Государственные новости

Beeline Қазақстан сенім төлемінің комиссиясын алып тастады

Төтенше жағдай кезінде Beeline Қазақстанның мыңдаған абоненті «Сенім төлемі» қызметін пайдаланды, қызмет абоненттің өтінімі бойынша, басқа төлеу мүмкіндігі жоқ кезде теңгерімді толтырып береді. Біз қазақстандықтардың байланыста болуына көмектесу үшін, сенім төлемінің комиссиясын алып тастауды ұйғардық.

Сонымен, 2022 жылғы 11 қаңтардан бастап Beeline абоненттері келесі USSD-пәрменді пайдаланып, компаниядан сенім төлемін сұрай алады: *141# пәрменін теріп, қоңырау шалу пернесін басыңыз;

Теңгерім 350 теңгеге толтырылады, оны 3 күннен соң қайтару керек. Комиссия жоқ.

Қызметті қосу үшін мобильді интернет керек емес;

Осы қызметті 5-11 қаңтар аралығында пайдаланған барлық абоненттердің шотына комиссия қаңтар айының ішінде қайтарылады.

*102# пәрменімен теңгерімді интернетке қосылмай-ақ тексеруге болатынын естеріңізге саламыз

 

Beeline Казахстан отменяет комиссию за доверительный платеж

Во время действия чрезвычайного положения тысячи абонентов Beeline Казахстан воспользовались услугой «Доверительный платеж», которая представляет собой пополнение баланса оператором по запросу абонента, чтобы оставаться на связи в период, когда нет других способов. До этого момента услуга включала в себя комиссию. Мы приняли решение убрать комиссию за доверительный платеж, чтобы помочь казахстанцам оставаться на связи.

Итак, с 11 января 2022 года абоненты Beeline могут обратиться за доверительным платежом к компании, используя USSD-команду: *141# нажмите позвонить;

Баланс пополнится на 350 т, вернуть которые можно в течении 3-х дней. Без комиссии.

Для подключения к услуге не требуется мобильный интернет;

Все, кто воспользовался этой услугой в период с 5-11 января, получат возврат комиссии на свой счет абонента в течение января.

Напомним, проверить свой баланс даже без подключения к интернету можно с командой *102#

 
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынады

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында мәлім етті. 

«Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-Министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды», - делінген хабарламада. 

Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
 
Касым-Жомарт Токаев выступит с заявлением в Парламенте и представит кандидатуру нового Премьер-Министра

Глава государства Касым-Жомарт Токаев в режиме конференцсвязи примет участие в заседании Мажилиса Парламента, где представит кандидатуру нового Премьер-Министра, а также выступит с большой речью, в которой поставит конкретные задачи по решению актуальных вопросов в политической и социально-экономической сферах. Об это на официальной странице в Facebook написал пресс-секретарь Президента Берика Уали.

Прямая трансляция заседания будет показана на телеканале «Хабар 24» в 11:15. 
 

Қазақстандықтар интернет шектеулі кезде де BeeTV сервисін қолдана алады.

Еліміз үшін осы бір қиын кезеңде барлық оператордың абоненті интернетке қосылмай бірқатар телеарнаны, фильмдерді, телехикаялар мен мультфильмдерді BeeTV Free бөліміненқазақ және орыс тілінде көре алады.
Контентке қосылу үшін:
1.    Смартфон/планшетке (Play Market,  App Store-дан)  BeeTV қосымшасын жүктеңіз немесе компьютерден, Smart TV, я болмаса Android TV-ден beetv.kz сайтына кіріңіз;
2.    Мобильді телефоннан мобильді нөміріңізбен тіркеліңіз, (ары қарай телефон нөміріңізбен жәене кілт сөзіңізбен SmartTV-де BeeTV сервисіне кіре аласыз).
Компанияға қатысы жоқ себептермен, қосымшаның жұмысында ақау болуы немесе контентті жүктеу уақыты созылуы мүмкін.

