Тарифтер

Интернетке арналған қосымша қызметтер

Турбо

Интернет жылдамдығын 
100 мбит/с дейін жоғарлатады

 

Статикалық IP

Статикалық IP 
адрес беріледі

Үйдегі Wi-FI

Wi-Fi роутерді сатып алу
жеткізу және орнату

Ата-ана бақылауы

Сіздің балаңыз үшін 
қауіпсіз интернет

Жоғары жылдамдықты Wi-Fi роутер

Сіздің үйіңізде жоғары 
жылдамдықтағы Интернет

Сұрақ-жауап

Сервиске қосылудың техникалық мүмкіндігін қалай тексеруге болады?

Қосылудың техникалық мүмкіндіктерін келесі жолдармен білуге болады: 

1.Келесі мекенжайдан 

2. 3535 нөмірі арқылы CallCentre-ге қоңырау соғу арқылы (Beeline нөмірінен қоңырау шалу тегін)

Интернет қосылысын қалай баптауға болады?

"Beeline Helper" бағдарламасы "Үйдегі интернетпен" жұмысты мейлінше жеңілдетеді - тек сүйікті сайттарыңыз бен порталдарыңыздан ләззат алу ғана қалады. Сілтеме

Wi-Fi роутерді қалай баптауға болады?

Егер Сізде бірнеше компьютер болса, Оларды роутер (бағыттауыш) арқылы интернет желісіне қоса аласыз. Дұрыс баптау үшін, бапталатын әр құрылғының пайдалану нұсқаулығын қолдануыңызды сұраймыз. Сілтеме

Логинімнің нөмірін ұмытып қалдым. Қалай білсем болады?

1. Логинді Жеке кабинетте байланыс нөмірі ретінде көрсетілген Beeline нөмірінен *799# пәрменін теру арқылы біле аласыз. Пәрменді айдың 1 мен 27-і арасында терсеңіз, логин мен теңгерім туралы ақпарат келеді, 28інен бастап - логин, теңгерім және төленетін соманы білесіз; 

2. Логинді Жеке кабинетте байланыс нөмірі ретінде көрсетілген Beeline нөмірінен 6784 нөміріне кез келген SMS (тіпті мәтінсіз) хабарлама жіберу арқылы біле аласыз. Жауап ретінде логин иесінің тегі мен туған күнін тексеру сұрағы келеді. 6784 нөміріне жіберілетін барлық хабарлама тегін.

Қанша төлеуім керек екенін қалай білсем болады?

Шотыңыздағы соманы білу үшін, Жеке кабинетке кіруіңіз керек. Оң жақ жоғарғы бұрышындағы "Теңгерімді көрсету" жолында теңгерім сомасын көресіз. 

Сондай-ақ Beeline нөмірінен *799# пәрменін терсеңіз болады. Жауап хабарламада теңгерім туралы ақпарат келеді, ал айдың соңында төленетін сома көрсетіледі. Маңызды! Телефон нөмірі "Үйдегі интернет" Жеке кабинетінде байланыс нөмірі ретінде көрсетілуі тиіс. 

Теңгерімді Жеке кабинетте байланыс телефоны ретінде көрсетілген телефоннан 3535 нөмірі арқылы Call Centre-ге қоңырау соғу арқылы біле аласыз. Операторға қосылу қажет емес. Компания қызметтері туралы ақпарат алған соң және басты жаңалықтарды тыңдағаннан кейін, қазіргі теңгеріміңіз өздігінен баяндалады. Тиісті ақпаратты күтудің ұзақтығы шамамен 1 минут.

Жылдамдықты қалай тексерсем болады?

Нәтиже нақты болуы үшін, қарапайым үш әрекетті жасаңыз: 

1. ДК-ге пәтердегі шоғырсым арқылы тікелей қосылыңыз. Нәтиже дәл шығуы үшін интернет-шоғырсымды компьютеріңізге тікелей қосыңыз. Сымсыз байланысты қолданғанда, өлшеу нәтижесі қате болуы мүмкін. 

