Басты бет / sim-managment

Ол не?

SIM manegement – «ақылды» (IoT) құрылғылардағы SIM-карталарды бірыңғай онлайн-платформамен қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін сервис. IoT құрылғыларды басқаруға қажет қаржыңызды және басқа ресурсыңызды үнемдеңіз.

Бизнес үшін тиімділігі

Тәулік бойы бақылау

Сіз sim-карталарыңыз тұтынатын трафикке 24/7 режимінде қол жеткізе аласыз, оларды бұғаттауға/бұғаттан босатуға, мәліметтерін талдауға, хабарландыру мен ережелерін баптауға болады.

Деректерді сенімді қорғау

Мақсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін, әр SIM-картаны белгілі бір құрылғыға тіркеңіз.

Тарифтерден үнемдеу

Егер таңдаған тарифіңіз талаптарыңызға сәйкес келмейтінін түсінсеңіз, оны қолайлы тарифке жеке кабинетте өзіңіз ауыстыра аласыз.

Шығындарды оңтайландыру

Құрылғыңыз істен шықты ма, әлде мәселе орнатылған SIM-картада ма біліп жүресіз.

Біздің сервис Сізге керек, егер

  • Жабдығыңыздағы Sim-карта негізінен мәліметтерді жіберуге қолданылса
  • Сіз Sim-картаны құрылғылар арасында деректерді жіберу құралы ретінде қолдансаңыз
  • Жабдықтағы Sim-картаның тұтынуына мониторинг жүргізгіңіз келсе
  • Мобильді интернетке кететін шығындарыңызды оңтайландырғыңыз келсе

Іске асыру үлгілері

Anytime каршеринг

Компания туралы

Anytime каршеринг – автокөлікті минуттап жалға беру сервисі.

Шешім

Сервис автокөліктерді мобильді телефон арқылы жалға береді, сондықтан оның жұмысында автокөлікпен үздіксіз әрі сапалы мобильді байланыс болуы аса маңызды. IoT басқару орталығы деректерді нақты уақыт режимінде қадағалауға және туындаған мәселеге жылдам шешім шығаруға мүмкіндік береді.

Нәтиже

Алғашқы маңызды жеңіс – байланыс шығындарын оңтайландыру. Икемді әрі тиімді топтамаларды таңдауға болады, ол шығындарды айтарлықтай азайтады. Бұл ретте, осының бәрі жеке кабинетте бір-екі пернені басу арқылы жүзеге асады, барлық көліктегі SIM-карта жедел басқарылады.

M-Life күзет агенттігі

Компания туралы

Anytime каршериніг – автокөлікті минуттап жалға беру сервисі.

Шешім

ІоТ басқару орталығы жабдықтың ақауын, байланыс үзілісін және сессияларды бақылау тәрізді басқа да техникалық мәселелерді, сондай-ақ жіберілген ақпарат көлемін анықтауға көмектеседі.

Нәтиже

Байланыс шығындары екі есе қысқарды. Жабдықтардың белсенділігін, сондай-ақ бір бақылау аспабындағы трафик шығынын қадағалауға қол жеткізіп, сатып алынатын трафик көлемін қысқартуға мүмкіндік алдық, ал үнемделген қаражатты бизнесті ары қарай дамытуға және кеңейтуге жұмсадық.

МӨЭК (Маңғыстау өңірлік электржелісі компаниясы)

Компанииһя туралы

«МӨЭК» АҚ Маңғыстау облысында электр қуатын беру және бөлу қызметтері нарығының басым бөлігін иеленеді. «МӨЭК» АҚ желілерімен тасымалданатын электр қуатының тоқсан пайызын өңірдегі мұнай өндіруші компаниялар тұтынады.

Шешім

IoT басқару орталығы электр қуатын тұтынуды есептейтін санағыштардың деректерін жіберуге қолданылады.

Нәтиже

Болашақта мұндай шешім сатып алынған трафиктің шығындарын едәуір азайтуға, тұтынылатын электр энергиясы туралы деректерді беру процесін жеделдетуге және техникалық ақаулар туралы деректерді жедел алуға көмектеседі.