Казахстанцам доступен сервис BeeTV при ограниченном интернете.

В непростой для страны период и без доступа к интернету, абоненты всех операторов могут бесплатно просматривать ряд телеканалов, фильмов, сериалов и мультфильмов на казахском и русском языках в разделе BeeTV Free. Для получения доступа к контенту необходимо: 1. Скачайте приложение BeeTV на смартфон/планшет (с Play Market, App Store) или зайдите на сайт beetv.kz с компьютера, Smart TV либо Android TV; 2. Зарегистрируйтесь под своим мобильным номером через мобильный телефон, сайт (далее со своим номером телефона и паролем можете зайти в сервис BeeTV на SmartTV). По независящим от компании обстоятельствам, возможны сбои в работе или увеличено время загрузки контента.

ҚР ҚНРДА: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Call-орталығы жұмысын қайта бастады

Азаматтармен жедел өзара іс-қимыл жасау және халық үшін қаржы реттеушісінің, қаржы ұйымдарының, реттелетін субъектілердің қызметі және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттың қолжетімді әрі толық болуын арттыру мақсатында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2022 жылғы 10 қаңтарда Call-орталықтың жұмысын қайта бастады.

Азаматтар  Call-орталыққа: қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын және мүдделерін қорғау, Агенттікке азаматтардан бұрын келіп түскен өтініштердің мәртебесін нақтылау, қаржы ұйымдарының жұмысы туралы консультация алу мәселелері бойынша консультациялар алу үшін өтініш жасауына болады.

Call-орталықтың телефоны: +7 (727) 237 1000
Жұмыс кестесі дүйсенбі – жұма, сағат 9.00 – 16.00 аралығында

 

АРРФР РК: Call-центр Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка возобновил работу

В целях оперативного взаимодействия с гражданами и повышения доступности и полноты информации для населения о деятельности финансового регулятора, финансовых организаций, регулируемых субъектов и государственных услугах Агентством РК по регулированию и развитию финансового рынка (далее – Агентство) 10 января 2022 года возобновил работу Call-центр.

Граждане могут обратиться в Call-центр для получения консультаций по вопросам: взаимодействия с финансовыми организациями, защиты прав и интересов потребителей финансовых услуг, уточнения статуса ранее поступивших в Агентство обращений от граждан, получения консультаций о работе финансовых организаций.

Телефон Call-центра: +7 (727) 237 1000
График работы с пн. до пт., с 9.00 до 16.00 часов

 

ҚР ҰҚК: Республикалық жедел штабтың терроризммен күрес жөніндегі жұмысы туралы

2022 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасындағы ахуал тұрақтанды және бақылауға алынды.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық және өңірлік жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды.

Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысандар босатылды.

Аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

Содырлар мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандардың жасырынуы мүмкін орындары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қылмыстық әрекеттің іздерін айқындау және жинақтау жүзеге асырылуда.

Барлық азаматтарды құқықтық тәртіп органдарына террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда көмек көрсетуге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырамыз.
 

КНБ РК: О работе РОШ по борьбе с терроризмом

По состоянию на 10 января 2022 года ситуация в Республике Казахстан стабилизирована и находится под контролем.

С позиции Республиканского и региональных оперативных штабов по борьбе с терроризмом нейтрализованы очаги террористических угроз.

Освобождены все захваченные террористами административные объекты в городах Алматы, Кызылорда, Талдыкорган и Тараз.

Обеспечена безопасность особо важных, стратегических объектов и мест хранения оружия, боеприпасов.

Проводятся зачистки мест возможного укрытия боевиков и участников массовых беспорядков. Осуществляется фиксация и сбор следов преступной деятельности.

Призываем всех граждан оказать содействие органам правопорядка в установлении лиц, причастных к террористической деятельности. В добровольном порядке сдавать огнестрельное оружие и боеприпасы, похищенные в ходе массовых беспорядков.
 

