Рауан Қабдрахимов
Сату және клиенттік сервис бойынша коммерциялық директор
Өмірбаяны
Рауан Қабдрахимов 1985 жылы 24 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақсу ауылында дүниеге келген. 2007 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «көп арналы телекоммуникациялық байланыс жүйелері» мамандығы бойынша бітірген. Назарбаев Университетінің EMBA дәрежесі бар.
2006 жылы еңбек жолын Petrom S. A. компаниясының Қазақстандағы филиалында (мұнай компаниясы) қаржы директорының ассистенті болып бастады.
2007 жылы Рауан Алматы филиалының Корпоративтік сату қызметінде Beeline Қазақстан командасына кіші және орта бизнесті сату бойынша маман лауазымында қосылды. 5 жыл ішінде шағын және орта бизнестегі сату маманынан бастап негізгі клиенттермен жұмыс істеу бөлімінің басшысына дейін өсті.
2013 жылдың қараша айынан бастап Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік сату дирекциясын басқарды.
Үйленген, қыз бен ұл тәрбиелеп отыр. Тенниспен айналысады, белсенді демалыс түрлерін ұнатады.