Мобильді абоненттерге арналған BeeTV

BeeTVзаманауи онлайн-телевизия. Қосыңыз да, кез келген ТВ-арнаны, фильмдер мен телехикаяларды кез келген құрылғыдан көріңіз.

Көруді бастау жолы

  1. Қосымшаны құрылғыға (смартфон, ТВ-жалғама немесе SmartTV) жүктеңіз немесе https://beetv.kz сайтын ашыңыз
  2. Телефон нөміріңізбен тіркеліңіз
  3. Ұнаған жазылымыңызды қосыңыз немесе BeeTV Free-де тегін контентті көріңіз  

ЕгерBeeline абоненті болсаңыз

  • Контент көргенде, мобильді трафик шығындалмайды

Егер смартфонды модема режимінде қолдансағыз, ТВ-арналарды көргенде ғана трафик шығындалмайды

  • Жазылымға мобильді теңгерімнен төлей аласыз

Егер басқа ұялы байланыс операторының абоненті болсаңыз

  • Контент көргенде, мобильді трафик тариф жоспарыңыздың шарттарына сәйкес шығындалады
  • Қосымшада банк картаңызды тіркеп, жазылымға төлей аласыз.  
  1. AppStore немесе PlayMarket ресурсын ашыңыз
  2. Іздеу жолына «BeeTV» деп жазып, қоңырау шалу пернесін басыңыз
  3. BeeTV (Қазақстан) қосымшасын табыңыз, белгісі:
  4. Соны орнатыңыз
  5. Мобильді нөміріңізбен тіркеліңіз немесе авторизациядан өтіңіз
  1. Жалғаманың басты мәзірінен Google Play Store-ды табыңыз

Іздеу жолына «BeeTV» деп жазып, енгізу пернесін басыңыз

  1. BeeTV (Қазақстан) қосымшасын табыңыз, белгісі:
  2. Соны орнатыңыз
  3. Мобильді нөміріңізбен тіркеліңіз немесе авторизациядан өтіңіз

Немесе AndroidTV-ге арналған орнату файлын мына сілтемеден жүктеңіз.

Маңызды! Қосымшаны 2016 жылы шыққан және одан жаңа LG және Samsung Smart TV-лерге орнатуға болады. Одан бұрынғы үлгілерге қосымша орнатылмайды.

  1. Smart мәзіріне кіріңіз (үй сияқты немесе Smart жазуы бар үй сияқты белгіні табыңыз)
  2. «Қосымшалар» немесе APPS мәзірін ашыңыз
  3. Іздеу жолына «BeeTV» деп жазып, енгізу пернесін басыңыз
  4. BeeTV (Қазақстан) қосымшасын табыңыз
  5. Орнату пернесін басыңыз
  6. Мобильді нөміріңізбен тіркеліңіз немесе авторизациядан өтіңіз

SmartTV-ге қосымшаны орнатудың толық нұсқаулығы:

  • LG теледидарына

ЕгерBeelineабоненті болсаңыз

Жазылым

Күндік құны

Айлық құны

Сынау кезеңі

Kino

65 ₸/күніне

1490 ₸/айына

14 күн

Super TV

55 ₸/күніне

1290 ₸/айына

15 күн

START

35 ₸/күніне

1199 ₸/айына

7 күн

Sport

49 ₸/күніне

1290 ₸/айына

7 күн 

Kids

18 ₸/күніне

490 ₸/айына

күн

Басқа ұялы байланыс операторының абоненті болсаңыз

Жазылым

Айлық құны

Сынау кезеңі

Kino

1490 ₸/айына

14 күн

Super TV

1290 ₸/айына

15 күн

START

1190 ₸/айына

7 күн

Sport

1290 ₸/айына

күн

Kids

490 ₸/айына

күн

Тегін! Жазылымды қосымшада ауыстыра аласыз: «Жеке кабинет» -> «Жазылымдар» бөлімі.

Beeline абоненті болсаңыз

  1. BeeTV қосымшасында авторизациядан өтіңіз
  2. «Аккаунттарға» кіріңіз
  3. «Жазылымдар» бөлімін ашыңыз
  4. Тиісті жазылымды таңдап, «Өшіру» пернесін басыңыз

Жазылым сол сәтте өшіп, Сізге SMS-хабарлама келеді.

Жазылымды қосымшалар дүкенінде өшіре аласыз.

