Теңгерім, төлем және тарифтік жоспар

Теңгерімді келесі жолдармен толтыруға болады:

 Сайтта немесе мобильді қосымшада онлайн төлем

 «Мобильді ақша» қызметі - бұл Beeline-ның кез келген абонентіне әртүрлі қызметтерді өз нөмірінің теңгерімінен төлеуге мүмкіндік беретін қызмет, төлеуге болатын қызметтер: коммуналық қызметтер, басқа оператордың теңгерімі, "Оңай" картасының шотын толтыру, купондарды сатып алу және т.б.
 
 Интернет-банкинг:

 Beeline төлем карталарымен:

Өз нөміріңіздің немесе басқа абоненттің теңгерімін толтыру үшін, мына пәрменді теріңіз: 
*101*картаның құпия коды*абоненттің нөмірі (8 және +7 сандарысыз)# 

 Beeline-ның сату және қызмет көрсету кеңселерінде

Теңгерімді толтыру бөлімінде жаңа картамен төлеу үшін:

- Beeline ұялы нөмірін немесе Үйдегі Интернет логинын енгізу керек
- сомасын көрсетіп, «Толтыру» түймесін басу қажет.
- картадағы банктік деректерді енгізу (16 сан, жарамдылық мерзімі, айы және жылы және артқы жағында үш таңбалы код)
- 3D Secure кодын немесе картаны шығарған банктен растаудың басқа әдісін енгізу қажет болуы мүмкін
- банктен растау алғаннан кейін төлем теңгерімге аударылады.

Қазақстан Республикасының банктік карталары сәтті төлем жасалғаннан кейін автоматты түрде абоненттік нөмірге байланыстырылады.

Байланыстырылған картадан кейінгі төлем үшін:

- картаны таңдау керек

Бекітілген карточканы абоненттік нөмірден кез келген уақытта «Банк карталары» бөлімінде өшіріп тастауға болады.

Visa және Master Card дебеттік және несиелік карталары қабылданады. Барлық төлемдер SSL деректерді шифрлау арқылы қорғалған және PCI DSS халықаралық стандартымен сертификатталған.

Егер сіз алдын ала төлеу жүйесінің абоненті болсаңыз: 

Жеке кабинетке кіріңіз немесе «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында, сіз, теңгеріміңізді және минуттар, SMS-тер мен интернет-трафик топтамаларының қалдығын бірден көресіз.
-*102# (*111#) - теңгерім телефоныңыздың экранында көрінеді. 

0697- теңгерімнің және бонустаардың қалдығын тыңдау

Егер сіз нақты төлем жүйесінің абоненті болсаңыз:

Жеке кабинетке кіріңіз, сіз, теңгеріміңізді және минуттар, SMS-тер мен интернет-трафик топтамаларының қалдығын бірден көресіз.

*110*16# (*110*17#, *110*18#) - жауап SMS түрінде келеді.

Сонымен қатар сіз *802# пәрменін теру арқылы соңғы он ұсталым туралы шағын-есеп ала аласыз, 

Интернет-трафиктің теңгерімін тексеру пәрмені *122#​.

Тарифтік жоспарлардағы бонустардың қалдығын тексеру пәрмені *106#.

«Жақындардың теңгерімі» қызметі

Жақындарыңыз сіздің теңгеріміңізді қашан толтыру керек екенін үнемі білетін болады. Егер сіздің теңгеріміңіз 50 теңгеден төмен болса, Beeline оларға SMS жолдайды. Бір нөмірді өзгерту/қосу құны 20 теңге, абоненттік төлем жоқ.

Басқа Beeline нөмірінің теңгерімін білуге өтініш беру *131*5* абоненттің нөмірі (8 және +7 сандарысыз)#

Егер сіз біреуге өз теңгеріміңізді білуге рұқсат бергіңіз келсе, *131*1* абоненттің нөмірі (8 және +7 сандарысыз)#пәрменін теріңіз.

Теңгеріміңізде нөл, ал сізге байланыста болу керек пе? Еш қиындық жоқ! Келесі қызметтерді пайдалануға болады:

"Шотымды толтыр" – *143* өтініш жолданған абоненттің нөмірі # қоңырау соғу.

"Сенімді төлем" – *141# қоңырау соғу.

"Досыңның шотынан қоңырау соқ" –  000 және абоненттің нөмірін теріңіз. Мысалы: 000 7 705 123 45 67.