2. Артық құрылғыларды өшіріңіз. Сынақ кезінде файрволды (firewall), антивирусты өшіріңіз, сондай-ақ файлдарды жүктеуді және torrent-клиент жұмысын тоқтатыңыз. Нақты нәтиже мәліметтерді жіберу желісіне ғана емес, сынақ өткізіліп жатқан компьютердің қуатына да байланысты болатынын ескеру керек. 

3. Speedtest бағдарламасын қосыңыз да, "Бастау" пернесін басыңыз.
• Сымсыз байланысты қолданғанда, өлшеу нәтижесі қате болуы мүмкін.
• Сынақ нәтижесі ақпараттық мазмұнда беріледі және интернетке қосылу жылдамдығын бағалаудың нақты көрсеткіші болып табылмайды.

Қалай және қай жерде төлеймін?

Төлеу әдістері:

1. Вeeline теңгерімінен төлеу (money.beeline.kz немесе SMS-хабарлама арқылы), "Вeeline мобильді теңгерімінен төлеу жолы" бабын қараңыз;

2. Интернет-төлем:
• Қызмет "Бөгелмей төле" (oplata.beeline.kz)
• ОQIWI әмиян, kaspi.kz, ҚР банктерінің интернет-банкингтері арқылы төлеу;

3. Төлем қабылдайтын серіктестердің төлем терминалдары арқылы - QIWI, Киберплат, Касса24 және ьағы басқалары; 

4. Beeline төлем картасы арқылы, beeline мобильді нөмірінен пәрменді теру арқылы:
• *105*<картаның құпия коды>*<логин (001-ден бастап..)># 
• *101*<картаның құпия коды>*<логин (001-ден бастап..)># 
• Жеке Кабинетте

Вeeline мобильді теңгерімінен төлеу жолы қалай?

1. money.beeline.kz сайтын ашыңыз 
Үйдегі интернетті таңдаңыз; 
Соманы енгізіңіз; 
SMS арқылы келген растау кодын енгізіңіз; 
Төлемді растаңыз. 

2. SMS арқылы төлеу* 
2020 нөміріне келесідей SMS жіберіңіз (үлгі): 
2000 бинет XXXXXXXXXX 
2000 beenet XXXXXXXXXX 
2000 binet XXXXXXXXXX 
мұндағы: XXXXXXXXXX - Абоненттің логині; 2000 - төленетін сома теңгемен. 
* – SMS жіберу тегін

Көшу қызметі деген не?

Көшу қызметін "Үйдегі интернет" қызметіне қосылған, бір қалада қызмет көрсету мекенжайын өзгерткісі келетін абоненттерге арналған. 
Қызметті қолдану үшін, CallCentre немесе Қызмет көрсету кеңсесі арқылы өтініш беру керек. 
Қызметтің абоненттік төлемі жоқ. 
Дербес деректеріңіз: логин/кілт сөз, теңгерім, байланыс нөміріңіз және басқалары сақталады.

"Ұтымды микс" және "Ұтымды одақ" деген не?

Ұтымды микс - бұл мобильді байланыс пен "Үйдегі интернет" қызметтерінің бір топтамаға жинастырылуы. 

Артықшылықтары:
Бірыңғай оператор. бір байланыс нүктесі, бір қызмет көрсету терезесі;
Бір шот - мобильді байланыс қызметтері мен "Үйдегі интернет" қызметтеріне жеке-жеке төлеудің қажеті жоқ. Айына бір рет бір шотты төлей отырып, клиент бірден қызметтер топтамасын алады; 
Тиімді баға ұсынысы - біріктірілген топтамада бірнеше қызметті (Үйдегі интернет, TV, мобильді байланыс) бірден сатып алғаны үшін, клиентке тиімді баға ұсынылады. 

Ұтымды одақ - "Үйдегі интернет және Үйдегі интернет TV" қызметтерінің бір топтамаға біріктірілуі, мұның айырмашылығы - мұнда мобильді нөмір қосу мүмкіндігі жоқ.