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Бүгін елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Президентінің бастамасымен шақырылған Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы бейнебайланыс режимінде өтті.

Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы –  Президент Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров және ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась қатысты.

Қазақстан Президенті сессия қатысушыларына елімізде қалыптасқан ахуал мен оны тұрақтандыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Мемлекет басшысы ҰҚШҰ бойынша әріптестеріне көрсеткен көмектері үшін ризашылығын білдірді.

– Шын мәнінде, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің бірінің қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тұтастығын қамтамасыз ету үшін Ұйымның бітімгерлік күштерінің ауқымды түрде жұмылдырылу жағдайы бірінші рет болып отыр. Біз үшін ҰҚШҰ бойынша әріптестеріміздің әскери ғана емес, моральдық қолдау көрсетуі де аса маңызды. Ұйымға мүше мемлекеттердің бәрі біртұтас майдан болып, Қазақстанның үндеуін бірауыздан қолдады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Ұйымның бұдан пайдалы әрі жақсы тәжірибе алатынын, осал тұстар талданып, тиісті шешім шығарылатынын, реттеуші құжатқа түзетулер енгізілетінін атап өтті.

– ҰҚШҰ беделді әскери-саяси ұйым ретінде өзінің қажетті әрі тиімді екенін көрсетті. Бұл мемлекеттеріміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нақты механизм, – деді Мемлекет басшысы.

Саммит барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасындағы жағдай жөнінде пікір алмасып, еліміздің басшылығы жасап жатқан іс-әрекеттерді қолдайтынын айтты. Сондай-ақ тұрақтылық пен конституциялық тәртіпті қалпына келтірудің маңызды екеніне назар аударды. ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась бірлесе қабылдаған шешімдердің жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Мемлекеттер басшылары ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің Қазақстандағы миссиясы аяқталғанша тұрақты байланыста болуға уағдаласты. 
 

Глава государства принял участие на внеочередной сессии Совета коллективной безопасности ОДКБ

Сегодня в режиме видеоконференцсвязи состоялась внеочередная сессия Совета коллективной безопасности Организации Договора о коллективной безопасности, созванная по инициативе Президента Казахстана в связи с ситуацией в нашей стране.

В мероприятии наряду с Касым-Жомартом Токаевым приняли участие Премьер-министр Армении Никол Пашинян, Президент Беларуси Александр Лукашенко, Президент России Владимир Путин, Президент Таджикистана Эмомали Рахмон, Председатель Кабинета министров – Руководитель Администрации Президента Кыргызстана Акылбек Жапаров, а также Генеральный секретарь ОДКБ Станислав Зась.

Президент Казахстана проинформировал участников мероприятия о складывающейся в стране обстановке и принимаемых мерах по ее стабилизации. Глава государства выразил признательность партнерам по ОДКБ за оказываемую помощь.

– Фактически, это первый случай, когда миротворческий потенциал ОДКБ был реально задействован для обеспечения безопасности, стабильности и целостности одного из государств-членов. Для нас принципиально важна не только военная, но и, прежде всего, моральная поддержка партнеров по ОДКБ. Все государства-участники Организации выступили единым фронтом, решительно поддержали обращение Казахстана, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.

Президент отметил, что Организация получит полезный положительный опыт, будут проанализированы «узкие места» и сделаны соответствующие выводы, внесены корректировки в регулирующие документы.

– ОДКБ показала свою востребованность и эффективность как авторитетная военно-политическая организация. Это реально работающий механизм обеспечения стабильности и безопасности наших государств, – заявил Глава государства.

В ходе саммита лидеры стран ОДКБ обменялись мнениями о ситуации в Республике Казахстан, высказались в поддержку действий руководства нашей страны, отметили важность восстановления стабильности и конституционного порядка. Генеральный секретарь ОДКБ Станислав Зась доложил о ходе реализации принятых совместных решений.