Егер теңгеріміңізде минус болса, интернет-трафик, минуттар және SMS-тер шығындалмайды.

Қате төлемді қайтару шарттары

1.  Егер қате толтырылған қаражаттың бір бөлігі жұмсалып кеткен болса, қаражаттың қалдығы қайтарылады.(Егер нөмерде қарыз болып, қате толтырылған қаражат сол қарызды өтейтін болса, каражаттың қалдығы қайтарылады);

2.  Егер қате толтырылған қаражаттың барлығы жұмсалып кеткен болса, қаражат қайтарылмайды.

3.  Егер сіз қателікпен басқа ұялы оператордың нөмерін толтырған болсаңыз, төлем жасалған мекенжай бойынша хабарласыңыз.

4.  Қате толтырылған қаражат егер қателік сандардың қөлемі 3 саннан аспайтын болса ғана қайтарылады, егер қателік сандардың қөлемі 3 саннан асатын болса, қаражатты қайтару біздің кеңселерімізге хабарласқаныңызда, компанияның қызметкерімен жеке түрде қарастырылады.

5.  Егер қателік қаражат мобилді аударыммен аударылған болса(мысалы, Сіз қаражаты қателікпен басқа нөмергі аударған болсаңыз)  қаражатты қайтару жоғарыда айтылған шарттарға сай қарастырылады. 

Қате төлемді қайтару жолдары

Қате төлемді келесі жолдармен қайтаруға болады:

1. Call – Center арқылы:

  •     Қате толтырылған қаражаттың көлемі 5000 тенгеден аспау керек;
  •     Төлем тұралы түпнұсқа болуы тиіс;

Қаражатты Call – Center арқылы қайтарғыңыз келсе, қателік нөмер тіркеусіз болуы мүмкін, бірақ дұрыс нөмердің тіркеуі болуы тиіс.

  • Егер сіздің жағдайыңыз жоғары айтылған шарттарға сай келетін болса қаражат Call – Center арқылы бірден қайтарылады:

- ұялы тел.: 116;

- қалалық тел.: 8 (727) 3500500

2. Қаражатты сату және қызмет көрсету кеңселері - клиентов арқылы қайтару үшін сізге қаражатты қайтару жөнінде өтініш-хат жазу керек болады

Өзіңізбен бірге:

- Жеке күәліктің түпнұқсасы болуы тиіс;

- Төлем тұралы түбіртек болуы тиіс;

Қаражат:
- Сату және қызмет көрсету кеңселері арқылы 3 күн ішінде қайтарылады;
- Диллерлер арқылы 1 күннің ішінде қайтарылады;

Маңызды!  Қаражатты қайтару үшін, Сізге Beeline кеңселеріне күнтізбелік 30 күннің ішінде хабарласу керек. Ерекшелік ретінде айдың сонғы екі күні танылады, Сол күндерде хабарлассаңыз қаражат келесі айда қайтарылады

Телефонның мобильді теңгерімінен төлеу үшін, алдын ала осы мүмкіндікті қосу керек. Қосу шарттары әр тарифте әртүрлі: 

  • «Ұтымды микс» тарифтік жоспарында теңгерімнен қызмет ақысын төлеу мүмкіндігі тарифті қосқан сәтте беріледі;
  • Басқа барлқ тарифтік жоспарда байланыс және телефония қызметіне 800 теңге жұмсалуы керек*;

*Төлем өтуі үшін, төлегеннен кейін ұялы телефон теңгерімінде ең кемі 1 тг қалуы тиіс.

МАҢЫЗДЫ

Посттөлеммен есеп айырысу жүйесінің клиенттері ұялы телефон теңгерімінен қызмет ақысын төлей алмайды. Теңгерімнен төлеу мүмкіндігін пайдалану үшін, кез келген өзекті тарифке ауысу керек.

1-әдіс:
1. Google Play Market қосымшасындағы бүйірдегі мәзірге кіріп, «Төлем әдістерін» таңдаңыз. 
2. Ашылған терезеде «Beeline-ды» көрсетіңіз.
3. Содан соң «Қосу» пернесін басыңыз.

2-әдіс:
1. Google Play қосымшасына кіріңіз де, қажетіңізді таңдаңыз – бағасы бар пернені, содан соң «Жалғастыруды» басыңыз. 
2. «Beeline-ды» таңдаңыз.
3. Сатып алатыныңызды растаңыз.

