«Тағы да еселе» акциясы барлық «Жарқын» тарифінде

Интернет бітіп қалып, келесі аб.төлемге дейін әлі көп уақыт бар ма? Теңгерімді толтырып, тарифті қайта қосыңыз, Beeline Гигабайтты бір айға екі есе көбейтеді!

Акция 2021 жылғы 3 наурыз бен 10 шілде арасында жүреді.

Акцияға қалай қатысуға болады?
Ыңғайлы жолын таңдаңыз:

Қолданба арқылы

«Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қолданбасының соңғы нұсқасын жүктеңіз.

Сізде «Жарқын» тарифі екенін және қаражатыңыз або.төлемге жететініне көз жеткізіңіз.

«Менің тарифім» бөліміне өтіп, «Тарифті қайта қосуды» шертіңіз – аб.төлем ұсталып, тариф қалдығы жойылады, топтамалар қайта беріледі де, ГБ сол сәтте екі есе көбейеді.

Пәрменмен

Сізде «Жарқын» тарифі қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Тексеру оңай: *166#

Теңгеріміңіздегі қаражат аб.төлемге жететініне көз жеткізіңіз.
Пәрмені: *102#

*355# пәрменін теріңіз ─ аб.төлем ұсталып, тариф қалдығы жойылады, топтамалар қайта беріледі де, ГБ сол сәтте екі есе көбейеді.

Сізде басқа тариф пе?
Мәселе емес! Қолайлы тарифті мына жерден таңдаңыз 🙂

Акция туралы толық ақпарат

ГБ екі есе көбеюі үшін, тарифті қашан қайта қосу керек?

Абоненттік төлем ұсталуына 3 күнінен көп қалса, айдың кез келген күні.

ГБ-ны екі есе көбейту қанша тұрады?

Екі есе көбейткеніміз үшін ақша алмаймыз :) Бір ғана шарты бар: *355# пәрменімен немесе «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қосымшасында тарифті қайта қосу керек – аб.төлем ұсталып, тариф қалдығы жойылады, топтамалар қайта беріледі де, ГБ сол сәтте екі есе көбейеді.

Акцияға кім қатыса алады?

«Жарқын» тарифін қосқан барлық жан.

Ал «Жарқын келісімшарт», «Жарқын promo», «Жарқын bonus» және «Жарқын архивтік» тарифтерінде акция жоқ.

Екі есе көбейтілген ГБ-ны не істеуге болады?

Екі есе көбейтілген ГБ-ны бөлісугесыйлауға тіпті минуттарға ауыстыруға болады.

Екі есе көбейтілген ГБ-ның жарамдылық мерзімі бар ма?

Екі есе көбейтілген интернет-трафик келесі абоненттік төлем ұсталғанша жарайды. Пайдаланып үлгеріңіз – ГБ көшірілмейді :)

Тарифті неше рет қайта қосып ГБ-ны екі есе көбейтуге болады?

Акция жүріп тұрған кезде, абоненттік төлем ұсталуына 3 күнінен көп қалса, күн сайын қоссаңыз да болады – бірақ тәулігіне 1 реттен көп емес 🙂

Тек негізгі интернет-топтама көбейтіледі. Мысалы, тарифте 6 ГБ берілсе, бірінші және екінші рет көбейтілгенде, 12 ГБ аласыз.

ГБ көбейгенін қалай білуге болады?

Тарифті қайта қосқан соң, Сізге 2 хабарлама келеді, біреуі – топтамалардың қалпына сәтті келтірілгені туралы, екіншісі – ГБ-ның екі есе көбейгені туралы. Оған қоса, ГБ-ларыңызды *106# пәрменімен немесе «Менің Beeline-ым (Қазақстан)» қолданбасында тексере аласыз.

#КөпБолады немесе «Бәріне біреу» қызметі қосылып тұрса, тарифті қайта қосқанда қанша сома ұсталады?

Сізде #КөпБолады қызметі қосылып тұрса, тарифті қайта қосқанда, қызметтің аб.төлемі тарифтің аб.төлемімен бірге ұсталады. Мысалы, Сізде «Жарқын 2590» тарифі #КөпБолады қызметімен бірге қосылып тұрса, қайта қосқанда, 3380 теңге (2590 тг тарифтікі + 790 тг #КөпБолады қызметінікі).

Сізде «Бәріне біреу» қызметі қосылып тұрса, тарифті қайта қосқанда, әр қосымша нөмірдің аб.төлемі тарифтің аб.төлемімен бірге ұсталады. Мысалы, Сіздің «Жарқын 3990» тарифіңізге 1 қосымша нөмір қосылып тұрса, тарифті қайта қосқанда, 4980 теңге алынады (3990 тг тарифтікі + 990 тг қосымша нөмірдікі).