Смартфоныңыз iOS жүйесінде болса:

  1. App Store-ға кіріңіз
  2. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы белгіңізді/аватарыңызды шертіңіз
  3. Жазылымдарды басқару» бөліміне өтіңіз
  4. Өшіргіңіз келетін жазылымды таңдаңыз
  5. «Жазылымды өшіру» пернесін шертіп, әрекетіңізді растаңыз

Смартфоныңыз Android жүйесінде болса:

  1. PlayMarket-ке кіріңіз
  2. «Төлемдер мен жазылымдарды» таңдаңыз
  3. «Жазылымдар» бөліміне өтіңіз
  4. Өшіргіңіз келетін жазылымды шертіңіз
  5. «Жазылымнан бас тартуды» басыңыз

Сіз START және BeeTV Free жазылымдарының контентін смартфоныңызға сақтап, оларды интернет жоқ кезде де көре аласыз. 3 күнге дейін көруге болады.

Смартфоныңыз Android жүйесінде болса:

  1. BeeTV қосымшасын ашыңыз
  2. Оң жақ жоғарғы бұрыштағы  таңбасын шертіп, мәзірге кіріңіз
  3.  «Жүктелгендерді» таңдаңыз
  4. «Баптаулар» белгісін басыңыз   
  5. Қаласаңыз, жүктелетін видеоның сапасын өзгертіңіз және жүктеу желісін таңдаңыз
  6. START және BeeTV Free жазылымында сақтағыңыз келетін видеоны табыңыз
  7. белгісін шертіңіз
  8. Сақталған видеоны табу үшін, «Жүктелгендер» бөліміне өтіңіз

Смартфоныңыз iOS жүйесінде болса:

  1. BeeTV қосымшасын ашыңыз
  2. Оң жақ төменгі бұрыштағы «Тағы»    пернесін шертіп, мәзірге кіріңіз
  3. «Жүктеулерді» таңдаңыз
  4. «Баптаулар»   белгісін басыңыз
  5. Қаласаңыз, жүктелетін видеоның сапасын өзгертіңіз және жүктеу желісін таңдап, тез жүктелуі үшін, «Жүктеу кезінде ұйықтама» белгісін қойыңыз

  8. Сақталған видеоны табу үшін, «Жүктелгендер» бөліміне өтіңіз.

Көруге болатын барлық арнаның тізімі мына жерде.

Назар аударыңыз! Qazsport, Qazaqstan арналарын тек Beeline желісінде көруге болады.

Смартфондар, планшеттер:

  • Android 5.0 және одан жоғары
  • iOS 12 және одан жоғары

Smart TV және Android TV:

  • Smart TV функциясы бар, 2016 жылы шыққан және одан жаңа Samsung пен LG теледидарлары
  • Android TV 5.0 және одан жоғары базадағы теледидарлар мен жалғамалар

Дербес компьютерлер:

  • Windows XP және жоғары

Браузерлер:

  • Firefox
  • Safari
  • Opera
  • Chrome

Теледидарыңыздың шыққан жылын үлгінің кодынан көре аласыз.

Оны мына жерден таба аласыз:

  • Теледидардың мәзірінен: мәзірді ашыңыз → «Қолдауды» таңдаңыз → «Samsung-ке» хабарласу
  • Зауыт жапсырмасынан: ол теледидардың артқы панелінде жапсырылған

Теледидар үлгісінің коды цифрлар мен латын әріптерінің құрамы, онда экранның типі, диагоналі, шыққан жылы және басқа ақпарат шифрланған.

Шыққан жылы латын әрпімен беріледі, ол диагональ (екі мәнді сан) мен серия (төрт цифр) цифрларының арасында тұрады. Кейде диагональ мен серияның арасында екі әріп тұрады, мұндай жағдайда олардың алдыңғысы жылды білідреді.

Samsung

D

E

F

H

J

K

M

N

R

T

AU или QN

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

Мысалы, теледидар коды: UE49KS7000UXRU. Диагональ — 49 дюйм, сериясы — 7000. Жылды K әрпі білдіреді, яғни теледидар 2016 жылы шыққан.  

LG

L

LW, LM, PA, PM, PS

N, A

B

F

H

J

K

M

N

P

Q

2011

2012

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

Мысалы, теледидардың коды: LG 55UJ750V. Диагоналі — 55 дюйм, сериясы — 7. U әрпі теледидардың сұйықкристалды матрицамен екенін және ажыратымдылығы, UltraHD екенін білдіреді. Ал жылды J әрпі білдіреді, яғни теледидар 2017 жылы шыққан.