Өз тарифтік жоспарыңызды мына жолдармен біле аласыз:

- *166# пәрменін теру немесе 067405 нөміріне қоңырау шалу арқылы;

Жеке кабинетте;

- iOS (iPhone, iPad), Android және Windows Phone негізіндегі телефондар мен планшеттерге арналған «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы арқылы

Сіз кез келген уақытта Жеке кабинетте, «Менің Beeline-ым» қосымшасында, сондай-ақ сайттағы «Тарифтік жоспарлар» бөлімінде тарифтік жоспарыңызды ауыстыра немесе оның параметрлері туралы біле аласыз.

Тарифтік жоспарды өшіруге болмайды, сіз тарифтік жоспарды тек қана басқа тарифтік жоспарға ауыстыра аласыз.

Тарифтік жоспарды ауыстырудың бірнеше жолы бар: 

-    Жеке кабинетте;
-    Тарифтік жоспардың сипаттамасында көрсетілген ауысу пәрменін теру арқылы;
-    *100#  қосу пәрменінің мәзірі арқылы;
-    «Менің Beeline-ым» қосымшасында.

Тарифтік жоспарды ауыстыру құны, ауысқыңыз келетін тарифтік жоспарға байланысты болады.

Сонымен қатар, ауысу шегін ескеру керек, ол 10 теңгені құрайды. Мысалы, Сіз «Бәрі 1500 тг» тарифтік жоспарына ауысқыңыз келсе, сәтті ауысу үшін теңгерімде  1500 тг + 10 тг болуы керек. 1500 тг (абоненттік төлем) ұсталады, ал 10 тг теңгеріміңізде қалады.

Тарифтік жоспарды таңдау

Тарифтік жоспар 15 минуттың ішінде ауысады. 

Ағымдағы тарифтік жоспарыңызды білу үшін *166#  пәрменін теріңіз немесе 067405  нөміріне қоңырау соғыңыз. 

Кеңсеге келу

Beeline кеңселерінің біріне ағымдағы айдың 25-жұлдызына дейін тиісті өтінішті ұсыну арқылы, тарифтік жоспарды тегін ауыстыруға болады. Мұндай жағдайда тарифтік жоспар кезекті күнтізбелік айдың 1-жұлдызында ауыстырылады. 

Тарифтік жоспарды ауыстыруға қажетті құжаттар:

-    Жеке куәліктің/төлқұжаттың мәліметтері көрсетіліп, клиенттің қолы қойылған, бекітілген үлгідегі өтініш;
-    Жеке куәлік/төлқұжат немесе өкілетті тұлғаға берілген нотариалды сенімхат;
-    Өкілетті тұлғаның жеке куәлігі/төлқұжаты. 

Тарифтік жоспарды өшіру мүмкін емес, бірақ абоненттік төлемсіз басқа тарифтік жоспарға ауысу мүмкін. Барлық тарифтік жоспарларды осы жерде көре аласыз

Қоңырауларды дөңгелектеу адымы - 1 секунд.

Тарифтік жоспарыңыз қосылған нөмір шоттағы теңгерім аяқталған күннен бастап 180 күн сақталады.Егер осы мерзім аяқталғанша кезекті төлем жасалынбаса немесе бірде-бір ақылы әрекет орындалмаса, нөмірді қалпына келтіру үшін жаңа келісім шарт жасау қажет болады. 

Есеп айырысу жүйесі – бұл байланыс қызметіне төлем жасау әдісі. Өзіңізге ыңғайлы есеп айырысу жүйесін cіз тарифтік жоспармен бірге таңдайсыз. 

Аванстық есеп айырысу жүйесі

Аванстық (алдын-ала) төлем жасау арқылы есеп айырысу жүйесінде cіз әуелі төлейсіз, сосын сөйлесесіз яғни алдымен теңгеріміңізді толтырасыз, содан кейін байланыс қызметінің ақысы, сол сомадан өтеледі. Төлемді қашан және қандай көлемде жасау керек екенін, өзіңіз шешесіз. 

Негізгі артықшылықтары:
-    Шотты толтыру ыңғайлы, 
-    Шығындарды қадағалау оңай. 

Несиелік есеп айырысу жүйесі

Несиелік (нақты)  төлем арқылы есеп айырысу жүйесінде сіз алдымен сөйлесесіз, содан кейін, айдың аяғында ұсынылған шот бойынша төлем жасайсыз.  

