-
SCPC (Single Channel Per Carrier) технологиясы - SCPC Абоненттік станциялары тәртіптемесінде жұмыс істейтін екі Жерсеріктік Байланыстың Жер Станциялары (ЖБЖС) арасындағы бөлінген байланыс арнасы.
Қосымша ақпарат
SCPC (Single Channel Per Carrier) технологиясы - SCPC Абоненттік станциялары тәртіптемесінде жұмыс істейтін екі Жерсеріктік Байланыстың Жер Станциялары (ЖБЖС) арасындағы бөлінген байланыс арнасы. Мұндай арнада әрбір станция (ДС) бекітілген салмақты береді, оны басқа бір ДС қабылдап алады. Мұндай арна кез-келген ассиметриялықта болуы мүмкін.
SCPC технологиясы желі абоненттерінің арасында тікелей арнаны ұйымдастыруға мүмкіндік береді (орталық станцияға өтпестен), бұл – жоғары сапалы дауыстық байланыс қызметін (VoIP) көрсету үшін өте маңызды болып табылады, ал клиенттің ДБ желісінің трафигін клиенттің қосымша құрылғыларынсыз беру – клиенттің толығымен оқшауланған желісін құруға мүмкіндік береді.
SCPC айқын жерсеріктік арналарын қолдану – жерсеріктік желіде берілетін трафиктің едәуір көп көлемдерімен тиянақталған бағыттар болған жағдайда, экономикалық тұрғыда негізделген болып табылады.
Жерсеріктік SCPC арналарының жоғары сапасы, сондай-ақ ауқымды қамту аймағы және орнатудың жылдамдығы – бұл қызметті әдеттегі жерүстілік байланыс арналарының нақты баламасына айналдырады.
Айқын жерсеріктік SCPC арналары дегеніміз:
- Мельтисервистік трафикті беру: деректерді, Интернет-трафикті және дауыстық трафикті беру;
- Бизнес-қосымшалардың деректерін беру және бейнеконференцбайланысты ұйымдастыру;
- Арна құнының – трафик көлемінен тәуелсіз болуы;
- Клиенттің арна ресурсын пайдалануындағы эксклюзивті тәртіптеме;
- Тасымалдау хаттамасын жосықсыз таңдау;
- Сыртқы интерфейстерді жосықсыз таңдау (HSSI, G.703, V.35, RS422 (EIA530 RS449), Ethernet);
- Арнаны ұйымдастырудың жылдамдығы;
- Арнаның кез-келген уақытта қолжетімділігі;
- Бір жесеріктік секіріспен қашықтағы нысандардың арасындағы байланысты ұйымдастыру;
- Кез-келген өткізу қабілеті бар арналарды ұйымдастыру мүмкіндігі.
Ерекшеліктері:
- Деректерді беру жылдамдығы – 384 кбит/с-тан 20 Мбит/с-қа дейін (ең жоғарғы жылдамдығы - жерсеріктің қамту аймағының, ресурсының бар болуының және т.б. ескерілуімен, жеке-жеке қарастырылады)