Үздік телеарналарды онлайн көру
-
Үздік телеарналарды онлайн көру
Қызмет туралы
«BeeTV Business Mobile» қызметі – бұл үздік телеарналарды, танымал фильмдерді, мультфильмдер мен телехикаяларды www.beetv.kz сайтында және Android, iOS операциялық жүйелеріндегі мобильді қосымшада онлайн көру мүмкіндігін ұсынатын қызмет.
«BeeTV Business Mobile» артықшылықтары:
- мобильді қосымша мен сайттың қарапайым интерфейсі;
- телеарналар мен видео контент превьюі;
- ТВ мен видео контентті іздеудің ыңғайлы жолы;
- картинка-картинкада қызметі;
- ТВ арналар эфирін басқару қызметі;
- мобидльді қосымшадағы кескін сапасын таңдау;
- кез келген 2 құрылғыдан көру мүмкіндігі (сайт, смартфон немесе планшет);
- Beeline мобильді желісіндегі тегін интернет трафик.
«BeeTV Business Mobile» топтамаларының құны:
Рostpaid топтамалары | Тариф (теңге, бір айға) |
Арналар саны |
Business Standard Mobile | 1400 | 100 |
Business Premium Mobile | 1990 | 100 + Megogo фильмдері |
Business Premium Plus | 2390 | 100 + Megogo+Аmediateka фильмдері |
Business Exclusive Mobile | 2990 | 100 + Megogo фильмдері+ 3 Setanta арнасы (спорт) |
*құны ҚҚС-пен көрсетілген.
Арналар тізімімен мына жерде танысуға болады.
Қосымша ақпарат
- Қызметті бизнес-сегменттің корпоративтік клиенттері қолдана алады, бірақ клиенттеріне телевизия қызметтерін көрсету арқылы контентті коммерциялық мақсатта көрсету мүмкіндігі жоқ (мысалы, қонақ үйлерде, пансионаттарда, демалыс үйлерінде, бизнес-орталықтаырнда, түнгі клубтарды, ойынханаларда, мейрамханаларда, барларда, әуежайларда, сауда орталықтарында және т.б. бағдарламалар мен фильмдерді көрсету).
- Қызмет Корпоративтік менеджер арқылы қосылады және өшіріледі
- «BeeTV Business Mobile» қызметін несиелік есеп айырысу жүйесінің абоненттері қоса алады.
- Бір мезетте бірнеше тарифтік-топтаманы қосу мүмкін емес.
- Абоненттік төлем есепті кезеңнен кейінгі айдың алғашқы күндері, есеспті кезеңде байланыс қызметтерін қолданған күндер санына қарамастан толық есептеледі.
- Ұсынылған тарифтер мен топтамалар тек «КаР-Тел» ЖШС қызмет көрсететін аумақта – Қазақстан Республикасында әрекет етеді, роумингте көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ SMS-хабарлама жіберу арқылы көрсетілетін қосымша қызметтерге немесе тиісті нөмірлерге, соның ішінде қысқа нөмірлерге қоңырау шалу арқылы алуға болатын ақылы қызметтерге таралмайды.
- Интернет-топтама немесе тарифтік жоспар болса, «BeeTV Business Mobile» қызметі аясында келген және шыққан интернет-трафик тарифтелмейді.
- Белгілі шектен ассаңыз немесе трафик бұғатталса, арналарды көру мүмкіндігі жабылады.