Қажет болған жағдайда есеп айырысу формасын несиелік жүйеден алдын-ала есеп айырысу жүйесіне немесе керісінше ауыстыра аласыз. 

Төлем үлгісін ауыстырғыңыз келе ме? 

Егер несиелік есеп айырысу жүйесіне ауысқыңыз келсе, cізге Beeline Кеңсесіне келу керек, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді, сондай-ақ cіздің нөміріңіз кіретін корпоративтік топтың ұйымынан қосымша келісімді ала келіңіз. 

Алдын ала төлем жүйесінің тарифтік жоспарлары

Несиелік төлем жүйесінің тарифтік жоспарлары

Есепшот

Байланыс шығындары туралы есепті өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта алыңыз!

Нөміріңіздің теңгеріміндегі қаражаттың қайда жұмсалғанын тексерігіңіз келе ме? «SMS бойынша есепшот алу» қызметін пайдаланыңыз!

Оның көмегімен сіз қоңырауларға, интернетке, хабарламаларға және өзіңіз қолданатын басқа да қызметтерге кеткен шығындар туралы есеп ала аласыз.

Есеп соңғы 10 ақылы ұсталымы көрсетілген,  сондай-ақ сіздің тарифтік жоспарыңыздың сипаттамасы көрсетілген сілтемесі бар SMS түрінде келеді.  

Құны

Абоненттік төлем   0 теңге
Қосу құны  0 теңге

Қызметті қосу және басқару

Қызметті қосу пәрмені      *802#

Қызмет көрсету шарттары

Бір тәулікте берілетін өтініштер саны  30 өтініш
Мәліметтер есепке алынатын мерзім   соңғы 30 күн

Қосымша ақпарат

• Қызметке алдын ала төлем жүйесіне қосылған абоненттер қол жеткізе алады және қызмет арнайы қосуды қажет етпейді.

• Қызметке ҚР-ның территориясында және халықаралық роумингте қол жеткізуге болады.

• Есепті жасау кезінде соңғы 30 күннің мәліметтері есепке алынады. Егер осы мерзім аралығында нөміріңізден ақылы әрекеттер орындалмаса немесе тегін SMS хабарламалар жолданбаса, сіз нөмірдің теңгерімі туралы ақпарат пен тарифтік жоспарыңыздың сипаттамасына сілтеме ала аласыз.

• Есепке тапсырыс беру кезінде, телефон көлемі үлкен хабарламаларды жүктеуге дайын болуы керек.

• Интернет ұсталымы бір тәулік үшін жиынтық сомамен көрсетіледі.

• Тарифтік жоспардың парметрлерін көру үшін, телефон интернетке шығуға дайын болуы керек. Сілтемеге өткен кезде, интернет-трафик Beeline-ның мобильді интернетке бекітілген әдепкі тарифтері бойынша төленеді. 

Соңғы 9 айдың кез келген бірінің есепшотын Жеке кабинетте тегін алуға болады:

  • Оnline режимінде (браузерде көру мүмкіндігімен);
  • PDF-файл түрінде (сақтау және поштаға жолдау мүмкіндігімен);
  • Excel-файл түрінде (сақтау және поштаға жолдау мүмкіндігімен).

Бір уақытта 62 күннен артық мерзімнің есепшотын жүктеуге болмайды. Егер есепшотқа тапсырыс бергіңіз келсе, мысалы, 7 айға, 62 күннен бірнеше рет жүктеу қажет.

Қалай қолдануға болады?

  • Жеке кабинетте тіркеліп, авторландырылыңыз;
  • «Есепшот» бөлімінде қажетті мерзімді таңдап, «Есеп жасау» пернесін басыңыз;
  • Ары қарай Сіз, осы есепті сақтап, электронды пошта арқылы жолдай аласыз (PDF немесе Excel-үлгісінде).
  • Online және PDF-есепшоттардың негізгі блоктарында келесі деректерді таба аласыз:
  1. Нақты уақыт кезеңіндегі шығындар туралы жалпы ақпаратты;
  2. Байланыс қызметінің барлық түрлері – қоңыраулар, SMS, MMS, интернет-трафик, ақпараттық, ойын-сауық қызметтері бойынша шығындарды;
  3. Шығындарыңыз бойынша күні мен сағатына дейін егжей-тегжейлі көрсетілген есепті алуға болады.

