Олег Снимщиков
Техникалық директоры
Өмірбаяны
Алматы қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін, содан соң Халықаралық Бизнес Академиясын бітірген. Қазір Алматы Менеджмент Университетінде және Маастрихт Менеджмент Мектебінде оқып жүр.
Beeline компаниясына 2000 жылы Өндірістік-Техникалық бөлім инженері лауазымына келді. 2001-2002 жылдары сол кезде телекоммуникация нарығына жаңа қадам басып келе жатқан Huawei компаниясының Қазақстандық өкілдігінде жұмыс істеді. 2002 жылы Beeline Казахстан Радиожоспарлау бөлімінің инженері лауазымына қайтып келді. 2003 жылдан қазірге дейін Радиожоспарлау бөліміне, Желіні дамыту қызметіне, Техникалық дирекцияға жетекші болды.
2017-2018 жылдары «2Day Telecom» ЖШС-нің Техникалық қызметін басқарды.
Отбасылы, ұлы бар. Спортқа, саяхаттауға, кітап оқуға, білім алуға әуес.
