Қызмет «Скоринг»
Бизнесті тиімді жүргізуге арналған шұғыл ақпарат!
Қызмет сипаттамасы
-
Скоринг – бұл абоненттің Beeline желісіндегі тәртібінің негізінде, тапсырыс берушіге қажетті оқиғаларды болжауға мүмкіндік беретін қызмет.
Қызметтің сипаттамасы:
Скоринг – бұл абоненттің Beeline желісіндегі тәртібінің негізінде, тапсырыс берушіге қажетті оқиғаларды болжауға мүмкіндік беретін қызмет.
Бағаланатын оқиғалардың үлгісі:
- Қарызды қайтару мүмкіндігі;
- Алаяқтық әрекеттерге бару мүмкіндігі;
- Өнімді сатып алуға бейімдігі;
- Кету мүмкіндігі.
Тапсырыс берушінің клиентін бағалау нәтижесі – скоринг ұпайы.
Өнімнің артықшылықтары мен мүмкіндіктері:
- Болжамға арналған деректердің өзектілігі (деректер күн сайын жаңартылады);
- Деректердің тереңдігі (деректер 3 жылға дейін сақталады);
- Онлайн режимде скоринг ұпайын жіберу үшін тапсырыс берушінің жүйелерімен үйлестіру мүмкіндігі және автоматтандыру;
- Үлгілеудің классикалық және заманауи алгоритмдерін скоринг карталарын – нейронды желілерді, XgBost, үлгілер ансамблін, SMV және т.с.с. қолдану.
Болжамға арналған бірегей ақпараттардың үлкен көлемі:
- Абоненттің әлеуметтік-демографиялық бейнесі;
- Абоненттің коммуникативтік бейнесі;
- Абоненттің қаржылық бейнесі;
- Абоненттің геотаргеттік бейнесі.
Қосымша ақпарат
- Өзіндік скорингтік үлгілерді қолдану және тапсырыс берушінің өніміне сай жеке үлгілерді құру мүмкіндігі;
- Скоринг ұпайларын абонент келіскен жағдайда ғана алуға болады;
- API арқылы тапсырыс берушінің жүйелерімен үйлестіру;
- Скоринг ұпайлары тек Beeline нөмірлері бойынша есептеледі;
Толық ақпарат алу және /немесе қызметті қосу үшін Сізге Компанияңыздың корпоративтік менеджеріне хабарласу, я болмаса корпоративтік қызмет көрсету бөліміне қоңырау шалу керек, телефондары: 116 (ұялы телефоннан), +7(727)3500600 (қалалық телефоннан)