Басты бет / Біз туралы / Басшылық / Дулат Оразалинов

Дулат Оразалинов

Үкіметтік құрылымдармен жұмыс және реттеу мәселелері директоры

GR функцияның негізгі міндеттерінің бірі — клиенттердің, бизнестің және еліміздің мүдделері синергиясын қамтамасыз ету.

 

Дулат Сұлтанұлы 2013 жылдан бастап компанияның бүкіл қызметінің еліміздің деңгейіндегі синергиясын қамтамасыз етуге жауапты Реттеуші және құқықтық мәселелер дирекциясын басқарады. Командасымен бірге ол реттеуші мемлекеттік органдармен және нарықпен өзара байланыса отырып, маңызды мәселелерді көтереді, нормативтік, заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар жасайды және стратегиялық шешімдерді қабылдайды. Дулат Сұлтанұлының сүйікті дәйексөздерінің бірі: «GR-менеджердің рөлі — дауды емес, диалогты ұйымдастырушы. Біздің міндетіміз - барлық аудиторияның мүддесін ортақ шешімге келтіру және реттеушімен бірге абоненттер үшін байланыс қызметтерін жақсарту».

Дулат Сұлтанұлы компанияда жұмыс істеген жылдары команда оның басшылығымен бірқатар оң өзгерістерге қол жеткізді, нәтижесінде телеком-саланың нормативтік-құқықтық базасы жетілдіріліп, елдегі инвестициялық ахуал жақсарды.

1986 жылы Дулат Сұлтанұлы Мәскеу электротехникалық байланыс институтын, ал 1993 жылы Мәскеу техникалық байланыс және ақпарат университетінің аспирантурасын бітіріп, техника ғылымдарының кандидаты және зерттеуші инженер дипломдарын алды. Кәсіби мансабын бастағаннан кейін ол әртүрлі салада: ғылым, жеке сектор және мемлекеттік құрылымдарда тәжірибе жинады. Атап айтқанда, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, Премьер-Министр кеңсесінде және ҚР Президенті Әкімшілігінде еңбек етті.

6 жылдық үзілістен кейін 2005 жылғы шілдеде Дулат Beeline Қазақстанға оралып, Бас директордың бірінші орынбасары лауазымын алды. 2010 жылдан бастап Компанияның стратегиялық даму мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі бас сарапшысы болды, ал 2013 жылдан бастап Beeline Қазақстанның Реттеуші және құқықтық мәселелер дирекциясын басқарды. Мемлекеттік және салалық марапаттарға ие. «Ерен еңбегі үшін» медалі және «Құрметті байланысшы» құрмет белгісі бар.