Шоттың тәптіштемесіне Beeline Кеңселерінің біріне тапсырыс беруге болады. Қызмет клиенттің бекітілген үлгідегі жазбаша өтінішінің негізінде көрсетіледі. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді/төлқұжатыңызды ала келіңіз. Есепшотты өтініш берілген сәттен 24 айға дейін бұрынғы кез келген 6 айға алуға болады.

Есепшоттың мерзімі

 Жеке кабинетте есепшотқа тапсырыс беру құны

 Beeline кеңсесіндеесепшотқа тапсырыс беру құны

Ағымдағы кезең Тегін Тегін
Алдағы өткен ай Тегін
  • ағымдағы айдың 15-жұлдызына дейін тиісті өтінішті ұсыну арқылы - тегін
  • ағымдағы айдың 15-жұлдызынан кейін тиісті өтінішті ұсыну арқылы - 500 тг/айына
Басқа алдағы өткен айдар Тегін 500 тг/айына

Қабылданған кіріс қоңыраулары туралы ақпарат үшінші күні пайда болады. Егер cізге жасырын нөмірден қоңырау соғып, Сіз сол қоңырауға жауап беруге үлгермей қалсаңыз, Beeline кеңсесінде немесе Жеке кабинетте тапсырыс беру кезінде, бұл ақпарат көрсетілмейді. Ұзақтығы нөлге тең қоңыраулар да (қоңырау соғуға талпыну, қабылданбаған кіріс қоңыраулары) есепшотта көрсетілмейді.

  • Қызмет тегін көрсетіледі.
  • «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы арқылы соңғы 9 айдың кез келген біріне тапсырыс беруге болады. 

Мобильді қосымшадағы онлайн есепшоты

«Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы сізге, шотыңыздан шыққан шығындарды қадағалауға мүмкіндік береді. Сіз есепшотты онлайн режимінде көре аласыз немесе толық есепшотты PDF-файл түрінде электронды поштаңызға ала аласыз.

Қолдану жолы

  1. «Менің Beeline-ым» қосымшасын орнатыңыз (iOS (iPhone, iPad), Android және Windows Phone ОЖ-ге арналған).
  2. Басты бетте «Есепшот» қосымшасына кіріңіз.
  3. Есебін көргіңіз келген мерзімді таңдаңыз.

Қосымшадан есепшотты email-ге алуға тапсырыс беру  

Тапсырыс беріп, толық есепті email-іңізге ала аласыз

Қолдану жолы

  1.  «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын орнатыңыз (iOS (iPhone, iPad), Android және Windows Phone ОЖ-ге арналған).

  3. Оң жақ бұрышындағы хатқалтаға басыңыз.
  4. Есебін көргіңіз келген мерзімді таңдаңыз.
  5. Есепті алғыңыз келген email-ді көрсетіңіз.

SIM-карта және нөмір

SIM-картаны ауыстырудың екі әдісі бар:

Нөміріңізді сақтай отырып, SIM-картаңызды ауыстырғыңыз келе ме?

1. Қаладағы кез келген нүктеден кез келген SIM-картаны сатып алсаңыз болды! SIM-картаның хатқалтасында 4G логотипі мен «Ауыстыруға арналған SIM-карта» жазбасы болуы керек.

2. Ескі SIM-карта салынған телефоннан келесі пәрменді теріңіз:  

    *633* жаңа SIM-картаның нөмірі* жаңа SIM-картаның PIN2 коды#
    -  SIM-картаның нөмірі картаның жоғары жағында көрсетілген, соңғы цифрды көрсетудің қажеті жоқ.   

 3. Ауыстырылғанын растайтын SMS-хабарламаны күтіңіз немесе 5 минуттан кейін ескі SIM-картаны алып тастап, телефонға 4G желісін қолдайтын жаңа SIM-картаны салыңыз. Ағымдағы телефон нөміріңіз жаңа SIM-картаға көшіріледі.

Білуге қажет: 

• SIM-картаны ауыстыру пәрменін күндізгі уақытта сағат 20.00-ге дейін теруді кеңес береміз.

• Ауыстыруға тек ағымдағы SIM-карта белсенді нөмірмен жарамды.

• Нөмір тіркелген болуы керек. Тіркелгенін тексеру үшін, *835# пәрменін теріңіз.

• Қызметке 4G SIM-картасын сатып алған аймаққа жататын нөмірлерде қол жеткізуге болады. Аймақты тексеру үшін 632 тегін нөміріне қоңырау соғыңыз. 

  1. Өтінішті толтыра отырып, SIM-картаны ауыстыруға өтініш беріңіз, біздің оператор міндетті түрде сізге хабарласады;

    • Егер өтініш 9-дан 17:00-ге дейін берілсе, қызметкер сол күні қоңырау хабарласады.
    • Егер өтініш 17:00-ден кейін берілсе, қызметкер келесі күні хабарласады.

  2. Қалпына келтірілген SIM-картаны өзіңізге ыңғайлы мекенжайға жеткізіп беруге тапсырыс беріңіз немесе жақын жердегі Beeline кеңсесінен алып кетіңіз.

Білуге қажет:         

• SIM-картаны жеткізу құны 400 теңгеден бастап (қалада).

• SIM-картаны қалпына келтіру үшін, нөмірдің иесі өзі келуі керек және өзімен бірге жеке куәлігін/төлқұжатын ала келуі тиіс.

• Егер теңгеріміңізде қаражат болса, нөмірді қолдануды тоқтатқан сәттен бастап, екі жыл ішінде, ал теңгеріміңізде қаражат болмаса, бір жыл ішінде нөміріңізді қалпына келтіре аласыз.

• Жоғалған, бүлінген немесе ақаулығы бар SIM-картаны 4G SIM-картаға ауыстыру құны – 200 тг.

• Жойылған SIM-картаны қалпына келтіру құны - 300 теңгеден басталады (бастапқы капиталға байланысты).

• Егер, нөмір сіздің атыңызға тіркелмеген болса, сізде нөмірдің иесінен нотариалды түрде сенім білдірілген сенімхат пен сіздің жеке куәлігіңіз/төлқұжатыңыз болуы керек. 

• Егер SIM-картаны қалпына келтіру үшін, онлайн-өтінішті бергіңіз келмесе, онда сіз жақын жердегі Beeline Кеңсесіне барсаңыз болады.

SIM-картаны жоғалтып алдыңыз ба немесе уақытша қолданғыңыз келмей ме? Сіз нөмірді тегін бұғаттай аласыз.

Жоғалған немесе ұрланған жағдайда:

Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау соғыңыз немесе Beeline Кеңсесіне келіңіз.

•    Нөмір 3 күнге бұғатталады;
•    Операторға жоғалған нөмір тіркелген адамның жеке куәлігінің деректерін айту қажет болады.

Қалауыңыз бойынша:

Нөмірді Жеке кабинетте немесе Beeline Кеңсесінде бұғаттауға болады.

•    Кез келген бұғаттау мерзімін көрсетуіңізге болады, бірақ нөмірдің, бұғатталған сәттен бастап, бір жыл ішінде сіздің атыңызда болатынын ұмытпаңыз;

•    Нөмірді бұғаттау үшін, нөмірдің иесі өзі келуі керек және өзімен бірге жеке куәлігін/төлқұжатын ала келуі тиіс.

Нөмірді бұғаттан босатқан сәтте, нөмірге қосылған тарифтік жоспарлардың/қызметтердің шарттарына сай, сізден абоненттік төлем қайта ұсталады.

Телефоныңызды ұрлап кетті ме немесе SIM-картаңызды жоғалтып алдыңыз ба? Нөміріңізді келесі жолдармен тегін бұғаттай аласыз:

Жеке кабинетте. Басты бетте, нөмірдің оң жағындағы «Нөмірді бұғаттау» пернесін басыңыз. Бұғаттан босату күніне кез келген күнді таңдай аласыз.

Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау соғу арқылы немесе Beeline кеңсесіне жолығу арқылы:
•    Нөмір 3 күнге дейінгі мерзімге бұғатталады;
•    Операторға жоғалған нөмір тіркелген адамның жеке куәлігінің деректерін айту керек болады.

Бұғаттаған соң, байланыс қызметтерін қолдану мүмкіндігі жабылады. Барлық қызметтер мен тарифтік жоспардың абоненттік төлемінің ұсталуы тоқтайды.

Бұғаттан босатылған соң, абоненттік төлем (егер тарифтік жоспарда/қызметтерде болса) тарифтік жоспардың/қызметтің шарттарына байланысты, толық көлемде немесе ағымдағы айдың қалған күндеріне сай ұсталады.

Нөмірді қалай ауыстыруға болады?

Өз телефоныңыздың нөміріне көңіліңіз толмай ма?

«Нөмірді ауыстыру» қызметінің арқасында Сіз, SIM-картаңызды ауыстырмай, кез келген уақытта нөміріңізді ауыстыра аласыз. Қызметті Beeline-ның кез келген  тіркелген абоненті пайдалана алады. Қазақстанның әр аймағына белгілі бір нөмірлер диапазоны бөлінген, олар: 777, 705, 776, 771 сандарынан басталады.

Нөмірді келесі жолдармен ауыстыруға болады:

1-нұсқа:

*100# мәзірі арқылы. Мәзірге тіпті роумингте де қол жеткізуге болады!

1. *100# бірыңғай тегін пәрменін теріңіз де, телефон экранында мәзірдің пайда болуын күтіңіз.

2. Мәзір пунктінің нөмірі – 4 санын енгізіңіз де, «Жолдау» батырмасын басыңыз, «Қызметтер» бөлімі ашылады.

3. Егер «Нөмірді ауыстыру» бөліміне өткіңіз келсе, мәзір пунктінің нөмірі – 1 санын енгізіңіз.

4. Нөмірді іріктеу үшін, қалаған нөміріңіздің 4 тен 7-ге дейінгі санын енгізіңіз.

5. Нөмірді ауыстыру үшін, 776 қысқа нөміріне қалаған нөміріңіз көрсетілген SMS жолдау керек (мысалы 7771234567)

6. Сіз SMS хабарлама аласыз, онда қызметтің құны мен 6680ХХ үлгісіндегі нөмір көрсетіледі. Сатып алуды растау үшін, осы нөмірге қоңырау соғыңыз.

Егер теңгеріміңіздегі қаражат жеткіліксіз болса немесе сізде өтелмеген сенімді төлем болса, қызмет көрсетілмейді. Теңгерімді толтырған соң, өтінішіңізді қайталаңыз.

2-нұсқа:

Пәрменді қолдану арқылы: *776*қалаған сандарыңыздың құрамы#.

Пәрменді теріңіз *7764 саннан 7 санға дейінгі сандар құрамы#.

Мысалы: *776*5566#, мұндағы 5566 – сіз қалаған сандардың құрамы.

Сіз қол жетімді нөмірлер мен олардың құны көрсетілген хабарлама аласыз. Егер сіз таңдаған нөмір жоқ болса немесе сіздің аймақта қол жеткізу мүмкін болмаса, сіз тиісті хабарлама аласыз.

Егер сіз таңдаған нөмір бос болса,776 қысқа нөміріне қалаған нөміріңіз көрсетілген SMS жіберіңіз (7771234567), жауап ретінде 6680ХХ үлгісіндегі алты мәнді нөмір көрсетілген SMS аласыз. Сатып алуды растау үшін, осы нөмірге қоңырау соғу керек.

Егер теңгеріміңіздегі қаражат жеткіліксіз болса немесе өтелмеген сенімді төлем болса, қызмет көрсетілмейді. Теңгерімді толтырған соң, өтінішіңізді қайталаңыз.

3-нұсқа:

Beeline-ның қызмет көрсету кеңселерінде. Жаңа нөмірді ресімдеген кезде, сізге өтініш жазып, тіркеу үлгісін толтыру керек, өзіңізбен бірге жеке басыңызды куәландыратын құжат болсын.

Тарифтік жоспарыңыз, қосылған қызметтеріңіз бен теңгеріміздің қалдығы сақталады және  жаңа нөмірге өздігінен көшіріледі.

Нөмірді неше рет ауыстыруға болады?

Нөмірді күніне бір реттен артық ауыстыруға болмайды.

Құны

Қызметтің құны – 100 теңге. Егер Сіз «Әдемі нөмір» таңдасаңыз, қызметтің құны таңдаған нөміріңіздің санатына байланысты болады.

Клиентіміз болу өте оңай!

1. Ол үшін Beeline кеңсесінде немесе дилерлердің салондарында шарт жасау жеткілікті.

Шарт жеке куәлік немесе төлқұжат бойынша жасалады.

Егер cіз ҚР-ның азаматы болмасаңыз, ең кемі 3 айға ҚР-да тіркелгеніңіз туралы куәлігіңізді өзіңізбен бірге ала келуіңіз керек (егер Сіз Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан мемлекеттерінен болсаңыз, бұл құжат талап етілмейді).