Контент сапалы көрсетілуі үшін Smart TV-де қосылу жылдамдығы 20 Мбит/с кем болмауын ұсынамыз.

Бір нөмірге кез келген бес құрылғыны: смартфон, планшет, компьютерден веб-сайт, Smart TV немесе Android TV-ді бірге қосуға болады.

Байланыс нөмірлерінен:
+7 (727) 3 500 500, +7 (727) 3 500 600 — Алматы қаласы мен облысының қалалық нөмірлерінен;
116 —
мобильді құрылғыдан (Beeline клиенттеріне тегін).

E-mail арқылы: beetv@beeline.kz

13.12.2018 жылғы №18022428 лицензия негізінде әрекет ететін «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ары қарай – Оператор), осы шарттарға сай Қызметтерді қолдануды қалайтын тұлғаларға (ары қарай  – Абонент) телевизия хабарларын тарату қызметін ұсынады. Оператор мен Абонент осы шарттардың шеңберінде «Тараптар», ал жеке-жеке – «Тарап» деп аталады.

Телерадио хабарларын тарату қызметтерін ұсыну туралы осы жария шарт (ары қарай мәтін бойынша - Шарттар) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 27.12.1994 жылы шыққан 395-бабына сай, жеке тұлғаларға арналған жария шарт – оферта (ары қарай - Оферта) болып табылады. Абоненттің өтініш жіберу арқылы Қызметті қосуға қатысты әрекеттерді жасауы (соның ішінде Қызмет ақысын төлеуі және оны қолдануы) Абоненттің осы Шарттармен келісетінін (қабылдайтынын) білдіреді және Абоненттің осы Шарттармен толық, әрі даусыз келісуі (Офертаны құптауы) ретінде саналады.

  1. Осы Шарттың мәні
    1. Осы шарттар бойынша Оператор Абонентке теле-, радио хабарларын тарату (ары қарай мәтін бойынша – Қызметтер) қызметтерін ұсынады, ал Абонент Қызмет нәтижесін қабылдауға және олардың ақысын төлеуге міндеттеледі.
    2. Осы шарттардың шеңберінде Оператор Абонент белгілеген/таңдаған теле-, радиоарналар топтамасын таратады, Абонент Оператор тағайындаған төлемді төлеп, Қызметті қосқан соң, оларды көре алады.
    3. Абонент Қызметтерді Сервиске жазылу және оны ұсыну ережелеріне сай қосады, әрі өшіреді. Абоненттерді қосу нұсқаулығы Beeline.kz сайтында жарияланған.
    4. Осы шарт белгісіз мерзімге жасалады.

  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
    1. Абонент құқылы:
      1. Осы Шарттар бойынша Қызметтерді тиісті түрде және дәл уақытында алуға;
      2. Қызметтерді ұсынудың жаңа шарттарымен келіспеген жағдайда, біржақты тәртіппен шартты бұзуға;
      3. тарифтік жоспарын Оператордың тізіміндегі тарифтік жоспарға ауыстыруға.
    2. Абонент міндетті:
      1. Осы Шартқа сай ұсынылған Қызметтердің ақысын төлеуге;
      2. Қызметтеррді қолдану барысында осы Шарттарды, сондай-ақ Оператордың ішкі актілерінде бектіліген басқа талаптарды, техникалық шарттарды, Қызметтерді қолдану ережелерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын сақтауға;
      3. Қызметтерді коммерциялық мақсаттарда қолданбауға, яғни оларды табыс табу мақсатында үшінші тұлғаларға телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету үшін қолданбауға, сондай-ақ шоғырсым арқылы немесе басқа жолмен жұртшылыққа көрсетпеуге, жария түрде орындамауға, эфир арқылы жұртқа хабар таратпауға, соның ішінде жалпылама мәліметті жеткізбеуге;
      4. мәртебесінің, мекенжайының, байланыс деректерінің немесе Қызмет көрсетуде айтарлықтай маңызы бар басқа да мәліметтерінің өзгергені туралы, аталған өзгерістер орын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Операторға жазбаша түрде хабарлауға. Осы тармақ сақталмаса, барлық жауапкершілік Абонентке жүктеледі; 
      5. осы шарттардағы құқықтары мен міндеттерін Оператордың жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаларға бермеуге;
      6. Оператор ұсынған Қызметтерді, сондай-ақ телекоммуникация желілерін және (немесе) қондырғыларын құқыққа қайшы мақсаттарда, соның ішінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян тигізу мақсатында қолданбауға;
      7. Оператор ұсынған телекоммуникация желілерін және (немесе) қондырғыларын телерадио хабарларын тарататын басқа операторлардың қызметтерін ұсыну мақсаттарында қолданбауға.
      8. Абонент Оператордан уақытша қолдану шартымен Қондырғы алса, Шарт бұзылған жағдайда, оны ақаусыз, жұмысқа жарамды күйде қайтаруға. Егер Абоненттің қондырғыны қайтаруға мүмкіндігі болмаса, Абонент оның толық құнын Операторға өтейді.
    3. Оператор құқылы:
      1. Қызметтерді тиісті түрде және дәл уақытында көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай, Абонент міндетті түрде сақтауы тиіс басқа да талаптарды, техникалық шарттарды, Қызметтерді қолдану ережелерін бекітуге;
      2. Абонент осы шарттардың ережелерін (соның ішінде осы шарттарда қарастырылған төлемдерді төлеу ережелерін), техникалық шарттарды және (немесе) талаптарды бұзған жағдайда, сертификатталмаған қондырғыларда қолданса, сондай-ақ профилактикалық және жоспарлы жұмыстар кезінде, апатты жағдайларда, я болмаса жеке және заңды тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян тию қаупі туындаса, Қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе шектеуге;
      3. Болжалды өзгеріс енгізілетін күннен 10 (он) күнтізбе күні бұрын, ал тарифтердің өзгерісіне қатысты болса, болжалды өзгеріс енгізілетін күннен 30 (отыз) күнтізбе күні бұрын Абонентке хабарлай отырып, Қызмет көрсету шарттарын біржақты тәртіппен тағайындауға және (немесе) өзгертуге (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей: теле-, радио арналары тізімін өзгертуге, тарифтер мен төлемдер көлемін өзгертуге). Хабарлама Абонентке тиісті ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында, Оператордың Интернет-ресурсында, төлем шоттарында және т.с.с. жариялау арқылы жеткізіледі. Осы тармақта қарастырылған тәртіппен тиісті ақпарат жарияланған сәттен бастап, тарифтердің өзгеретіні туралы Абонентке тиісті түрде хабарланды деп саналады
      4. Келесі жағдайларда Абонентпен осы Шартқа отырудан бас тартуға:
        1. Қызмет көрсету мемлекеттің қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне, адамдардың денсаулығына немесе қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін болса;
        2. физикалық, топографиялық немесе басқа да табиғи кедергілердің салдарынан қызмет көрсету мүмкін болмаса немесе Абонент орналасқан жерде техникалық мүмкіндік болмаса;
        3. Абоненттің техникалық құралдары осы қондырғының техникалық талаптарына сай болмаса;
        4. Оператор лицензиясының жарамдылық мерзімі тоқтаса.
    4. Оператор міндетті:
      1. осы Шарттарға сай Қызметтерді Абонентке көрсетуге;
      2. Қызмет сапасы нашарлаған жағдайда (техникалық ақаулық және т.б.), ол туралы Абонент мәлімдеген сәттен бастап 48 (қырық сегіз) сағат ішінде туындаған ақаулықты жоюға. Ақаулықтарды жою кезіндегі Қызметтердің ақысы жалпы тәртіппен есептеледі;
      3. Қызметті қауіпсіз ұсынуды қамтамасыз ететін материалдарды (тетіктерді, құрылымдарды) және қондырғыларды қолдануға;
      4. 24 (жиырма төрт) сағаттан аспайтын уақытқа профилактикалық және жөндеу-сервис жұмыстарын жүргізу қажет жағдайларды санамағанда, тәулік бойы Қызмет көрсетуге. Оператор профилактикалық және жөндеу-сервис жұмыстары жүретіні туралы профилактикалық және жөндеу-сервис жұмыстары басталатын сәттен 24 (жыирма төрт) сағат ерте уақыттан кешіктірмей Абонентке хабарлауға міндетті;
      5. осы Шарттарда қарастырылған мерзімде Қызмет көрсету шарттарының өзгергені және (немесе) профилактикалық және жөндеу-сервис жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, Оператордың Интернет-ресурсында және т.б. жолдармен Абонентке ақпарат беруге.

  1. Қызметтердің ақысын төлеу тәртібі
    1. Оператор Қызметтерді алдын ала төлеу негізінде көрсетеді.
    2. Оператор тарататын телеарналар топтамасының құны таңдалған тарифтік жоспарға сай есептеледі.
    3. Қызмет туралы толық ақпарат (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, жаңа тарифтік жоспарлар енгізілетіні және/немесе қолданыстағы тарифтік жоспарлар өзгеретіні туралы ақпарат) пен Қызмет көрсету шарттары Оператордың Интернет-ресурсында жарияланады.
  1. Тараптардың жауапкершілігі
    1. Телекоммуникация желілері мен қондырғылардың жағдайы үшін жауапкершілік оларға қызмет көрсету - бөлу шекарасымен (ғимарат, қоршалған территория және т.с.с.) және (немесе) балансқа қатыстылығымен анықаталады. Бөлу шекарасына дейінгі телекоммуникация желілері мен қондырғыларды Абонент дербес және өз есебінен күтіп ұстауы, ал бөлу шекарасынан тыс жерлерде Оператордың күшімен және құралдарымен жасалуы тиіс.
    2. Қызмет көрсету барысында Оператор келесілер үшін жауап бермейді:
      1. Қондырғыларды және (немесе) көрсетілетін Қызметтерді тиісті түрде қолданбау салдарынан болған кез келген зиян, айырылып қалған пайда, адамдардың өміріне немесе денсаулығына тиген зиян үшін; 
      2. Қызметтерді ұйымдастыруға қатысатын үшінші тұлғалардың әрекеттері үшін;
      3. Абоненттің Қызметтер арқылы алынған ақпаратты қолдануға қатысты тәуекелдері үшін;
      4. Уәкілетті органдардың уақытша тыйым салуы, электр жнергиясын беруді тоқтату, атмосфералық жағдайлар мен Оператордың еркінен тыс басқа да жағдайлар нәтижесінде туындаған Қызметтерді алу үзілісі үшін.
    3. Осы шарттарда қарастырылған жауапкершілік шаралары кінәлі тарапты осы шарттар бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындаудан босатпайды.
    4. Тараптардың осы шарттарда қарастырылмаған жауапкершілік шарттары Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын азаматтық заңнаманың ережелеріне сай қолданылады.

  1. Өзгерістер, Қызметтерді қосу және өшіру
    1. Абонент Қызметтерді Сервиске жазылу және оны ұсыну ережелеріне сай қосады, әрі өшіреді. Абоненттерді қосу нұсқаулығы Beeline.kz сайтында жарияланған.
    2. Осы шарттардың өзгеретіні немесе тоқтайтыны туралы Абонентке бұқаралық ақпарат құралдары, Серіктестің Интернет-ресурсы және т.т. арқылы, осы өзгеріс күшіне енуден 5 (бес) күнтізбе күні бұрын хабарланады. Тиісті хабарламада көрсетілген сәттен бастап осы Шарттар өзгерді немесе тоқтады деп саналады. Егер өзгерістер күшіне енген соң, Абонент осы Шарттардың өзгерісін қабылдаудан бас тартатынын осы Шарттардың өзгерісі жарияланған сәттен бастап 5 (бес) күнтізбе күні ішінде Оператордың мекенжайына жібермесе, сондай-ақ жаңа шарттармен Қызметтерді қолдануды және (немесе) төлеуді жалғастыра берсе, мұндай өзгерістерді Абонент қабылдады деп саналады.
    3. Келесі жағдайларда Оператор соттан тыс біржақты тәртіппен Қызметті өшіре алады:

- Абонент Оператордың Қызметтерін/Қондырғыларын Оператордың қызметіне жағымсыз әсер ететін түрде қолданса немесе Қызметтерді басқа абоненттер қолданса, соның ішінде заңсыз немесе заңға қайшы қызметтерге қолданса;

-  Абонент Қызметтердің ақысын төлеу талаптарын бұзған жағдайда;

-  Осы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда.

                  4. START (START (СТАРТ) сервисі) сервисін пайдалану туралы Пайдаланушы келісімі «Старт.Ру» (НМТН 1177746679175, СТСН 7728374780) жауапкершілігі шектеулі қоғамымен Қызмет интерфейсі арқылы көрсетіледі: START сервисін пайдалану туралы Пайдаланушы келісімінің шарттары Интернет желісінде мына мекенжай бойынша орналастырылған https://start.ru/legal/terms_of_use. Әкімгер Тұғырнамасында START сервисін пайдалану аумағы Қазақстан Республикасы болып танылады. Пайдаланушы START сервисін осы Пайдаланушы келісімінің шарттарына қайшы келмейтін тәсілдермен пайдалануға міндеттенеді.

  1.    Қорытынды ережелер
    1. Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттер басқа тұлғаларға берілмейді, егер басқа жағдай Тараптардың қосымша жазбаша келісімінде айтылмаса.
    2. Осы Шартта қарастырылмаған барлық мәселе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
    3. Осы Шарттың орыс және қазақ тілдеріндегі мәтінінде айырмашылық анықталған жағдайда, осы Шарттың орыс тіліндегі мәтіні басымдыққа ие болады.

«КаР-Тел» ЖШС

IBAN: KZ719650000072233368

БСН: 980341000286

Банк: Алматы қаласындағы «ForteBank» АҚ Филиалы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010010, Нұр-Сұлтан қаласы, 

Алматы ауданы, Қадырғали Жалайыри көшесі, 2-үй.

BeeTV қосымшасына орнатылатын файлдар (тінтуірдің оң жақ пернесімен сілтемені басып, "Қалай сақтау" бабын басыңыз):

AndroidTV
Android (мобильді құрылғылар)

TV Үйдегі Интернет

«Үйдегі интернет TV» — жаңа буынның онлайн-телевизиясы, ол танымал телеарналарды, жаңа кинолар мен сүйікті киноларды бір ыңғайлы қосымшада көруге мүмкіндік береді. 

TB-жалғама — кез келген теледидарды үй кинотеатрына айналдыратын құрылғы. Теледидарының үлгісі қосымшаны қолдамайтын клиенттер пайдаланады. Қазақстандағы «Үйдегі интернетті» қосуға техникалық мүмкіндік бар кез келген қалада жалғаманы дербес қосуға болады.

1. Beeline-ның «Үйдегі интернетін» қосып, теледидарыңыз келесі параметрлерге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз:

•    үлгісі LG немесе Samsung Smart TV (2017 жылғы және одан кейін шыққан);
•    теледидар мен ТВ-жалғама 9.0-ден жоғары Android TV операциялық жүйесінде болуы керек.

Егер құрылғыңыз жоғарыдағы санаттардың ешқайсына кірмесе, яғни Smart TV-ді қолдамаса, біз тиісті ТВ-жалғаманы жалға береміз.

2.    beeline.kz сайтында тариф жоспарлардың бірін таңдаңыз.
3.    Қосуға өтініш беріңіз.
4.    Сол күні біздің маманның қоңырауын күтіңіз, ол техниктің баратын күнін Сізбен келіседі.  
5.    Телевизияны қосқан соң,  «Үйдегі интернет TV 2.0» қосымшасын жүктеңіз. 
6.    «Үйдегі интернет» Жеке кабинетінің логині мен кілт сөзін жазыңыз (кілт сөзді ұмытып қалсаңыз, оны Жеке кабинетте өзгертуге болады).

Құттықтаймыз, Сіз «Үйдегі интернет TV» қолданушысысыз 🙂

МАҢЫЗДЫ! «Үйдегі интернет TV» қолданушыларының жеке келісім жасамай, контентті қоғамдық орындарда (ұшақтарда, пойыздарда, видеосалондарда, мейрамханаларда, барларда, қонақ үйлерде және т.б.) көрсету үшін прокатқа қолдануға құқығы жоқ. Бұл ретте соңғы қолданушылар сервисті қолданғаны үшін жеке жауапкершілікте болады.

•    Үлгісі LG немесе Samsung Smart TV (2017 жылғы және одан кейін шыққан) теледидарларда;
•    Теледидар мен ТВ-жалғама 9.0-ден жоғары Android TV операциялық жүйесінде болуы керек.
•    Егер құрылғыңыз жоғарыда аталған санаттарға кірмесе, жалға берілетін жалғамаларда.

Үлгінің кодын теледидардың баптаулар мәзірінен немесе зауыттық жапсырмасынан (теледидардың артқы панеліндегі) білуге болады.

Код цифрлар мен латын әріптерінен тұрады. Онда әртүрлі ақпарат көрсетіледі, мысалы, экран типі, диагоналі немесе шыққан жылы. Шыққан жылы латын әрпімен беріледі, ол диагональ мен цифрлардың арасында тұрады:

Мысалы, теледидар коды: UE49KS7000UXRU. Диагональ — 49 дюйм, сериясы — 7000. Жылды К әрпі білдіреді, яғни теледидар 2016 жылы шыққан.

2018 жылы шыққан LG теледидарының маркасын анықтау үлгісі, үлгі LG 55UJ750V:

•    55 — диагоналі дюйммен;
•    U — теледидар сұйық кристалды матрицамен, ажыратымдылығы UltraHD және жарығы LED (жарықдиодтар);
•    J —2017 жылғы үлгі; 
•    7 — сериясының нөмірі; 
•    5 және 0 — 7–серия үлгісі (сыртқы түрін және параметрлеріндегі аздаған ерекшеліктерді білдіреді); 
•    V — тюнер туралы ақпарат.

Бұл бөлімнің Сізге керек болғаны өте өкінішті :(

Мүмкін басқа жаққа көшкен шығарсыз. Сайтта немесе 3131  нөміріне қоңырау шалу арқылы өтініш қалдырып, бізге айтсаңыз және техникалық мүмкіндік болса, «Үйдегі интернет» логиніңізді жаңа жерге көшіріп береміз.

Егер тарифті өзгерткіңіз немесе қызметті өшіргіңіз келсе, біздің менеджер Сізге кеңес береді: 3131 нөміріне қоңырау шалсаңыз болды.

Назар аударыңыз: шартты үзіп, жалға алынған жабдықты (жалғама/роутер) қайтару үшін, біздің кеңсеге хабарласу керек.

Жалға алынған жабдықты (роутер, TB-жалғама, пульт, тоқ блогы, HDMI шоғырсымы, RCA шоғырсымы) қайтару үшін, төмендегі жолдардың бірін пайдалануға болады:

•    Сайтта өтініш беру. Ол үшін сілтемемен өтіп, тиісті жолдарды толтырыңыз. Біздің маман Сізге хабарласып, техник келетін күн уақытты келіседі
•    Beeline-ның сату және қызмет көрсету кеңсесіне жүгіну.
Ала келуіңіз керек:
1) қосқан кезде жалға алынған құрылғының толық жиынтығын (жиынтық толық болмаса немесе құрылғы жиынтықтарының бірі бүлінсе, құны құрылғыны ұсыну шартындағы прайс-параққа сәйкес бағаланады, 4.4-тармақ);
2) жеке куәліктің түпнұсқасын.
Сондай-ақ «Үйдегі интернет» қызметінің логині мен шарты тіркелген мекенжайыңызды айту керек болады.
•    Егер қалаңызда «Үйдегі интернеттің» сату және қызмет көрсету кеңсесі жоқ болса, Клиенттерді қолдау орталығына 3131 нөмірі арқылы қоңырау шалу керек (Қазақстандағы кез келген мобильді нөмірден тегін) немесе Beeline Қазақстанның әлеуметтік желілердегі ресми парақтарына жазу қажет («Біздің контактілер» бөлімінен өзіңізге ыңғайлы жолды таңдаңыз).

Егер Сіз жабдықты немесе оның жиынтығын (роутер, STB-жалғама, пульт, тоқ блогы, HDMI шоғырсымы, RCA шоғырсымы) бүлдіріп немесе жоғалтып алсаңыз, олардың құнын Жабдықты қабылдау тапсыру актіндегі прайс-параққа сәйкес өтеуіңіз керек (16-парақ). Ол үшін Клиенттерді қолдау орталығына 3131 нөмірі арқылы қоңырау шалыңыз (Қазақстандағы кез келген мобильді операторлардың нөмірінен тегін), әлеуметтік желілердегі Beeline Қазақстанның ресми парақтарында бізге жазыңыз («Біздің контактілер» бөлімінен өзіңізге ыңғайлысын табыңыз) немесе Beeline-ның сату және қызмет көрсету кеңселеріне хабарласыңыз.

TV БАҒДАРЛАМА

TV бағдарламасымен мына жерде танысуға болады