Әділ пайдалану саясаты

Жиі қойылатын сұрақтар

Біздегі деректер бойынша, Beeline клиенттерінің 99% интернет-трафикті оңтайлы пайдаланады және оларда шектен тыс шексіз тарифтер мен қызметтерді пайдаланғаны үшін жылдамдық азаймайды. 
Егер Сізде интернет жылдамдығы азайса, демек Сіз, тұтынылған трафик көлемі шегіне жеткен 1% қолданушылар қатарына жатасыз. Уайымдамаңыз, интернет бұрынғыдай тарифтелмейді және Сіз оны шексіз пайдалана аласыз. Бұл ретте біз әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді ыңғайлы пайдалану және интернет-серфинг үшін жылдамдықты сақтауға тырысамыз.
 

Жылдамдық тарифтің немесе қызметтің келесі абоненттік төлемі алынып, топтамалар берілгенге дейін шектеледі.

Егер Сіз мобильді интернет-трафик көлемін мөлшерден көп қолданбасаңыз, жылдамдық айырмашылығын байқамайсыз. Шамадан тыс тұтыну белгілері: мобильді интернет қызметін жеке мақсаттан тыс қолдану, модем режимінде интернетті өте көп тарату, торренттерді/р2р хаттамаларды, ағынды аудио-/видеоконтентті шамадан тыс пайдалану және басқалары.