Бұлтты сервистер жабдықтаушысы
-
Amazon Web Services (AWS) – әлемде кең таралған, мүмкіндіктері мол бұлтты платформалардың бірі, бүкіл әлемдегі деректерді өңдеу орталықтарына 200-ден астам толыққанды сервис ұсынады.
AWS бұлты деген не?
Бұл - бүкіл әлем бойынша интернет-арна мен бірыңғай басқару платформасы (AWS) арқылы логикалық түрде біріктірілген көптеген серверлік бөлме.
AWS БҰЛТТЫ ЕСЕПТЕМЕЛЕРІНІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
• ШЫҒЫНДАРДЫ АЗАЙТУ. Күрделі шығындарды ауыспалы шығындарға айналдырыңыз. IT инфрақұрылымын қолдауға арналған операциялық шығындарды 30%-дан 40% - ға дейін азайтыңыз.
• ИКЕМДІЛІК. Қажетті жүктемеге сәйкес АТ ресурстарын автоматты түрде тік және көлденең масштабтау.
• ЖЫЛДАМДЫҚ ЖӘНЕ БЕЙІЛДІЛІК. Ресурстарды бірнеше минутта іске қосу.
• ӘЛЕМ НАРЫҒЫНА ЖЫЛДАМ ШЫҒУ. Бірнеше өңірде екі шертіп іске қосу.
• ЕҢ МЫҚТЫ ҚАУІПСІЗДІК. AWS 90 қауіпсіздік стандарттарын қолдайды және сертификаттау талаптарына сәйкес келеді, клиенттік деректерді сақтауға арналған барлық 117 AWS сервис деректерді шифрлау мүмкіндігін ұсынады.
• БҰЛТТЫ СЕРВИСТЕРДІҢ КЕҢ ШОҒЫРЫ. AWS технологиялардың, салалардың және пайдалану сценарилерінің кең шоғырына арналған 200-ден астам толық функционалды сервис ұсынады.
Бұлтты сервистер Сізге керек, егер:
• Сізде географиялық тұрғыдан кең таралған филиал көп болса
• Барлық өңірде есептеу қуаты (серверлер) керек болса
• Барлық өңірден қосылуға болатын қашықтағы сенімді сақтау орны қажет болса
• Қызметкерлер үшін ІТ-инфрақұрылымы бар қашықтан қызмет ету мүмкіндігі қажет болса (телефония, сақтау, сервер)
• Әлемнің кез келген жерінде мобильді және қолжетімді веб-порталдарды (банк-клиенттер, сайттар, онлайн-дүкендер) көшіру керек болса
• Оқу немесе жұмыс IT инфрақұрылымын сынауға сынақ платформалары қажет болса
• Сідез операциялық және экономикалық қызметте ІТ қолданатын орта және ірі бизнес болса
AWS-тің негізгі қызметтерінің таралымы
• Икемді масштабтау мүмкіндігі бар бұлттағы виртуалды серверлер
• Интернетті іске қосу – қосымшалар және оларды ьасқару
• Серверлерге уайымдамай бағдарламалық кодты іске қосу
• Kubernetes және контейнерлеу
• Басқарылатын кластерлер
• Дерекқордың 15-тен астам арнаулы үлгісі
• Бұлттағы масштабталатын деректерді сақтау орны
• Бұлтты датаорталықтарға дейін бөлінген арналар
• Технологиялардың, салалардың және пайдалану сценарийлерінің кең шоғырына арналған 200-ден астам толық функционалды сервис