Әріптестеріңізді чатқа немесе жиналысқа шақыру үшін,
қоңырау шалу үшін немесе ортақ жобалармен бірге жұмыс
істеу үшін бірыңғай кеңістікті пайдаланыңыз – қай жерде
жүргеніңіз маңызды емес.
Пікіріңізді қалыптасқан мәнеріңізде айтыңыз. Топтық чатта немесе
жеке хабарламада сыйлықтар, стикерлер мен эмодзилер жіберіңіз.
Пернені бір басу арқылы топтық чаттан видеоконференцияға әпсәтте
ауысыңыз. Конференц-залыңыздың көлеміне қарамастан, 10 немесе
10 мың адамға жиналыс ұйымдастырыңыз.
Енді Сізге «кім жаңа ғана бізге қосылды?» деп сұраудың қажеті
болмайды. Конференц-байланыстың ыңғайлы жүйесін жолға қою
үшін, Teams қоңырауларды, телефон жүйесін, тариф жоспары мен тура
бағыттауышты пайдаланыңыз.
Файлдарды тиімсіз іздеуге уақытыңыз бен жүйкеңізді құртқаныңыз
жетер. Teams-пен Word құжаттар, PowerPoint слайдтар, Excel файлдар
әрдайым қолыңызда болады, әріптестеріңізбен нақты уақыт
режимінде оларды бірге қарай аласыз.