Менің шексіздігім

Клиенттеріміз видео-қызметтерді, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді бұрынғыдан да көп қолдануда, ал біз оларға қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдеткеніміз үшін қуаныштымыз!

Парақшаларды YouTube, Instagram, Facebook, Vkontakte, Odnoklassniki, Twitch, WhatsApp, Telegram мобильді қосымшаларында қарағанды жақсы көретін жандардың трафигі келесі тарифтік жоспарларда негізгі интернет-топтамадан шығындалмайды:

Тарифтік жоспар

     «Менің Шексіздігім» акциясы

       «Бәрі 1290 promo»

        «Бәрі 1590 promo»

       21.05.2019 жылдан бастап

       Бәрі SБәрі MБәрі L

      1.06.2019 жылдан бастап

YouTube, Instagram, Twitch, TikTok,  Facebook, Twitter, VKontakte, Tinder, Odnoklassniki, Telegram, WhatsApp, Viber және Snapchat ресурстарына шексіз трафик, негізгі абоненттік төлем ұсталған жағдайда, 2020 жылғы 8 қаңтарға дейін беріледі. Шексіздіктер барлық клиентте орнықты, әрі жылдам жұмыс істеуі үшін,  видео ең жоғары жылдамдықта HD сапада (720p қоса алғанға дейін) ұсынылады.

Назар аударыңыз!

- ВКонтакте сервисі мен басқа әлеуметтік желілерде трафиктің екі түрі бар: ішкі трафик – ол шексіз; және аздаған сыртқы – техникалық трафик, баннерлі жарнама, кіру санағыштары, сондай-ақ басқа сайттардың әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланған видеолары (Rutube, Vimeo және басқалары). Мұндай трафик тарифтік жоспардың негізгі топтамасынан шығындалады.

- YouTube сервисінде де трафиктің 2 түрі бар: негізгі ішкі, яғни видеоконтенттің өзі және аздаған сыртқы трафик - баннерлі жарнама, кіру санағыштары, техникалық трафик. YouTube-тегі шексіз трафик ішкі трафикке, яғни көретін видеоңызға беріледі. Ал аздаған сыртқы трафик тарифтік жоспардың негізгі топтамасынан шығындалады, себебі сыртқы трафикты техникалық тұрғыдан YouTube трафигі ретінде есептеу мүмкін емес.

Әлеуметтік желілерді шексіз пайдалану үшін, сыртқы трафик үшін интернет-топтамада МБ қалдығы болуы керек.

Сондай-ақ, егер телефонда VPN, анонимайзер немесе прокси қосылып тұрса және смартфон модем режимінде қолданылса (интернет-трафик таратушыда да, оған қосылған жанда да), әлеуметтік желілерге шексіз трафик берілмейді, трафик негізгі топтамадан жұмсалады.