Басты бет / Жаңалықтар

Beeline дауыстық қоңыраулардың мүмкіндігін кеңейтуде

23 қыркүйек 2019 ж., Нұр-Сұлтан қ. Beeline Қазақстан өткізген «Voice over LTE» сервисінің сынағы сәтті болды. Бұл – дауыстық қоңырау шалу мүмкіндігі, мұнда сигнал интернет арқылы шифрланып, жолданады. Технология мәліметтерді жолдау жылдамдығын төмендетпей және қоңырау кезінде 3G, 2G желілеріне ауыспай, телефон арқылы сөйлесуге мүмкіндік береді.

«Beeline эволюциялық және революциялық технологияларды енгізеді. Солардың бірі -VoLTE. Қазір қоңырау кезінде 4G стандартындағы интернетке қосылу техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Жаңа шешім, телефонмен сөйлесіп тұрғанда интернет жұмысын тоқтатпауға – мысалы, әлеуметтік желілерді, сайттарды қарап, тіпті ажыратымдылығы жоғары сапада видео көруге мүмкіндік береді. Одан бөлек, VoLTE сервисін қолдану кезіндегі дауыстық қоңыраудың сапасы өте жоғары», - деп Beeline Қазақстанның Техникалық директоры Олег Снимщиков.

2019 жылдың басында Beeline желінің ауқымды модернизациясын бастағанының арқасында VoLTE сервисін сынақтан өткізу мүмкін болды. Модернизация қалаларда «өлі» аймақ қалдырмай, интернеттің жоғары жылдамдығын қамтамасыз ететін жаңа базалық станцияларды салу мақсатында желінің таралымын толық талдауды қарастырады. VoLTE-ні коммерциялық мақсатта енгізу желінің модернизациясы аяқталған соң басталады.

Қазір Beeline байланысына Қазақстанның 3700-ден астам қаласы мен елді мекенінде қол жеткізуге болады. Бұл жалпы халықтың 95%-ы, олардың 65%-ы 4G стандартындағы интернетке қосыла алады. Beeline желісі 1999 жылы ашылған, содан бері барлық заманауи стандартқа жауап бере отырып, сәтті жұмыс істеп келеді.

***

Beeline Қазақстан — абоненттер саны бойынша көш басында!

Компания мобильді және тұрақты телефония қызметін, халықаралық және қалааралық байланыс, мәліметтер жолдау,  оптикалық-талшықты қосылу, сымсыз технологиялар,  Wi-Fi, үшінші және төртінші буындағы желілер негіздерінде интернетке қосылу қызметтерін көрсетеді. Әдепкі қызметтер тізімінен бөлек, Beeline көптеген digital амал-шарт ұсынады, олар: мобильді қаржы, мультимедиялық сервистер, конвергентті қызметтер, NB-IOT бұйымдар интернеті, сондай-ақ  M2M, MDM, E2E шешімдері.

Reputation Institute-ның абыройлық аудитінің қорытындысы бойынша Beeline Қазақстан еліміздегі ең құрметті оператор болып танылды.

Оператор штаб-пәтері Амстердам (Нидерланды) қаласында орналасқан, «Veon» халықаралық  телекоммуникациялық холдингінің бір бөлігі. Veon – телекоммуникациялық және интернет-қызметтердің жаһандық провайдері, оның акциялары NASDAQ және Euronext Amsterdam нарықтарында сатылады.

***

Қосымша ақпарат алу үшін:

Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік қатынас қызметі,
PR@beeline.kz