Евгений Настрадин
Бас атқарушы директоры
Өмірбаяны
Евгений Настрадин 1975 жылы 4 сәуірде дүниеге келген. 1995 жылы Кременчуг азаматтық авиация ұшу училищесін «ұшқыш» мамандығы бойынша бітірді, содан кейін оқуын Кировоград азаматтық авиация ұшу училищесінде «инженер-ұшқыш» мамандығы бойынша жалғастырды. 2014 жылы Одесса ұлттық политехникалық университетінің «Кәсіпорын экономикасы» мамандығы бойынша дипломын алды.
Евгений өзінің еңбек жолын 1997 жылы Одесса қаласындағы «Japan Tobacco International» (JTI) ЖАҚ-да бастады.
2005 жылдан 2008 жылға дейін «Астелит» ЖАҚ (Украинадағы Turkcell филиалы) компаниясында сатуды жоспарлау және дистрибуция дивизионының бастығы болып жұмыс істеді. 2008 жылдан 2009 жылға дейін «БеСТ» ЖАҚ (Белоруссиядағы Turkcell филиалы) Абоненттерге қызмет көрсету жөніндегі директоры болды. 2009 жылы «Вижн ТВ» ЖШҚ (Viasat, Украина) коммерциялық директор лауазымына шақырылды. 2010 жылдан бастап Украинадағы ОТР Банк Басқармасының мүшесі.
2013 – 2016 жылдары «Домашнее деньги» ЖШҚ коммерциялық директоры болды.
2016 жылдың ақпан айында Қазақстаннан Beeline компаниясынан шақырту алып, бұқаралық нарықты дамыту жөніндегі Коммерциялық директор болып тағайындалды.
2019 жылдың 1 ақпанынан бастап Евгений Beeline Қазақстан компаниясының Бас атқарушы директоры қызметіне тағайындалды.
Үйленген, екі баласы бар. Дайвинг, шаңғы, ұшақты басқарумен әуестенеді.
