«СуперВиза» деген не?
«СуперВиза» – бұл қосымша қызмет, оны қосқан сәтте Сізге күн сайын роумингте сөйлесуге арналған минуттар топтамасы беріледі. Берілетін топтаманың көлемі Сіз барған географиялық аймаққа байланысты болады. |
Қанша тұрады?
Қосу құны |
0 тг | |
Топтама құны |
490 тг | |
ТМД, Грузия және Италия |
||
Топтамадағы тегін қызметтер |
25 мин | |
Топтаманың сыртындағы қызметтің құны |
29 тг/мин | |
Топтаманың әрекет ету мерзімі |
1 күн | |
Еуропа, Азия және Америка |
||
Топтамадағы тегін қызметтер |
15 мин | |
Топтаманың сыртындағы қызметтің құны |
59 тг/мин | |
Топтаманың әрекет ету мерзімі |
1 күн |
Қосымша ақпарат
- Сіз әріптестік желіге тіркеліп, роумингте тәуліктегі алғашқы қоңырауды соққан кезде немесе қоңырау қабылдаған кезде, минуттар топтамасы беріліп, 490 теңге ұсталады. Егер Сіз роумингте қоңырау соқпасаңыз немесе қоңырау қабылдамасаңыз, 490 теңгеге тең абоненттік төлем ұсталмайды;
- Берілген минуттар Астана уақыты бойынша тәуліктің соңына дейін әрекет етеді. Оларды Қазақстанның және келген еліңіздің кез келген нөміріне қоңырау соғуға және қоңырау қабылдауға пайдалануға болады. Қолданылмаған минуттар келесі тәуліктерге көшірілмейді;
- Басқа бағыттарға қоңырау соғу (халықаралық қоңыраулар), сондай-ақ SMS пен GPRS роумингтің әдепкі тарифтері бойынша тарифтеледі;
- Тегін минуттар аяқталған соң, Сіз тиісті SMS хабарлама аласыз;
- Қызметті Қазақстанның территориясында және роумингте қосуға болады.
Қай елдерде әрекет етеді?
«СуперВиза» қызметі келесі елдерде әрекет етеді:
Аймақ - ТМД, Грузия және Италия
Келесі елдерде кез келген оператордың желісінде:
Армения, Грузия, Италия, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан,Өзбекстан, Украина
Аймақ - Еуропа, Азия және Америка
Келесі елдерде кез келген оператордың желісінде:
Австрия, АҚШ, Бельгия, Біріккен Араб Әмірліктері, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Германия, Греция, Гонконг, Дания, Джерси (арал), Жапония, Израиль, Испания, Канада, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Мальта, Монако, Мысыр, Нидерланды, Норвегия, Оңтүстік Корея, Польша, Сауд Арабиясы, Сербия, Словения, Туркия, Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия, Швейцария, Шри-Ланка, Эстония.
Келесі елдерде, Еуропа, Азия және Америка аймағында, әріптестік желіде:
Ел | Телефонның бейнебетіндегі әріптестік желінің атауы |
Албания | EAGLE AL/ALB 03/ 276-03 AMC MOBIL/ AMC-AL/ 276-01 |
Индонезия | IND SATELINDOCEL/ SAT-C/ 510-01 |
Ирландия | Vodafone/ IRL Voda/ Eircell/ Eir Gsm/272-01 |
Кипр | Cytamobile-Vodafone/ CY CYTAGSM/ CY GSM/ CytaVoda/ 280-01 |
Кипр (Солтүстік) | Turkcell/ TCELL/286-01 |
Косово | Mobitel/ iPKO Net/293-41 |
Латвия | Bite Latvija/ Bite LV/ 247-05 |
Македония | Vip operator/ Vip MK/294 03 |
Румыния | Orange/ Dialog/ Alo/ 226-10 |
Сингапур | M1/ SGP-M1/ M1-3GSM/525-03 StarHub/ SGP05/525-05 |
Словакия | Telefonica O2 Slovakia/ O2 - SK/231-06 |
Таиланд | Real Future/ TRUE/ TH99/ 520-99 AIS GSM/ TH GSM/520-01 |
Швеция | Telenor SE/240-08 |
Теңіз және әуе кемелеріндегі роуминг жеке тарифтер бойынша тарифтеледі. Қызметтер мен науқандар оларға таралмайды.
2016 жылғы 16 қыркүйектен бастап «СуперВиза» қызметі Әзербайжанда, Беларусияда және Молдовада жабылады. Толығарақ
Қызметті қосу және өшіру
Қосу пәрмені |
*120*111# | |
Өшәру пәрмені |
*120*110# | |
Қызмет 30 күнге қосылады, содан кейін өздігінен өшіріледі немесе *120*110# пәрменін теріп, қызметті өзіңіз өшіріп қоя аласыз |
Роумингте қалай қоңырау соғуға болады?
Роумингте болған жағдайда, нөмірді халықаралық үлгіде теру қажет екенін естеріңізге саламыз (SMS жолдау кезінде де):
+ (елдің коды)(қаланың немесе оператордың коды)(абоненттің нөмірі)
Мысалы, Роумингте Қазақстанға қоңырау соғу үшін
8 -777 - XXX - XX – XX нөмірін
былай теру қажет +7 777 XXX - XX - XX
(7 – Қазақстанның коды, 777 - Beeline операторының коды, ХХХ - ХХ - ХХ абоненттің нөмірі)
Білу маңызды!
Сапарға шығар алдында, *120*600# пәрменін теріп, Сізде Роуминг қызметінің қосылғанына көз жеткізіңіз. Егер сапар барысында мобилльді интернетті қолданғыңыз келсе, Сізде GPRS негізіндегі үш қызмет топтамасы белсендірілгеніне көз жеткізіңіз. Клиенттерді қолдау орталығына хабарласыңыз: 0611 немесе +7 7273 500 500 (тіпті роумингте де тегін).
Назар аударыңыз! Роумингте Интернет жұмыс істеуі үшін, телефоныңыздың баптауларындағы «Роумингтегі мәліметтерді» қосу керек. Есеп айырысудың аванстық үлгісіне қосылған абоненттердің назарына:
- Қазақстанның территориясында «СуперВиза» қызметін қосқан сәтте, Роуминг қызметі өздігінен қосылады
- Аталған елдерде «СуперВиза» қызметін қолдану үшін, әр тәулікте шотыңызда 490 теңгеден жоғары сома болуы керек;
- «СуперВиза» қызметін «Жеңіл роуминг+» қызметтерімен бірге қосуға болады. Мұндай жағдайда, тарифтелу «СуперВиза» қызметі әрекет ететін елдерде, осы қызметтің шарттарына сай жүреді. Басқа елдерде тарифтелу жоғарыда аталған қызметтердің шарттарына сай жүреді;
- «СуперВиза» қызметін қосқан сәтте, «Бүкіләлемдік роуминг», «СуперВиза L» және «СуперВиза XL» қызметтері көрсетілмейді және бұрынырақта қосылған болса, өздігінен өшіріледі.
Науқанның әрекет ету мерзімі 2016 жылғы 31 қыркүйекке дейін
Бағалар ҚҚС есебімен көрстілген
Қызметке аванстық есеп айырысу абоненттері қосыла алады