Максим Цвыков

Маркетинг директоры

 

Өмірбаяны

Максим Цвыков 1987 жылы 16 сәуірде Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Қырғыз-Ресей Славян университетінің «Экономика» факультетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.

Өзінің еңбек жолын 2008 жылы «M-Vector» консалтингтік агенттігінде бастады, онда маркетингтік және әлеуметтік зерттеулер жүргізуге жауапты болды.

2010-2012 жылдары Қырғызстанда Beeline-да мақсатты маркетинг бойынша менеджер лауазымында жұмыс істеді.

2012 жылы Beeline Қазақстан командасына мақсатты маркетинг бағытының жетекшісі ретінде қосылды. 2013 жылдың басынан бастап 3 жыл бойы Баға қызметін басқарды және тарифтік жоспарлар мен қосымша қызметтер портфелін сәтті басқарды.

2015 жылы бұқаралық нарықтағы Баға ұсыныстарын басқару жөніндегі директор лауазымына тағайындалды. Бірнеше жыл ішінде ол компанияның кірістілігі мен кірісін арттыру бойынша бірқатар стратегиялық жобаларды жүзеге асырды.

2019 жылдың шілде айынан бастап Маркетинг жөніндегі директор лауазымына тағайындалды.

Үйленген, музыкамен, велоспортпен, сноубордпен және автоспортпен қызығады.