Тұңғышбек Батталханов
«TNS Plus» ЖШС Бас директоры
Өмірбаяны
Батталханов Тұңғышбек 1972 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. 1994 жылы Алматы энергетикалық институтының «Радиотехника және байланыс» факультетін үздік бітірген. Өндірістік еңбек жолын 1993 жылы «КазТелеком» Алматы МТҚ инженері болып бастаған.
«Болашақ» Президенттік оқу бағдарламасы бойынша 1997 жылы «Телекоммуникация және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша Universitaire de Technologie Nancy (Франция) бітірді. Перпиньян қаласында France Telecom техникалық пайдалану тобының инженері болып жұмыс істеді.
2000 жылы Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетін «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірген, корпоративтік менеджмент бойынша International Academy of Business MBA дәрежесі бар.
Қазақстанға оралғаннан кейін 1997 жылдан бастап 2006 жылға дейін маркетинг департаментінің өнімдер жөніндегі менеджерінен «Қазақтелеком» ААҚ-ның атқарушы директорына дейінгі жолдан өтті. 2005 жылы «Қазақтелеком» ААҚ филиалының үздік қызметкері болып танылды.
2006 жылы «Кар-тел» ЖШС техникалық директоры лауазымына шақырылды. 2008 жылдың қорытындысы бойынша үздік жетістіктері үшін «ВымпелКом» компаниясының тобында «Бриллиантовая пчела» марапатына ие болды. 2009 жылы Golden Telecom Kazakhstan («СА-ТЕЛКОМ» ЖШС) Бас директоры лауазымын қоса атқарды.
2010 жылдан 2013 жылға дейін «Кар - тел» ЖШС Бас директорының бірінші орынбасары-техникалық директоры лауазымында жұмыс істеді, сондай-ақ «КаР-тел» ЖШС коммерциялық директоры және бас директоры міндеттерін атқарды.
2013 жылдың екінші жартысынан бастап «2Day Telecom» ЖШС және «TNS Plus» ЖШС Бас директоры болып жұмыс істейді.
Үйленген, екі баласы, ұлы және қызы бар. Спорт, музыка, тарихи шығармаларды оқумен қызығады және спорт жанкүйері.