені – қашықтан және бірге жұмыс істеуге арналған бағдарламалар жинағын 6 айға ала алады.

Бұған дейін Beeline шетелдегі қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамаларын ұсынып, карантин кезіне көрермендерге ТВ топтамаларын толық ашты. Компания қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін мобильді байланыс берді. Дауыстық және интернет трафикті «Әлеуметтік» және «Хабарласу+» тариф жоспарларының барлық қолданушысы алды. Одан бөлек, 286 әлеуметтік ресурсқа тегін қосылу мүмкіндігі ашылды, олардың қатарында әлеуметтік сайттар, білім беру сайттары мен университеттердің ресми ресурстары бар.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. ТВ-таратылымына лицензиясы бар. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz