Басты бет / Жарқын жаққа — Beeline-ға көшіңіз! / Жарқын жаққа — Beeline-ға көшіңіз!

Бізге өз нөміріңізбен ауыса аласыз. 

Beelineға диваннан тұрмай-ақ ауысыңыз!

Өз адамымыздай қабылдаймыз!  😊 

 

Жаңа нөмір керек пе? Мына жерде тапсырыс беріңіз

Бір, екі, үш — болды, Beeline-дасыз!

 

1-қадам. Нөміріңізді көшіруге болатынына көз жеткізіңіз:

1    Нөміріңіз белсенді ме, тексеріңіз:

Ол бұғатта болмауы, яғни Сіз одан қоңырау шала алуыңыз, интернетке шыға алуыңыз және басқа да операцияларды жасай алуыңыз керек.

2. Нөмір өз ЖСН-іңізге тіркелген бе, тексеріңіз:

Tele2, Altel және Jusan Mobile: *835#
Kcell және Activ: *562#

Егер басқа ЖСН-ге тіркеліп тұрса, қазіргі операторыңызға хабарласып, нөмірді атыңызға тіркеңіз.

🐝 IZI және ForteMobile абоненттеріне:
Сіздің нөміріңізді тек Beeline кеңсесінде көшіруге болады. Жеке куәлігіңізді немесе төлқұжатыңызды ала келуді ұмытпаңыз.

3. Нөміріңізде қарыз жоқ па тексеріңіз:

Бұл ақпаратты операторыңыздан анықтап біліңіз.

Бастаймыз ба?
Beeline-ға ауысудың ыңғайлы жолын таңдаңыз:

Егер Beeline нөмірі мен біздің қосымшамыз болмаса:

1

«Менің Beeline-ым (Қазақстан)»қосымшасын орнатыңыз.

2

«Beeline абоненті болу» → «Өз нөміріңмен ауысу».

3

Тарифті таңдаңыз.

4

Сәйкестендіруден өтіңіз.

5

SIM-картаны алу әдісін таңдаңыз:

  • eSIM

    Смартфонға кіріктірілген виртуалды SIM-картамен Beeline-ға ауысуға болады. Толық ақпарат мында.

  • Online SIM

    Уақытша SIM-картаны біздің кеңседен немесе сату нүктесінен алуға болады. Соған Beeline-ға ауысқыңыз келетін нөмірді тіркесеңіз болды.

Егер Beeline-ның басқа нөмірімен авторизациядан өтсеңіз:

1

Қосымшаға кіріп, жоғары жағындағы өз нөміріңізді, содан соң «Шығу» пернесін басыңыз.

2

Жоғарыдағы нұсқауды екінші баптан бастап орындаңыз :)

Жеке куәлігіңізді алып Beeline-ның жақын маңдағы кеңсесіне, салонына немесе сервистік аумағына барыңыз.

Тариф жоспарын таңдап, Beeline-ның жаңа SIM-картасын таңдаңыз.

10 минут, содан соң жарқын жақта – Beeline-да боласыз!

Beeline-да болғанның несі керемет? 😊

Beeline-мен Сізде Қазақстандағы мобильді интернет сапасы жағынан БІРІНШІ интернет.
VIGO дәлелдеген.

Бізде өз SIMPLY нео-банкіміз бар. Елестетіңізші, нөмірдің теңгерімі = банктегі шот + әр транзакция үшін супербонус!

Beeline нөмірімен цифрлы BeeTV-ді смартфоннан немесе басқа құрылғыдан трафик шығындамай көріңіз.

 

Мұнымен біткен жоқ, әрине!

Нөмірді көшіру туралы не білу керек?

«MNP-көшіру» деген нені білдіреді?

MNP (Mobile Number Portability) — байланыс операторын ауыстыру, мұнда Сіз нөміріңізді басқа желіге көшіресіз.

Нөмірді көшіру үшін не керек?

Келесі 3 шарттың сақталғанына көз жеткізіңіз:

1. Нөмір Сіздің ЖСН-іңізге тіркелген болуы тиіс.

Тексеру үшін *835# (Tele2, Altel и Jusan Mobile) немесе *562# (Kcell и Activ) пәрменін теріңіз.

Егер нөмір басқа біреудің атында болса, қазіргі операторыңыздан деректерді жаңартуды сұраңыз.

2. Нөмірді соңғы көшірген сәттен кемінде 60 күн өтуі керек.

Егер нөміріңізді бір оператордан екіншісіне жақында көшірсеңіз, біраз күтіңіз де, кейінірек қайта өтініш беріңіз.

3. Қазіргі операторыңызға қарызыңыз болмауы керек.

Егер Сізде, мысалы, теңгерім минус болса немесе бөліп төлеуге алған смартфонның өтелмеген қарызы болса — төлеуіңізді өтінеміз.

Жеке куәлігіңізді немесе төлқұжатыңызды ұмытпаңыз: нөмірді көшіру барысында жеке басыңызды куәландыру керек болады.