Главы государств договорились находиться в постоянном контакте до завершения миссии Коллективных миротворческих сил ОДКБ в Казахстане.

С полным текстом выступления Касым-Жомарта Токаева можно ознакомиться по этой ссылке.
 

Қазпошта бөлімдерінің жұмысы қайта жанданды

"Қазпошта" АҚ-ның хабарлауынша, 10 қаңтардан бастап Қазақстанның Алматы қаласынан басқа өңірлерінде Қазпоштаның барлық бөлімдері жұмыс істеуде.

Айта кету керек, байланыс сапасына орай кейбір аймақтардағы пошта бөлімдерінде зейнетақы мен жәрдемақы беру барысында кідірістер болуы ықтимал.

«Қазпошта» АҚ-ның Алматы облысындағы бөлімшелері 10 қаңтар күні сағат 10:00-ден бастап 15:00-ге дейін, Жамбыл облысында сағат 09:00-ден бастап 15:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Алматыдағы филиалдар жұмыс істей бастағанда, қосымша хабарланатын болады.

Сонымен қатар төтенше жағдай кезеңінде «Қазпошта» АҚ сәлемдемелерді сақтау үшін төлем алуды тоқтатады, яғни пошта жөнелтілімдерін тегін сақтайды.
 

Отделения Казпочты возобновили работу

АО «Казпочта» сообщает, что с 10 января во всех регионах Казахстана возобновлена работа отделений Казпочты, за исключением города Алматы.

Стоит отметить, что в почтовых отделениях некоторых регионов возможны задержки в процессе выдачи пенсий и пособий в зависимости от качества связи.

Отделения Казпочты в Алматинской области будут работать 10 января с 10:00 до 15:00, в Жамбылской области с 9:00 до 15:00. О возобновлении работы отделений в г. Алматы будет сообщено дополнительно.

Вместе с тем на период режима ЧП Казпочта останавливает начисление оплаты за хранение посылок, то есть будет хранить почтовые отправления бесплатно.
 

Мобильді интернет шектеулі болса да, Simply қосымшасын барлық қолданушы қолдана алады.

Қосымшаның барлық функциясы: басқа банктердің картасына аудару, жанаспай төлеу, онлайн-төлемдер және теңгерімді толтыру (Beeline абоненттеріне) қазір қолжетімді.

Visa Simply карталары жұмыс істеп тұр және әмияндар мен Beeline теңгеріміндегі қалдық шегінде жұмыс істей береді.

Сонымен қатар, VPN қолданып, қосымшаға кіруде қиындықтар болуы мүмкін екенін атап өтеміз (VPN-ді өшіріп, мобильді интернет болса, қосымшаға VPN-сіз кіріп көріңіз).
 

Приложение Simply доступно всем пользователям при ограниченном мобильном интернете.

Все функции приложения на данный момент доступны: переводы на карты других банков, бесконтактные платежи, онлайн-платежи и пополнение баланса (для абонентов Beeline).

Карты Visa Simply продолжали и продолжают работать в пределах остатков на балансах кошельков и балансов Beeline.

Также отмечаем, что сложности с входом в приложение могут быть связаны с использованием VPN (отключите и попробуйте без него при наличии мобильного интернета).
 

Касым-Жомарт Токаев провел заседание оперативного штаба
 

10 января 2022 года


Под председательством Главы государства в режиме видеоконференцсвязи состоялось очередное заседание оперативного штаба, в ходе которого с докладами выступили генеральный прокурор, председатель КНБ, и.о. министров внутренних дел и обороны.

Президенту доложили, что правоохранительные органы и Вооруженные силы принимают активные меры по дальнейшей стабилизации обстановки в стране. В целях проверки лиц и транспорта, а также осуществления контроля за стратегическими объектами по периметрам населенных пунктов выставлены 93 блокпоста.

