Түнгі шексіздік
Түнгі шексіз интернет 00:00-ден 07:00-ге дейін (Нур-Султан уақыты бойынша).
Қызмет сипаттамасы
-
Түнгі шексіз интернет 00:00-ден 07:00-ге дейін (Нур-Султан уақыты бойынша).
Қанша тұрады?
Абоненттік төлем, аптасына | 290 тг |
Қызметті өшіру
Өшіру пәрмені |
Қызмет көрсету шарттары
- «Түнгі шексіздік» қызметі сағат 00:00-ден 07:00-ге дейін (Нур-Султан уақыты бойынша) шексіз интернет береді.
- Абоненттік төлем апта сайын сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін ұсталады. Егер төлем ұсталатын күні теңгерімдегі қаражат жетпейтін болса, қызмет бұғатталады және интернеттің тарифтелуі, теңгеріміңіз абоненттік төлем сомасына толтырылғанға дейін, тарифтік жоспарыңыздың шарттарына сай жүреді;
- Трафиктің орынсыз шығынының және теңгерімнен ақша ұсталуының алдын алу үшін, қызметті қолданар алдында барлық белсенді интернет-қосылысты ажыратуға кеңес береміз. 00:00-ге дейін басталған сессиялар трафикті негізгі интернет-топтамадан шығындауы немесе тарифтік жоспардың шарттарына сай тарифтелуі мүмкін;
- «Түнгі шексіздік» қызметімен бірге жұмыс істемейтін қызметтер/тарифтер: #КөпБолады, #БәріБолады, #БәріБолады7, «Анлим» тариф жоспары;
- Теңгерімде қаражат болса ғана, қызметті тұтынуға болады;
- 70 ГБ трафик шығындалған соң, интернет жылдамдығы түнде де, күндіз де 256 Кбит/сек-ке дейін баяулайды. Жылдамдықты *599*77# пәрменімен қалпына келтіруге болады, бұл орайда қызметтің аб.төлемі қайта ұсталады.
- Қызмет Қазақстан Республикасының аумағында көрсетіледі. Қазақстан Республикасынан тыс шыққанда, абоненттік төлем ұсталмас үшін, қызметті өшіріп қоюға кеңес береміз, себебі, интернеттің тарифтелуі роумингтегі қызметтер үшін бекітілген тарифтер бойынша жүреді.