Apple жазғы науқанды іске қосты: енді App Store-дағы ойындар, қосымшалар және жазылымдар үшін Beeline мобильді теңгерімінен төлеуге болады. Енді теңгерім тек байланыс үшін емес, көңіл-күй көтеру үшін де қажет болады.
Неге бұл ыңғайлы?
• Face ID немесе Touch ID арқылы төлем — енді банк карталары, деректер мен құпиясөздерді енгізу қажет емес.
• Қосымша баптаулар жоқ — бәрі App Store ішінде.
• Қаражат бірден теңгерімнен алынады.
Үйде немесе жолда уақытты қызықты өткізуге арналған үздік 4 өнім жинадық:
• TV Streaming Max — жанрлардың кең спектрін қамтитын видеосервис: драма, блокбастер, реалити-шоу, деректі фильмдер және анимация.
• Toca Boca World — балаларға арналған әлемді зерттеу ойыны.
• Brawl Stars — MOBA жанрындағы ойын.
• Roblox — онлайн ойын-платформасы мен ойын жасау жүйесі.
Теңгерім арқылы төлемді баптау үшін:
1. Смартфоныздағы «Баптауларға» кіріңіз.
2. Тіркелгіңізді басыңыз (Apple ID арқылы кіру).
3. «Төлем және жеткізу» бөлімін таңдаңыз.
4. «Төлем әдісін жою» (Remove Payment Method) батырмасын басыңыз.
5. «Төлем әдісін қосу» (Add Payment Method) батырмасын таңдаңыз.
6. «Мобильді телефон» (Mobile Phone) опциясын таңдаңыз.
Төлем әдістерін кез келген уақытта қосуға, өзгертуге және реттеуге болады.