Касым-Жомарт Токаев был проинформирован о том, что факты неподчинения законным требованиям сил правопорядка и нападения на особо важные и стратегические объекты жестко пресекаются. В Алматы в ходе отработок рынков «Барлық» и «Алтын Орда» задержаны 207 человек. У них изъяты 5 угнанных автомобилей, оружие, боеприпасы, щиты.

В столице проводятся профилактические мероприятия, в ходе которых обеспечиваются подворовой и поквартирный обходы, а также круглосуточное автопатрулирование. В целом по стране за нарушение режима чрезвычайного положения привлечено более 1,5 тысячи лиц.

Главе государства было доложено, что в настоящее время основные усилия направлены на проведение оперативных мероприятий по установлению местонахождения и задержанию террористов.

Касым-Жомарт Токаев поручил продолжить работу по восстановлению общественного порядка и безопасности в стране, а также усилить информационное сопровождение данной деятельности.
 

Қазақстанның ХҚО-лары өз жұмысын қайта бастады
 
 2022 жыл  10 қаңтар          Нұр-Сұлтан қаласы

2022 жылғы 10 қаңтардан бастап Алматы қаласы мен Алматы облысын қоспағанда, Қазақстанның барлық өңірінде ХҚО-лар өз жұмысын қайта бастады. Азаматтарға кезең-кезеңімен барлық қызметтер қолжетімді болады, Жамбыл облысының тұрғындары жеке куәліктер мен паспорттарды ресімдеу жөніндегі қызметтерді уақытша пайдалана алмайды.

Айта кету керек, байланыс сапасына байланысты жұмыс барысында кідіріс болуы мүмкін.

Сондай-ақ ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің қызметкерлері басқа міндеттерді орындап жатқандықтан, ҚР барлық өңірінде автоХҚО-лар жұмыс істемейді. «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-ның баспасөз қызметі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы автоХҚО-лар мен ХҚО-лар жұмысының қайта жанданғаны туралы қосымша хабарлайтын болады.

Бұған дейін Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты ХҚО-лар жұмысын тоқтатқан болатын.

ҚР ЦДИАӨМ Баспасөз қызметі
Тел.: 8 775 968 60 76 
press@mdai.gov.kz

 
ЦОНы Казахстана возобновили свою работу
 
10 января 2021 года          г.Нур-Султан

С 10 января 2022 года во всех регионах Казахстана, за исключением г. Алматы и Алматинской области, возобновили свою работу ЦОНы. Поэтапно гражданам будут доступны все услуги, жители Жамбылской области временно не смогут воспользоваться услугами по оформлению удостоверений личности и паспортов.

Стоит отметить, что в зависимости от качества связи возможны перебои.

Также во всех регионах РК не работают автоцоны в связи с тем, что сотрудники Комитета административной полиции МВД РК переориентированы на выполнения других задач. О возобновлении работы автоцонов и ЦОНов в г. Алматы, Алматинской области пресс-служба НАО «Правительство для граждан» сообщит дополнительно.

Ранее в связи с Чрезвычайным положением в Казахстане работа ЦОНов была приостановлена.

Пресс-служба МЦРИАП РК, 
Тел.: 8 775 968 60 76 
press@mdai.gov.kz

 

О награждении государственными наградами Республики Казахстан

ПОСТАНОВЛЯЮ:

1. За отвагу и самоотверженность, проявленные при исполнении воинского и служебного долга, а также за подвиги, совершенные при защите интересов государства, наградить:  

орденом «Айбын» ІІ степени  

Әділбай Дастан Әділбайұлы (посмертно) – начальника отдела Департамента Комитета национальной безопасности по Жамбылской области

Барганаева Дархана Ермековича (посмертно) – инспектора специального отряда быстрого реагирования Департамента полиции Алматинской области Министерства внутренних дел

Жағалбаев Жандос Мұхтарұлы (посмертно) – старшего офицера Пограничной академии Комитета национальной безопасности

