Басты бет / «Керемет» тариф жоспарын қалай қосуға болады?

«Керемет» тариф жоспарын қалай қосуға болады?

  • Нөміріңіз бен құрылғыңыздың дұрыс тіркелгеніне көз жеткізіңіз. Нөмір мен құрылғының тіркеуін тексеру үшін, *835# пәрменін теріңіз немесе сілтеме арқылы өтіңіз. 
  • ЖСН-іңізге тіркелген басқа нөмірлерде әлеуметтік тариф жоспарлары қосылмағанына көз жеткізіңіз. Бір адамда жеңілдігі бар бір ғана нөмір болуы керек. Егер «Керемет» тарифін жаңа нөмірге қосқыңыз келсе, ескісінде тариф жоспарын ауыстырыңыз. Қосуға болатын тариф жоспарларымен мына жерде танысуға болады. 
 
Тариф жоспарын қосуға өтініш беру үшін:
  1. 3 құжатты алдын ала дайындаңыз: 
    - жеке куәлігіңіздің сапалы фотосуретін немесе сканерленген көшірмесін; 
    - мектеп берен анықтаманың фото немесе скан-көшірмесін. Анықтама, тариф жоспарын қосу өтінішін беретін күннен бір ай мерзімнен бұрын берілмеген болуы керек. 
    - осы құжаттарды қолыңызға ұстап тұрған, анық түскен, электронды фотосуретті;
  2. Тарифті қосқыңыз келетін нөмір салынған телефонды алдыңызға қойыңыз (ол дұрыс сәйкестендіру үшін керек: нөмірге хабарлама келеді); 
  3. Таңдаған нысаныңызда аты-жөніңізді, 12 таңбалы ЖСН-ді және телефон нөмірін көрсетіп, 3 құжатты JPEG, PNG, PDF немесе WORD форматында жеке-жеке файл түрінде тіркеңіз (бір файлдың көлемі 3 МБ-дан аспауы керек);
  4. Өтініштің қарастырылғанын күтіңіз:
    – егер құжаттарыңыз дұрыс болса, Сізді 3 жұмыс күні ішінде «Әлеуметтік» тариф жоспарына қосады;   
    - егер қандай-да бір сұрақтар болса, жұмыс күні сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін өтініште көрсетілген нөмір арқылы Сізге хабарласамыз; 
    - құжаттарыңыз сәйкес келмесе, өкінішке қарай, Сізге тариф жоспарын қоспауы мүмкін;  
    - егер үш жұмыс күні ішінде тариф жоспары Сізге қосылмаса және Сізге ешкім қоңырау шалмаса, 0611 нөмірі арқылы Call Center-ге хабарласуыңызды өтінеміз.