Тахмина Кодири
Адамдарды және ұйымдық дамуды басқару директоры
Компанияға ең дарынды жандарды тарту үшін, біз әр қызметкер өз әлеуетін көрсете алатын және іс барысында өзіг бақытты сезінетін ішкі ортаны қалыптастыруға тырысамыз. Мықты әрі сындарлы корпоративті мәдениет – бізді көшбасшылыққа жетелейтін жол.
2018 жылы Тахминаның Beeline Қазақстанға келуімен компанияның бизнес-стратегиясына «Мәдениет және адамдар» стратегиялық мақсатын енгізілді, сондай-ақ Beeline адамдармен жұмыс істеудегі озық тәжірибелері үшін нарықтағы үздік жұмыс беруші деп танылды.
Тахминаның басшылығымен 2018 жылы компанияда қашықтан жұмыс істеу және икемді жұмыс кестесін енгізу іс-тәжірибелері басталды. Пандемияның басында «қашықтан жұмыс істеуге» еш қиындықсыз көшті және қызметкерлердің шамамен 50%- ы осы режимде жұмысын жалғастыруда, олардың көпшілігі әртүрлі қалалар мен елдерде, ал кадрлық құжат айналымының 100%-ы digital-форматта жүзеге асырылуда. Пандемия кезінде басталған «Бақыт әкелеміз» жобасы бірнеше қазақстандық және халықаралық сыйлыққа ие болды.
2020 жылдан бастап компанияда Reskilling&Upskilling бағдарламалары ойдағыдай дамуда: Beeline қызметкерлері жұмыс істей жүріп, бағдарламалау, Quality Assurance, RPA, frontend-әзірлеу, digital-маркетинг және Big Data-талдау сияқты сұранысқа ие және жоғары ақы төленетін digital-кәсіптерге қайта оқытылуда.
2022 жылы компания hh.kz пен Manpower кадр агенттігінің HR-бренд сыйлығының нұсқасы бойынша үздік жұмыс беруші деп танылды және топтың стратегиясын орындауды қолдайтын бірегей мәдениет пен ұйымдық құрылымды құрғаны үшін VEON-ның марапатына ие болды.
Тахмина төрт елде 30 жыл еңбек еткен, оның 16 жылдан астамы персоналды басқару саласында. Ол Erickson Coaching International сертификатталған жаттықтырушысы, қайта құру бағытындағы сертификатталған тәжірибелі маман (CRP) және бизнес жаттықтырушы. Beeline-ға дейін Тахмина әртүрлі бағытта: маркетинг, сату, консалтинг, аудит және стартаптар салаларында қызмет етті.
Мақалалар:
Forbes.kz: Компанияның корпоративті мәдениеті мен құндылықтары туралы
HH.kz: Қызметкерлерге арналған ерекше мүмкіндіктер, процестер және жетістік құпиялары туралы
WeProject: Корпоративті мәдениет қалыптсатын қағидаттар мен менеджмент туралы
STEPPE: Еңбек жолы, қызметкерлерге арналған икемді жұмыс кестесі және келешектегі мәдениет туралы
The Village: Компанияның жаңа белестерді қалай бағындырып, ІТ-мамандарды қалай дайындайтыны туралы