Кабдинова Андрея Вячеславовича (посмертно) – начальника кафедры Пограничной академии Комитета национальной безопасности

Сланбеков Рахат Нұрбайұлы (посмертно) – участкового инспектора 1-го отдела полиции Управления полиции города Тараза Жамбылской области Министерства внутренних дел;

орденом «Айбын» ІІІ степени

Адылкана Жайыка Угулкановича (посмертно) – командира отделения Пограничной академии Комитета национальной безопасности

Алмасов Нұрболсын Ғаниұлы (посмертно) – полицейского-водителя Департамента полиции города Алматы Министерства внутренних дел

Аманов Айбат Ерболұлы (посмертно) –  военнослужащего воинской части 5514 регионального командования «Оңтүстік» Национальной гвардии Министерства внутренних дел

Асылханова Алена Мухитовича (посмертно) – полицейского-водителя Управления полиции Алмалинского района Департамента полиции города Алматы Министерства внутренних дел

Битима Мейрхана Ержановича (посмертно) – курсанта Пограничной академии Комитета национальной безопасности  

Ержанова Ербола Тлеубековича (посмертно) – старшего контролера Учреждения ЛА-155/16 Департамента уголовно-исполнительной системы по Алматинской области Министерства внутренних дел

Жұпарбеков Дәулет Бауржанұлы (посмертно) – курсанта Пограничной академии Комитета национальной безопасности

Камбетова Рината Талгатовича (посмертно) – полицейского-водителя Управления полиции Алмалинского района Департамента полиции города Алматы Министерства внутренних дел

Қайсаров Мадияр Оразалыұлы (посмертно) – военнослужащего воинской части 5547 регионального командования «Оңтүстік» Национальной гвардии Министерства внутренних дел

Смаилканов Ғабдолла Ғалымұлы (посмертно) – специалиста (оператора) войсковой части 21751 Министерства обороны;

медалью «Жауынгерлік ерлігі үшін»

Нуркенова Адиля Дулатовича (посмертно) – младшего оперуполномоченного Комитета национальной безопасности.  

2. Настоящий Указ вводится в действие со дня подписания.              

Президент Республики Казахстан К.Токаев
 

Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен шұғыл әрекет ету штабының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы тұлға баяндама жасады.

Мемлекет басшысына құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштердің еліміздегі құқықтық тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіруіне қатысты қабылданған шаралар мен өңірлердегі төтенше жағдай режимінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндалды. Блок бекеттер орнатылып, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің біріккен бітімгерлік күштеріне бірқатар стратегиялық нысанды күзету тапсырылды. Күштік құрылымдар елді мекендерде «тазалау» жұмыстарын жалғастырып жатыр. Лаңкестердің орналасқан жерін анықтау, ұстау, оларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді жинау және тиісті сараптама жасау жөнінде шұғыл шаралар атқарылуда.

Қазір 125 қылмыстық іс қозғалған. Полиция органдарына 5,8 мың адам жеткізілген. Олардың арасында көптеген шетелдік азамат бар.

Жиында еліміздің барлық өңірлерінде ахуалдың тұрақтанғаны, жағдайдың бақылауға алынғаны және құқық қорғау органдары әкімшілік ғимараттардың бәрін лаңкестерден тазартқаны туралы айтылды. Коммуналдық және тіршілікке қажетті басқа да нысандар қалпына келтіріліп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардың еліміздегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті толық қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын атап өтті.

Отырыс барысында Мемлекет басшысы тәртіпсіздіктердің салдарынан келген шығындарды қалпына келтіру үшін Үкіметтік комиссия құруды тапсырды.

Президент Алматы қаласы мен басқа да өңірлердің әкімшілік ғимараттарын, әлеуметтік және коммуналдық нысандарын қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісуді тапсырды.

https://akorda.kz/
 

Глава государства провел очередное заседание оперативного штаба

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось заседание оперативного штаба, в ходе которого с докладами выступили генеральный прокурор, председатель Комитета национальной безопасности, и.о. министра внутренних дел.

