Қосымша ақпарат
Вендордың жабдығы (немесе компания өндірісі) iDirect VSAT (Very Small Aperture Terminal) нарығында аса тиімді жерсеріктік жүйелердің бірі болып табылады. iDirect жерсеріктік сегментте де, IP-хаттама деңгейінде де өткізу жолағының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
iDirect технологиясы деректердің үлкен көлемдерін беретін немесе қабылайтын корпоративтік клиентерге арналып жетілдірілген. Жерсеріктік жүйелер – елді мекендерден шалғайдағы нүктелерді қоса есептегенде, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. iDirect жүйесі тікелей арнада 150 Мбит/с дейін, кері арнада 29 Мбит/с дейін (орталық станция) трафик берудің жылдамдығын қолдап отыруға қабілетті, абоненттік терминалдардағы беру – 2 Мбит/с дейін, қабылдау – 5 Мбит/с дейін.
Network Topology | Star DVB-S2/ACM Outbound + Multi Frequency D-TDMA | |
Downstream DVB-S2 | Upstream TDMA | |
Modulation | QPSK, 8PSK, 16APSK | BPSK, QPSK, 8PSK |
FEC | LDPC, 1/4 - 8/9 TPC | 2D 16-State, 1/2 - 6/7 |
Max. Info Rate | 150 Mbps | 12.8 Mbps |
Max. Line Card IP Data Rate | 149 Mbps | 11.1 Mbps* |
Max. Remote IP Data Rate | 29 Mbps | 7.8 Mbps* |
* - Maximum rates are achieved with optimal configurations |
iDirect технологиясы Алматы қаласындағы орталықпен «жұлдыз» («star») топологиясы бойынша желілерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда, Алматы қаласынан – клиенттің Қазақстан Республикасындағы кез-келген облыс орталығында орналасқан орталық кеңсесіне дейін ТОБЖ ұйымдастыруға болады .
Ерекшеліктері:
- iDirect базасында «бірыңғай жүйе – барлық қызметтер» қағидаты іске асырылады. Масштабтаудың қарапайымдылығы – деректерді беру арнасының өткізу қабілетін ұлғайтудың/азайтудың қысқа мерзімдері, дауыстық порттардың саны, 1 бит/с қадамымен арналардың өткізу қабілетін баптау
- Толық және дайын шешім – терминалдар жерсеріктік модемді, IP бағдарлағышты, жерсеріктік арналарға арналған ТСР/НТТР оңтайландыруды, біртұтас құрылғыда QoS және басымды етуді қамтиды
- Жерүстілік инфрақұрылымнан толық тәуелсіздік
- ҚР бүкіл аумағы бойынша шалғайдағы нүктелерді қосу мүмкіндігі
- QoS қызмет көрсетудің кепілдендірілген сапасы
- Қосымшалар QoS – кідірісі сыни болып табылатын қосымшаларға арналған тиянақталған өткізу жолақтарының бөлінуін кепілдендіруге мүмкіндік береді. Деректер пакетінің жіктелуін, басымды етілуін, кезектілігін қамтамасыз ету
- Желілік QoS кері арналар тобының ішінде қарапайым трафиктен нақты уақыттың басымды етілуін қамтамасыз етеді (D-TDMA)
- Деректер компрессиясы
- Жерсеріктік арнаны сандандыру, VPN-туннельдерді қолдау
- Желінің дайындығының жоғары коэффициенті
- Экономикалық тартымдылық (басқа жерсеріктік жүйелермен салыстырғанда)
- Желілік қызмет көрсетудің сенімділігі:
- турбокодтау
- кодтардың жаңа сыныбы негізінде қателіктерді түзету
- жерсеріктік байланыс арналарындағы қателіктердің төмен деңгейі – 10-9 дейін
- сигнал/шуыл арақатынасы - басқа жерсеріктік жүйелерде пайдаланылатын Рид-Соломон және Витерби бойынша кодтаумен салстырғанда 50% жақсырақ
- Табиғат жағдайларына қарай, беру қуатын автоматты түрде баптау
- ТСР хаттамасының жоғары өнімділігі:
- сигналды тарату брысында кідіріс әсерінің азаюы
- ТСР Acceleration трафигін жылдамдату (Star топологиясы үшін)
- НТТР трафигін жылдамдату - Интернет желісін пайдаланушылардың мүмкіндігін арттырады
- ішкі деңгейде DNS кэштеу – модемдердің кірістіре орнатылған мүмкіншілігі
- Қызмет көрсету сапасы (Application QoS)
- Клиенттер үшін SLA қолдау мүмкіндігі көптеген параметрлерді зерттеуге негізделеді – Source/Destination IP Address, Source/Destination Port Number, 802.1Q VLAN ID, IP DiffServ & TOS Bits, Protocol Type
- клиенттердің әрбір сыныбы үшін ұсынылатын жолақтың пайдаланылу пайызын анықтау және тағайындау
- CIR – контрактімен анықталған жолақ қана бөлініп беріледі
- нақты уақыт трафигіне арналған, кірістіре орнатылған джиттермен басқару.