- Осы бетте өз нөміріңізді және Beeline-ға шақырғыңыз келетін досыңыздың нөмірін енгізіңіз.
- Сіздің шақыртуыңыздан кейін досыңыз нөмірін Beeline-ға ауыстырады (көшіру қызметі арқылы).
- Досыңыздың нөмірі ауысып, оның бірінші абонтөлемі алынғаннан кейін, Сіз екеуіңіз де бонустар аласыз.
Акцияға қалай қатысуға болады?
Осы бетте өз нөміріңізді және басқа мобильді оператордың қызметін пайдаланатын досыңыздың нөмірін қалдырыңыз. Егер қазіргі Beeline абонентінің нөмірін жазсаңыз, өкінішке орай, ештеңе өзгермейді 🙂 Содан кейін Сіздің досыңыз нөмірін Beeline-ға көшіру арқылы акцияға қатысуын растайды. Тариф бойынша алғашқы абоненттік төлемі алынғаннан кейін Сіз екеуіңіз де бонус аласыздар. Бонустардың есептелгені туралы біз міндетті түрде SMS арқылы хабарлаймыз.
Досым Beeline-ға нөмірін қалай ауыстыра алады?
Нөмірді тез және оңай ауыстыруды Janymda (бұрынғы «Менің Beeline-ым») қосымшасы арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін қосымшаны жүктеп, «Beeline абоненті болу» бөлімін таңдап, нұсқауларды орындау қажет. Сондай-ақ, досыңыз жақын орналасқан қызмет көрсету кеңсесіне бара алады. Кеңселердің мекенжайларын осы жерден көре аласыз.
Мен қандай бонус аламын?
Егер Сізде шексіз интернет тариф жоспары болса, Сіз теңгерімге 2000 тг кешбэк аласыз. Оны тек келесі абоненттік төлемге 35 күн ішінде пайдалануға болады.
Егер Сізде басқа тариф болса, 7 күнге 20 ГБ есептейміз. Алдымен бонустык трафик жұмсалады, содан кейін ғана тариф бойынша трафик.
Ең кереметі: бонустар екі қатысушыға да беріледі – Сізге және шақырылған досыңызға. Бірақ бір ерекшелік бар: егер Сіздің досыңыз «Премиум Отбасы» отбасылық тарифінің қатысушысы ретінде қосылса, бонус тек шақырушыға, яғни Сізге ғана есептеледі.
Қанша досымды шақыра аламын?
Біз Сіздің барлық достарыңызды қуана қарсы аламыз, бірақ бонустар максимум 3 шақырылған дос үшін беріледі.
Бонустарды қашан аламын?
Бонустар досыңыз Beeline-ға нөмірін сәтті ауыстырып, бірінші абоненттік төлемі алынғаннан кейін 3 күн ішінде есептеледі. Бонустардың берілгені туралы SMS арқылы хабарлаймыз.
Досым кез келген тарифтік жоспарды таңдай ала ма?
Иә, досыңыз нөмірін ауыстырған кезде Beeline-ның кез келген тариф жоспарын таңдай алады. Бәрі оның жеке қалауына байланысты.