Главе государства было доложено, что правоохранительными органами и Вооруженными силами принимаются меры по восстановлению порядка и законности в стране, обеспечивается соблюдения режима чрезвычайного положения в регионах. Выставлены блокпосты, объединенному миротворческому контингенту государств-участников ОДКБ под охрану передан ряд стратегических объектов. Силовыми структурами продолжается «зачистка» населенных пунктов. Проводятся оперативные мероприятия по установлению местонахождения и задержанию террористов, сбору и документированию доказательной базы, проведению соответствующих экспертиз.

В настоящее время возбуждены 125 уголовных дел, в органы полиции доставлены 5,8 тысячи человек, среди них есть значительное количество иностранцев.

Было отмечено, что во всех регионах страны ситуация стабилизирована, установлен контроль над оперативной обстановкой, правоохранительными органами освобождены все ранее захваченные административные здания, восстанавливается работа коммунальных объектов и систем жизнеобеспечения.

Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что силовыми структурами будут приняты все необходимые меры по полному восстановлению общественного порядка и безопасности в стране.

В ходе заседания Главой государства было поручено создать Правительственную комиссию по вопросам ликвидации последствий, причиненных в результате беспорядков в отдельных регионах.

Президент поручил оперативно приступить к работам по восстановлению административных зданий, социальных и коммунальных объектов г. Алматы и других регионов.  

https://akorda.kz/
 

Beeline Қазақстан барлық абонентке 200 SMS пен сөйлесетін 300 минутты аударуға кірісті. Оператордың барлық клиенті бірнеше тәулікте тегін SMS пен минуттарды алады.

Абоненттер базасы өте үлкен әрі жүйеде шектеулер болғандықтан, топтама кезең-кезеңімен аударылады. 8 қаңтардағы дерек бойынша, бонусты 1 000 000-нан астам адам алды. Сабыр етулеріңізді сұраймыз!

Біз күндіз-түні жұмыс істеп жатырмыз. Бонус аударылған соң, абоненттер растаушы SMS алады. Топтамалардың қалдығын тексеру пәрмені *106#.

Үйде болыңыз және жақындармен байланысты үзбеңіз!
 

Beeline Казахстан приступил к начислению всем абонентам по 200 SMS и 300 минут разговоров.

Все клиенты оператора получат бесплатные SMS и звонки в течение нескольких суток. В связи с тем, что база абонентов очень большая и системы работают с ограничениями, начисления будут проходить поэтапно. По состоянию на 8 января бонусы уже получили свыше 1 000 000 человек.

Просим набраться терпения! Мы работаем день и ночь.

После начисления абоненты Beeline получат подтверждающее SMS. Команда для проверки остатка пакетов *106#

Оставайтесь дома и будьте на связи с близкими!

Мы собрали самые полезные команды для абонентов Beeline Казахстан. Они действуют и в периоды недоступности к сети Интернет:

*151# — перевести другу деньги на баланс или запросить у него пополнение;
*102# — проверить баланс;
*106# — проверка остатка трафика по тарифному плану и доп.услугам;
*100*4# - меню выбора полезных услуг. Здесь можно точечно подключить, например, только голосовой и SMS-пакет.

Берегите себя!
 

Beeline Қазақстан абоненттері үшін ең пайдалы пәрмендерді топтастырдық. Олар интернет желісіне қосылу мүмкін емес кездерде де әрекет етеді:

*151# - досыңның теңгеріміне ақша аудару немесе оның толтыруын өтіну;
*102# - теңгерімді тексеру;
*106# - тариф жоспары мен қосымша қызметтердегі трафик қалдығын тексеру;
*100*4# - пайдалы қызметтер мәзірі.

Осы жерден қызметтерді жеке-жеке, мысалы, тек дауыстық және SMS-топтаманы қосуға болады.

Аман болыңыз!