Жауап берілмей қалған қоңыраулар туралы хабарлау сервисі
-
Тегін қызмет, ол Сіз шалған қоңырау туралы хабарламаны шақырылып отырған абоненттің телефонына келесі жағдайларда жібереді:
- теңгерімде қаражат жеткіліксіз болса
- шақырылып отырған абонент бос болмаса
- қоңырау қайтарылса
- шақырылып отырған абонент байланыс аясынан тыс жерде болса
Қанша тұрады?
Қызмет тегін көрсетіледі және ол тарифке қосылған
Қосу жолы
Қосу:
Қызмет желінің базалық техникалық баптауы. Баптаулар жаңа абоненттерде де, қосылып тұрған абоненттер де желінің базалық қызметі түрінде өздігінен бапталады.
Өшіру:
Қызметті өшіру үшін, мобильді телефоннан 0799 нөмірі арқылы Call-орталығына қоңырау шалыңыз.
Қосымша ақпарат
Біз қысқа қоңырауларды болашақта клиенттердің өздері қосып, өшіре алатындай мүмкіндігін қамтамасыз ету жолында жұмыс істеп жатырмыз.