Қашықтан жұмыс істеу:
Beeline тәжірибе бөліседі
BeFlex жобасы.

 

Beeline қашықтан жұмыс істеу тәжірибесін екі жылдан аса жүргізіп келеді. Компанияның 2500-ден аса қызметкері BeFlex жобасымен кеңседен тыс жерде тұрақты жұмыс істейді.

BeFlex – СЕНІМ,
ЕРКІНДІК ЖӘНЕ
ЖАУАПКЕРШІЛІК

BeFlex 2.0

97% қызметкер онлайн

Ашылуы

Бағдарлама бүкіл компанияда
тұрақты түрде іске қосылды (01.05.2018г)

Бүкіл компанияда сынау

6 ай (01.11.2017ж-30.04.2018ж)
14 филиал мен ШП

Сынау

2 ай (05.06.2017ж-31.07.2017ж)
2 қала (Астана мен Өскемен)

Қашықтан жұмыс істеу қағидаттары

ҚЫЗМЕТКЕР 
 
 
  • Тапсырмалардың орындалу мерзімін сақтайды
  •  
  • Үнемі байланыста болуын қамтамасыз етеді
  •  
  • Бағдарлама ережелерін сақтайды
ЖЕТЕКШІ  
 
 
  • Тапсырмаларды және олардың мерзімін қояды
  •  
  • Тапсырмалардың орындалуы мен жұмыс кестесін қадағалайды
  •  
  • Өндіріс қажеттілігі туындаса немесе қызметкер ереже бұзса, қызметкерді стандартты жұмыс режиміне көшіруге құқылы

Біз қандай нұсқаларды қолданамыз

Кеңседегі жұмыс (100%)

 

Кеңседегі бекітілген жұмыс орындары
Клиенттермен, архивтермен және қағаз құжаттармен жұмыс істеу

Икемді кесте және қашықтан жұмыс істеу (50/50)

 

Мобильді жұмыс орнын пайдаланады
Көзбе-көз сөйлесу қажет қызметкерлер

Қашықтан жұмыс істеу(100%)

 

Digital-функционалы бар қызметкерлер: сарапшылар, АТ және басқалары
Кеңседе болуы қажет емес

Пайдалы кеңестер

ДҰРЫС КӨҢІЛ-КҮЙ

Мұның демалыс, жұмыстан босатылған күн емес, бұрынғыдай жұмыс күні екенін, тек жұмыстың қашықтан орындалатынын түсіну керек .

ЖҰМЫСҚА БАРАТЫНДАЙ ЖИНАЛЫҢЫЗ

Жұмыс істеген ыңғайлы болатындай, сонымен қатар видеоқоңырауға жауап бера алатындай киініңіз.

ЖҰМЫС ОРНЫҢЫЗДЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫҢЫЗ

Жұмыс кеңістігі, жұмыс үстелі, орындық ыңғайлы болсын.

ДИВАНДА ЖҰМЫС ІСТЕМЕҢІЗ

Бұл босаңсытады да, ойыңызды жинақтауға кедергі келтіреді

ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗДЫ ОЙЛАҢЫЗ, ҮЗІЛІСТЕР ЖАСАП ТҰРЫҢЫЗ

Шағын жаттығулар жасаңыз, суді көбірек ішіңіз, пайдалы ас жеуге тырысыңыз және бөлмені жиі желдетіп тұрыңыз.

ЖЕКЕ ӨМІРІҢІЗ БЕН ЖҰМЫСЫҢЫЗДЫҢ АРА ЖІГІН АЖЫРАТЫҢЫЗ

Отбасыңызбен, туыстарыңызбен келісіп үйрену маңызды, сіздің жұмыс уақытында үйде жүргеніңіз сөйлесу мәнерін өзгертуді талап ететінін түсіндіріңіз.

МУЗЫКА ФОНЫН ТАҢДАП АЛЫҢЫЗ

Музыкалық шығармаларды тыңдау жұмыстың тиімділігін көтеруге және көңіліңізді түсірмеуге көмектеседі.

МАҢЫЗДЫ ІСТЕРГЕ КӨҢІЛ ҚОЙЫҢЫЗ

Көптеген жанға көңіл қоюдың ең басты міндеті – барлық жазбаларды, жоспарларды, атқарымдарды бір жерге жинау. Назарыңызда барлық істі ұстауға көмектесетін құралдар – Trello, Confluence, JIRA.

