Басты бет / Науқандар

YouTube Premium, кешбэк және жолдама

YouTube Premium жазылымын рәсімдеп, ақысын үш ай теңгерімнен төлеңіз, кешбэк алыңыз және екі адамға арналған 1 000 000 теңгенің жолдамасын ұту мүмкіндігін иеленіңіз!

YouTube Premium YouTube-тің барлық мүмкіндігін толық ашады!  

✓ Видеоны жарнамасыз және фон режимінде көріңіз;
✓ Интернет жоқ жерлерде көру үшін, видеоларды жүктеңіз;
✓ Сүйікті музыкаңызды YouTube қосымшасында жарнамасыз тыңдаңыз.

Акцияның ережелері:

Акцияға қатысу үшін, Сізге жазылымның ақысын Beeline теңгерімінен төлеу керек. Жазылымды бірінші айда YouTube тегін береді. Әрі қарай ай сайын жазылымның құны алынып, ақшаның бір бөлігі Сізге кешбэк түрінде қайтып отырады. Науқан тек Google Play қолданушыларына арналған.

Егер жазылымға үш ай бойы төлесеңіз, екі адамға арналған 1 000 000 теңгелік теңізге жолдаманың ұтысына қатысасыз.

Кешбэк көлемі ай сайын өзгеріп отырады:

- бірінші ай төлегенде 15%
- екінші ай төлегенде 10%
- үшінші ай төлегенде 5%

Төлем әдісіне мобильді нөміріңізді қосу, содан соң YouTube қосымшасы арқылы жазылымды рәсімдеу қажет.

Акция жеңімпаздары рандомайзер-сервисі арқылы кездейсоқ 20.08.2024 –не дейін анықталады. Ұтыс қорытындысы осы жерде жарияланады және жеңімпазға қоңырау шалып, нәтижесін хабарлайды.

Сұрақтарыңызға жауап береміз:

Жазылымға Beeline теңгерімінен қалай төлеу керек?

Play Market / Google Play-ге кіріп, аккаунтыңызды ашыңыз, ары қарай: "Төлемдер мен жазылымдар" — "Төлеу әдісі" — "Beeline байланыс операторын қосу" — "Қосу".

Жазылым қалай рәсімделеді?

1. Телефон немесе планшетте YouTube қосымшасын ашыңыз.
2. Google аккаунтқа кіріңіз.
3. Профиль фотосын басыңыз.
4. Сынау жазылымын рәсімдеңіз. Егер ол қолжетімсіз болса, «YouTube Premium рәсімдеу» пернесін басыңыз.

Науқанның толық шарттары осында:  YouTube Premium, жолдама, кешбэк