Басты бет / Жаңалықтар

Назар аударыңыз: алаяқтар!

23.01.2024

Егер Сізге немесе жақындарыңызға Beeline компаниясынан қоңырау шалып, мобильді нөміріңіздің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін айтса, абай болыңыз: ол алаяқтар. Сіздің аты-жөніңіз бен жеке деректеріңізді атап тұрса да! 

Қоңырау барысында қосымшалардың немесе басқа дереккөздердің SMS-тегі құпия сөзін айтуды өтінуі мүмкін.

Ешқандай ақпаратпен бөліспей, қоңырауды шұғыл үзулеріңізді өтінеміз. 

Біздің қызметкерлер SIM-картаңыз ескірді деп хабарласқан күннің өзінде, оны ауыстыруға Beeline кеңсесіне шақырады және ешқандай құпия сөз сұрамайды.