Басты бет / Біз туралы / Басшылық / Елена Мухсинова

Елена Мухсинова

Корпоративті коммуникация директоры

«PR жұмысы көп жағдайда медиа жұмысына ұқсас. Біздің міндетіміз – компания абоненттеріне ғана емес, бүкіл қазақстандық үшін пайдалы әрі шабыттандыратын контент жасау және оны тиімді тарату»

 

Елена командасымен бірге компания және телеком-индустрия туралы пайдалы контент жасап, оны халыққа жеткізеді, Beeline компаниясының Қазақстандағы цифрлық алшақтықты жоюға қосқан үлесі туралы айтады және компанияның үздік корпоративті тәжірибелерін сыртқы аудиторияға мәлімдейді.

Еленаның жетекшілігімен PR-дирекция The Pen медиа клубын ашты, онда журналистер мен басқа да цифрлы контент авторлары пандемиядан кейінгі әлемнің медиа трендтерін және келешек мүмкіндіктерін талқылайды. Beeline-ның ішкі бренд-амбассадорлар бағдарламасы 100-ден астам корпоративті блогер шығарды және "Жұмыс берушінің имиджі" санатында Халықаралық Embras сыйлығының алтынын алды.

Еленаның қызмет жолы Xerox компаниясында басталды, онда ол 6 жыл ішінде Қазақстандағы Маркетингтік коммуникация маманынан, сол кезде ТМД мен Балтық өңірінің 21 елі кіретін Xerox Eurasia кластерінің марком-менеджеріне дейінгі сатылардан өтті. 2013-2014 жылдары Tele2 Қазақстан PR-департаментін басқарды. Одан кейін Microsoft CIS-ке Communications Lead ретінде шақырылып, 3 жыл ішінде ТМД-ның 9 елінде IT және STEM-дегі digital skills, киберқауіпсіздік және гендерлік теңдік қағидаттарына қатысты ақпараттық науқандарды сәтті өткізді. Кейінірек KPMG Central Asia-да Head of Markets лауазымын иеленіп, маркетинг, коммуникация және digital-құралдардға назар аудара отырып, бизнесті дамыту функцияларын қайта құрды.

Елена Омбы мемлекеттік техникалық университетінің «қоғаммен байланыс» және «ағылшын тілі» мамандықтарын бітірді, ICF институтының (CCE) командалық жаттықтырушы сертификатына иеленген және коммуникациялар бойынша тренингтер жүргізеді. Командасы мен айналасындағылардың құндылығына, контент& all things digital күшіне сенеді.

Мақалалар:

PR Drive: PR жұмысының бизнеске әсері туралы