Қанша тұрады?

Нөмірді көшіру тегін.

Төлем сомасы таңдаған SIM-картаңызға байланысты:  

eSIM: таңдаған тарифіңіздің абоненттік төлемін ғана төлейсіз.

SIM жеткізу: ірі қалаларда жеткізу құны 500 тг + таңдаған тарифіңіздің абоненттік төлемі.

Smart SIM: Егер біздің кеңседен бос SIM-картаны сатып алсаңыз, таңдаған тарифіңіздің абоненттік төлемін төлеу ғана қалады.

Бұрынғы оператордағы тарифім мен теңгерімім не болады?

Тариф жоспарыңыз бен теңгеріміңіз көшірілмейді. Бұрынғы операторыңызда болғанның бәрі бұрынғы операторда қалады 😊

Нөмірді көшіру қанша уақыт алады?

Өтінішті 00:00-ге дейін жібердіңіз бе? Көшірудің барлық шарты сақталса, өтініш 45 минутта өңделеді.

Жарқын жаққа 00:00-ден кейін көшіп жатырсыз ба? Таңның атуын күтіңіз. Өтініш 09:00-ден кейін өңделеді.

Біз қызметті тәулік бойы көрсету бағытында жұмыс істеп жатырмыз.

Байланысты бірден қолдана беруге бола ма?

Иә, Beeline SIM-картасы іске қосылған соң, Сізге ауысқаныңыз туралы хабарлама келеді, ал экранда Beeline KZ атауы шығып тұрады. Алайда, нөмірді көшіргенде байланыс уақытша шектелуі мүмкін (1 сағаттың ішінде).

Іске қосылғанына бір сағттан артық уақыт өтсе де байланыс жоқ па? Біздің қолдау қызметімізге хабарласыңыз, сілтемесі міне.

Байланыс бар, бірақ басқа мобильді операторлардың нөмірінен қоңырау келмей тұр ма? Біздің қолдау қызметімізге хабарласуыңызды өтінеміз, сілтемесі міне.

Нөмірді көшіргенде, тағы нені ескеру керек?

Жауап берілмей қалған қоңыраулар туралы SMS біраз уақыт келмеуі мүмкін

Нөмірді көшірген соң, «Хабарда бол!» қызметі уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін. Яғни техникалық себептерден, жауап берілмей қалған қоңыраулар туралы хабарлама біраз уақыт келмеуі мүмкін. Біз бұл мәселені шешу барысында жұмыс істеп жатырмыз.

1414 пен еGov-тан SMS біраз уақыт келмеуі мүмкін

Егер Сізде сондай қиындық туындаса, біздің қолдау қызметімізге хабарласуыңызды өтінеміз, сілтемесі міне. Сізге міндетті түрде көмектесеміз.

Я болмаса, Мобильді азаматтар базасынан нөміріңізді өшіріп, қайта тіркеу өтінішімен eGov-қа хабарласуыңызға болады. .

iPhone-ыңыз Ұлыбританияға ақылы SMS жібере бастауы мүмкін

Мұның нөмірді көшіруге мүлде қатысы жоқ: ол iOS операциялық жүйесінің ерекшелігі Бұл мәселені шешу үшін, нұсқауға сай әрекет етіңіз: «Баптауларға» кіріңіз → FaceTime → Сәйкестендіруден өтіңіз → «Геопозицияны өзгерту» → «Өңір» графасында жүрген еліңізді (Қазақстан) көрсетіңіз → «Сақтауды» басыңыз.

Мен басқа елдің азаматымыг. Beeline-ға қалай көшемін?

Жарқын жаққа көшуіңіз үшін, Қазақстанда ЖСН-іңіз болуы тиіс. Егер ЖСН бар болса, Beeline-ның кез келген кеңсесіне барыңыз, Сізге міндетті түрде көмектеседі.

ЖСН-ді кез келген ХҚКО-дан «Шетелдіктергі және ҚР азаматтығы жоқ, уақытша жүрген жандарға ЖСН беру» қызметі арқылы алуға болады.

Нөмірімді көшіруден бас тартылса не істеймін?

Уайымдамаңыз! Жоғарыда көрсетілген барлық шарттың орындалғанына көз жеткізіп ( «Нөмірді көшіру үшін не керек?» бабы), қайта өтініш беріңіз.

Бас тартудың басқа себептері: Нөміріңіз мемлекеттік органдардың талабымен бұғатталған. Сізде осы нөмірді көшіруге белсенді өтініш бар.

Ақпарат алдын ала төлем жүйесінің клиенттеріне арналған.

Ақпарат алдын ала төлем жүйесінің клиенттеріне арналған.

Назар аударыңыз: тек қосулы нөмірді (өзіңіз қолданып жүрген) ғана көшіруге болады. Өтінішті жұмыс уақытында берсеңіз (08.00-01.00), Сізге 15 минут ішінде хабарласамыз
Жіберілген өтініш дербес деректерді өңдеуге келісетініңізді білдіреді.