Қазнет шексіздігімен қазақстандық кез келген интернет-ресурсты, соның ішінде Egov.kz, Zakon.kz, Kundelik.kz, Krisha.kz және Kolesa.kz тәрізді танымал сайттарды 2023 жылғы 31 шілдеге дейін шексіз қолдануға болады.
Мобильді құрылғыдан жаңа мүмкіндікті қолдану үшін, ештеңе істеудің қажеті жоқ: абоненттік төлем ұсталса, шексіздікті Қазақстан Республикасында автоматты түрде қолданасыз (Қазақстан Республикасынан тыс жердегі тарифтелу роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша есептеледі).
Білгеніңіз маңызды!
Шексіз интернет-трафик .kz және .kaz домендеріне аяқталып, Қазақстандағы серверлерде орналастырылған (хостингі бар) сайттарға беріледі. Назар аударыңыз, кейбір сайттарда трафиктің 2 түрі болуы мүмкін, олар: меншікті ішкі – ол шексіз; дәне сыртқы – техникалық трафик, баннерлі жарнама, кіру санағышы, сондай-ақ басқа сайттардан (YouTube, Vkontakte, Rutube, Vimeo тағы басқалары) орналастырылатын видеолар. Шексіздік сыртқы трафикке берілмейді.
Сондай-ақ, телефонда VPN, анонимайзер немесе прокси қосылып тұрса, Қазнетке шексіз трафик берілмейді де, трафик негізгі топтамадан жұмсалады.
Еліміздің сыртында орналастырылған *kz доменді сайттарға тегін қосылуға кепіл берілмейді. Сайттың Қазақстанда орналасқанын тексеру үшін, іздеу жүйелерін (мысалы, Google) қолдануға болады.