-
eSIM – виртуалды SIM-карта. Ол әдепкі SIM-картасыз-ақ Сізді мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етеді.
eSIM деген не
Телефонға салынатын пластик симка енді Сізге қажет емес. Бәрі смартфоныңызда болады. Оған нөміріңізді жүктесеңіз болды.
eSIM сынбайды және жоғалмайды, себебі ол – ақпарат. Виртуалды SIM-карта әдепкі SIM-картаның барлық қызметін атқарады – Сізді мобильді байланыспен және интернетпен қамтамасыз етеді.
eSIM-картаның артықшылығы
1. Ыңғайлы!
2 нөмірді: әдепкі SIM мен eSIM-картаны қатар қолданыңыз. Ол – жеке және жұмыс қоңырауларын бөлудің тамаша мүмкіндігі. Әр нөмірге жеке тариф таңдап, қоңырау шалуға, SMS жіберуге және мобильді интернетке арналған ең тиімді ұсыныстарды пайдалана аласыз.
2. Қауіпсіз!
eSIM телефонаыңыздың бұғатымен қорғалады. Егер телефонды ұрлап кетсе, қаскөйлер банктік SMS-терге қол жеткізе алмайды.
3. Сенімді!
eSIM-картамен SIM-картаны сақтау туралы уайымдаудың қажеті жоқ. Ол жоғалмайды және бүлінбейді. Қайда жүрсеңіз де, eSIM әрдайым жаныңызда – смартфоныңызда болады.
eSIM-картаны қолдайтын смартфондар
eSIM технологиясын SE (2020), XR, XS, XS Max, 11, 11 Pro, 11 Pro Max және кейінірек шыққан iPhone үлгілері, сондай-ақ Samsung Galaxy S20, S20+, S20 Ultra, Z Flip, Fold, Huawei P40, P40 Pro қолдайды.
Белгілі бір операторға тіркелген үлгілер мен Қытай нарығына арнайы шығарылған (әдепкі екі SIM-карта салынатын) үлгілер қолдамайды.
Қытай нарығына арналып шығарылған үлгілер:
• Apple iPhone 11 Pro (A2217)
• Apple iPhone 11 Pro Max (A2220)
• Apple iPhone 11 (A2223)
• Apple iPhone XR (A2108)
• Apple iPhone Xs Max (A2104)
Қанша тұрады?
• Қызметтің құны 1000 теңге (ҚҚС-пен).
• Нөмір Beeline желісіне ауысса, қызмет үшін ақы алынбайды.
Қызметті қалай қосуға болады?
Пластик SIM-картаңызды eSIM-картаға ауыстыру үшін:
1. Компанияңыздың дербес менеджеріне хабарласу керек.
2. Хат үлгісін алу қажет.
3. Хатты дайындап, содан соң қызмет көрсету кеңселеріне немесе компанияңыздың дербес менеджеріне жолығу керек.
4. QR-кодты email-ге алу қажет.
5. QR-кодты іске қосып, нұсқауға сай әрекет ету керек.