Екпе ал, 5Gb береміз!

2021 жылғы 24 қыркүйек пен 30 желтоқсан аралығында Ashyq QR-кодын «Менің Beeline-ым» қосымшасында сканерлеңіз — Сізді сыйлық күтіп тұруы мүмкін. 

 

Клиенттеріміз не алады: 

green «Жасыл» мәртебе үшін — жауапты азаматқа алғыс айтамыз және 30 күнге 5 ГБ шапшаң интернет-трафик немесе Қазақстандағы басқа мобильді операторлардың нөміріне қоңырау шалуға 50 минут бар.

  «Қызыл» мәртебе үшін — тезірек сауығуыңызды тілейміз, моральдық қолдау көрсетіп, бүкіл BeeTV (ivi-ден басқа) бір айға беріледі.

Қатысу жолы:

•    Мәртебеңізді «Менің Beeline-ым» қосымшасында тексерсеңіз болды: оң жақ жоғарғы бұрыштағы Ashyq пернесін басыңыз. 
•    Талап еткен жерге көрсетіңіз.
•    SMS-хабарлама мен сыйлықты күтіңіз, егер Сізде «жасыл» немесе «қызыл» мәртебе болса.
 

Акцияға кім қатыса алады:

«Екпе ал, 5Gb береміз!» Beeline-ның барлық клиенті қатыса алады:

•    ЖК емес жеке тұлғалар; 
•    Алдын ала төлем жүйесіндегі тарифті қолданатындар (абоненттік төлемі бар әдепкі тариф); 
•    «Сенім төлемі» қызметі бойынша қарызы жоқтар;
•    «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында тіркеліп, сәйкестендіруден өткендер; 
•    Ashyq в «Менің Beeline-ымда» Ashyq функционалын қолданғандар.
 

Назар аударыңыз: қосымшада сәйкестендіруден өте отырып, Сіз жеке куәлігіңіздің деректерін дұрыс ұсынуға жауапты боласыз.

Өз статусымды тексеру


Сұрақтарыңыз бар ма? Жауабын беріп қойдық 😊

 

Гигабайттар мен минуттар Ashyq-ты сканерлеген сайын беріле ме?
«Екпе ал, 5Gb береміз!» гигабайттары, қоңырау шалатын минуттары немесе BeeTV жазылымы тек бір рет беріледі.
 


Неге біреу 5 ГБ енді біреу 50 минут алады? 

Егер Сізде трафигі шексіз тариф болса, гигабайттардың қажеті жоқ. Біз сыйлығымыздың пайдалы болғанын қалаймы 😊 Сол себепті интернеті шексіз тарифті қолданушылар 30 күн Қазақстандағы басқа мобильді операторлардың нөміріне қоңырау шалатын 50 минут алады.

Акция гигабайттары мен минуттарын басқалармен бөлісуге бола ма?  
«Екпе ал, 5Gb береміз!» гигабайттары және Қазақстандағы басқа мобильді операторлардың нөміріне қоңырау шалуға берілген минуттар тек Сізге арналған. Оларды басқалармен бөлісе алмайсыз. Бірақ Beeline нөмірі бар жақындарыңызға Ashyq QR-кодын біздің қосымша арқылы сканерлеуді ұсынсаңыз болады  😊

Beeline-ның бірнеше нөмірін қолданатын болсам, не істеуім керек? 
«Екпе ал, 5Gb береміз!» сыйлығын тек бір рет және бір ЖСН-ге ғана алуға болады. Егер барлық нөміріңіз өз ЖСН-іңізге тіркелген болса және Сіз барлық нөміріңіз салынған смартфондарда Ashyq функциясын біздің қосымша арқылы қолдансаңыз, гигабайттар мен мен минуттар бірінші нөмірге беріледі.    

Егер мәртебе «қызылдан» «жасылға» немесе керісінше ауысса не болады?

Егер науқастанып жүрсеңіз, жазылып, мәртебеңіз «жасылға» ауысқанда, тариф жоспарыңызға 5 ГБ немесе Қазақстандағы басқа мобильді операторлардың нөміріне қоңырау шалатын 50 минутты қосамыз, егер ол уақытқа дейін акция бітіп қалмаса. Ал ауырып жүргенде карантин күндерін сүйікті фильмдер мен телехикаяларды көріп өткізу үшін, BeeTV-ді көруге кеңес береміз. Дертіңізден тезірек айығып кетуіңізді тілейміз! Егер мәртебеңіз жасыл болып, кейіннен «қызылға» айналса, алдымен трафик, содан соң BeeTV-ге қосылу мүмкіндігін аласыз. Сыйлық алған жақсы, дегенмен саулығыңызды тілейміз!

Екпе алған соң, 5G ұстауға болады деген рас па?

Акциямыздың “Екпе ал, 5Gb береміз!” деген атауына баға бергеніңіз үшін рахмет. Біз мәртебесі “жасыл” қатысушылар алатын 5 ГБ интернет-трафикті айтып тұрғанымыз анық. Бірақ 5G технологиясы өмірімізге дендеп енуде. Екпе вирустың салдарын болдырмауға көмектесетіні рас, бірақ 5G желісіне қосылуға мүмкіндік бермейді.

Өз статусымды тексеру