-
Интернет топтама
5 ГБ
Қызмет көрсету шарттары
Қосу және өшіру корпоративтік менеджеріңіздің жазбаша өтініші арқылы жүзеге асырылады.
Топтаманың қалдығын тексеру пәрмені: *110*06#;
• Интернет-топтамаларға несиелік есеп-айырысу жүйесінің абоненттері қол жеткізе алады.
• Келесі тарифтік жоспарларда интернет-топтама қосылмайды: «Бизнес шешім», «Менің корпоративтік шешімім» және «Тариф құрастырушысы».
• Бір уақытта бірнеше интернет-топтаманы қосу – мүмкін емес.
• Егер ағымдағы тарифтік жоспарыңызда интернет-топтама қолданып жүрсеңіз, ай сайынғы интернет-топтаманы қосқан сәтте, абоненттік төлем толық көлемде ұсталады. Екі топтаманың интернет-трафигі жинақталмайды, тек қосылған интернет-топтаманың көлемі шығындалады. Ескі интернет-топтама жойылады.
• Абоненттік төлем есепті кезеңде байланыс қызметтерін қолданған күндеріңіздің санына қарамастан, есепті кезеңнен кейінгі айдың бірінші жұлдызында толық көлемде ұсталады.
• Әр айдың бірінші жұлдызында интернет-топтама көлемінің қалдығы жойылып, жаңа көлем беріледі. Интернет-топтаманың тиісті есепті кезеңде қолданылмаған қалдығы келесі айға көшірілмейді.
• Интернет-топтаманың қосылған көлемінен асқан жағдайда, интернет-трафиктің көлемі 1 МВ үшін 2 теңгемен немесе 1 МВ үшін 0 теңгемен тарифтеледі, мұндай жағдайда деректерді жолдау жылдамдығы 64 Кбит/сек-ке дейін төмендейді. Интернет-топтамадан асқан кездегі тарифтелу шарттарын клиент белгілейді.