КЕСТЕНІ САҚТАҢЫЗ

Өзіңізге кесте құрып алыңыз және оны сақтауға тырысыңыз. Бұл істе Сізге смартфондағы «жадынамалар» көмектеседі.

КОМАНДАМЕН БАЙЛАНЫСТА БОЛЫҢЫЗ

Тұрақты қоңыраулар мен видеоконференциялар, әріптестермен байланыста болыңыз. Көптеген қосымша жұмыс үдерісінен алмауыңызға көмектеседі. (Trello, Skype4bussines, Zoom, BlueJeans).

СЕРГЕК БОЛЫҢЫЗ

Жедел жаттығу жасаңыз, дене шынықтыру көңіл-күйді көтеріп, тиімділікті арттырады, күш береді.

СІЗДІҢ КЕҢСЕҢІЗ –СІЗДІҢ КОМПТЮТЕРІҢІЗ

Құпиялық және ақпаратты қорғау ережелерін сақтаңыз. Wi-Fi мен компьютеріңізді кілт сөздермен қорғаңыз және антивирусты жаңартуды ұмытпаңыз.

ЖЕКЕ ӨМІРІҢІЗДІ ҰМЫТПАҢЫЗ

Қашықтан жұмыс істеудің ең басты кемшілігі – жеке өмір мен жұмыс шекарасының жойылатыны. Сондықтан демалысты жоспарлау аса маңызды – тіпті барлық ойын-сауық үйде болса да.

Қашықтан жұмыс істеу ережелері

Жұмыс сағаттарында байланыста болыңыз

телефон және Skype арқылы келген қоңырауларға бірден жауап беріңіз

Сыпайы болыңыз

Келіссөздер кезінде артық дыбыстың болмауын қадағалаңыз

Конференция кезінде видеоны қосыңыз

Skype және басқа мессенджерлерде «онлайн» режимін қойыңыз

Ікерлік әдепті сақтаңыз

Клиенттерімізбен және әріптестермен сөйлесу барысында

Өтініштерді бірден өңдеңіз

Шұғыл мәселелерді шешкенде оперативті болыңыз

Қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру вебинары

Қатысушылар вебинардан білді:
 

Қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеуге қалай көшіруді
Қашықтан жұмыс істеудегі АТ шешімдерді
Жоспарлау және қадағалау құралдарын
Тиімді коммуникацияларды
Ережелерді, Лайфхактарды
Сенуді немесе қадағалауды

Персоналды басқару директоры Тахмина Кодири мен Өзгерістер және ақпараттық технологиялар директоры Шаравар Алексейдің вебинарына қатысушылар осы және өзге де тақырыптарды талқылады.
 

Қашықтан тиімді жұмыс істеу үшін, оқып шығуға кеңес береміз

Remote. Офис не обязателен

Джейсон Фрейд и Дэвид Х. Хенссон

Победи прокрастинацию

Петр Людвиг

Режим гения. Распорядок для великих людей

Мейсон Карри

Принципы

Рэй Далио

BeFlex бізге не берді:

ҚЫЗМЕТКЕРГЕ 
 
 
  • Біз жеке өмір мен жұмыс тепе-теңдігін сақтауды үйрендік
  •  
  • Уақыт үнемдеу мүмкіндігі ашылды(жолда жүруден, кеңседегі түскі астан)
  •  
  • Қосымша уәждеме
КОМПАНИЯ ҮШІН 
 
 
  • Сенуді және өкілеттік беруді, жауапкершілікті қабылдауды үйрендік
  •  
  • Кеңсе орынайларының ауданын қысқарттық
  •  
  • Географиясына қарамастан, дарындыларды тарттық
  •  
  • Кетіп қалуы мүмкін дарындыларды сақтап қалдық
  •  
  • Брендті бұрынғыдан да тартымды еттік
  •  
  • Үдеріске емес, нәтижеге көп мән беретін болдық

Әріптестердің пікірлері

Beeline қызметкерлерінің кеңестері: әріптестеріміз тәжірибесін бөліседі
опытом

 

Жаңа BeFlex қашықтан жұмыс істеу бағдарламасы туралы Beeline Kazakhstan қызметкерлерімен сұхбат.