Артқа

Beeline-мен бірге JONY, Say Mo және басқа да керемет іс-шараларға билеттердің ұтыс ойыны!

05.08.2024 - 12.09.2024

Beeline мен Sxodim бірлесіп Алматы, Астана және Шымкент қалаларында өтетін концерттер мен фестивальдерге билеттерді ұтып алуға болатын акцияны іске қосты. Акцияға JONY, GUF, Say Mo мен Мәди Рымбаев сияқты жұлдыздардың жеке концерттері, Михаил Шацтың стендап-концерті, BALAMA x ШАБАШ инди музыка, IQ BBQ ғылым және Craft Beer фестивальдері, Евгений Чебатковтың стендап-концерті және VECTOR FEST, Анны Виленскаяның «От блюза до рока: краткая история англоязычной музыки XX века» лекциясы сияқты түрлі іс-шаралар қатысады.

Қалай қатысуға болады?

5 тамыздан 12 қыркүйекке дейін sxodim.com сайтында Beeline мобильді теңгерімімен кез келген сауда жасаңыз. Саудалар саны неғұрлым көп болса, жеңу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады! Әрбір мобильді нөмір қанша сауда жасаса, сонша рет ұтыс ойынына қатысады. Ұтыс төмендегі күнтізбеге сай рандомайзер арқылы өтеді. Өткізілетін іс-шараларға берілетін билеттердің ұтыс ойындары sxodim.com сайтындағы сатып алу жасалған күндерге тікелей байланысты. Әр шараға 2 билеттен ойнатылатын болады.

Іс-шаралар күнтізбесі:

Іс-шараӨткізілетін күніҚалаСатып алу күніҰтыс ойыны уақыты
VECTOR FEST16–18 тамызАлматы05.08-12.0813.08
GUF концерті16 тамызАстана05.08-12.0813.08
Say Mo жеке концерті24 тамызАлматы13.08 – 20.0821.08
BALAMA x ШАБАШ инди музыка фестивалі24 тамызАлматы13.08 – 20.0821.08
IQ BBQ фестивалі24 тамызАлматы13.08 – 20.0821.08
Мади Рымбаевтың жеке концерті30 тамызАлматы21.08 – 27.0828.08
Михаил Шац: жеке стендап-концерті «Наконец-то»30 тамызАлматы21.08 – 27.0828.08
Анна Виленскаяның «От блюза до рока: краткая история англоязычной музыки XX века» лекциясы11 қыркүйекАстана28.08 – 05.0906.09
Jony Астана20 қыркүйекАстана05.08-12.0913.09
Jony Шымкент21 қыркүйекШымкент05.08-12.0913.09
Jony Алматы22 қыркүйекАлматы05.08-12.0913.09
Евгений Чебатковтың «При всем уважении» стендап-концерті22 қыркүйекАстана05.08-12.0913.09
Craft Beer Fest 2024 фестивалі21 қыркүйекАлматы05.08-12.0913.09

Маңызды!

✓ Болдырылмаған және қайтарылған сауда транзакциялары ұтысқа қатыспайды.
✓ Акция өткізілу барысында бір нөмір тек бір рет қана ұта алады.
✓ Жеңімпаздарды таңдау сәті видеоға түсіріліп, Instagram-дағы «beeline_kz» ресми парақшасында жарияланады.
✓ Ұтыс нәтижелері beeline.kz сайтында жарияланады, ал жеңімпаздар билеттерін электронды түрде алады. Егер жеңімпаз 2 күн ішінде бізбен байланысқа шықпаса, билет резервті жеңімпазға беріледі.
✓ Ұйымдастырушы beeline.kz сайтында жариялай отырып, акция шарттарын біржақты тәртіппен толықтыра немесе өзгерте алады.

Сәттілік тілейміз, концерттер мен фестивальдерде кездескенше!