2.SIM-картаны белсендіру үшін:

- телефонды өшіріңіз;

- пластикалық негізінен картаны бөліп алыңыз;

- картаны телефонға орнатыңыз;

- теңгерімді тексеріңіз: *102# пәрменін теріңіз;

- картаның PIN және PUK-кодтары бар пластикалық негізін бөгде адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

3. Кеңес береміз:

- Жеке кабинетте тіркелуге, онда нөміріңізді оңай басқаруға болады;  

- "Менің Beeline-ым" қосымшасын жүктеуге, қосымшаны жүктеп алсаңыз, теңгеріміңіз, тарифтік жоспарыңыз бен қызметтеріңіз туралы ақпарат әрқашан қасыңызда болады;  

- пайдалы пәрмендермен танысуға;

- сайтымызға жиі кіруге, «Көмек» бөлімінен туындаған барлық сұрақтарыңыздың жауабын таба аласыз;

- сайтымыздағы Жаңалықтарға жазыла отырып, барлық жаңалықтардан хабардар боласыз және науқандар мен ұсыныстарды қолдана аласыз.

Телефоныңыздың нөмірін тексеру үшін,  *160# пәрменін теріп, қоңырау соғу пернесін басыңыз.

USB-модемге арналған өз нөміріңді білу жолы

Өз нөміріңізді «Beeline USB-модемі» қосымшасындағы «Менің нөмірім» қызметі арқылы білуге болады. Қосымшада «Шотты басқару» бөліміне кіріп, «Менің нөмірім» бабын таңдаңыз. «Нөмірді білу» пернесін бассаңыз, модеміңізге SIM-картаңыздың телефон нөмірі көрсетілген SMS-хабарлама келеді. Бірыңғай төлем картасын «Beeline USB-модемі» қосымшасынан белсендіруге болады.

Телефон жоғалып қалса, нөмірді қалай сақтауға болады?

Телефоныңызды жоғалтып алдыңыз ба? Жаңа SIM-карта сатып алудың қажеті жоқ. Бұрынғы нөміріңіз бар SIM-картаны алу үшін, біздің кеңсемізге келіңіз! Толығырақ.

Нөмірді қалай өзгертуге болады?

Нөмірді дәл қазір біздің сайтымызда өзгертуге болады.

Нөмірім менің атымда қанша уақыт сақталады?

Сіз мерзімі шексіз шарт жасастыңыз, сол себепті байланыс қызметтерін қолдануда уақыт шектеуі жоқ.

Егер шартты бұзбай, нөмірді қолдануды тоқтатсаңыз, қолдануды тоқстатқан сәттен бастап, теңгеріміңізде қаражат болса, бір жыл ішінде нөмірді қалпына келтіре аласыз, егер теңгеріміңізде минус болса, жарты жыл ішінде қалпына келтіруге болады.

Нөмірді анықтағыш

Нөмірді анықтағыш сізге келесі мүмкіндіктерді береді:

  • қоңырау шалушының атын немесе нөмірін телефон дисплейінен көру
  • жазба кітапшасында нөмірлерге жеке әуендер орнатып қою
  • соңғы - қабылданған немесе өткізіп алынған кіріс қоңырауларының нөмірлерін білу

Қызмет тегін. Оны қосудың қажеті жоқ: ол бастапқы топтамаға әдепкі бойынша енгізілген. Нөмірді анықтатпағыш қызметі қосылмаған «Beeline» нөмірлерінен кіріс қоңыраулар кезінде нөмірлердің анықталуына кепілдік беріледі.

АнтиАОН

Нөмірді анықтатпағыш сөйлесу кезінде, тіпті сұхбаттасыңыздың Нөмір анықтағышы орнатылған болса да, сіздің нөміріңізді құпияда сақтайды.

Қызмет тегін. Оны қосудың қажеті жоқ: ол бастапқы топтамаға әдепкі бойынша енгізілген — сізге жай ғана оны телефон мәзірі арқылы белсендіру керек.

Бұдан басқа, сіз  қоңырау шалу кезінде шақырылатын абоненттің телефон нөмірінің #31# алдында мынаны теріп, өз нөміріңізді жасыра аласыз.

Нөмірді анықтатпағыш Beeline телефондарына қоңырау шалу кезінде өз нөміріңізді анықтауға тыйым салуға мүмкіндік береді.

Сіз өз ескі нөміріңізді сақтай отырып, Beeline желісіне ауыса аласыз!

Нөмір тегін ауыстырылады! 

Mobile Number Portability (MNP) – бұл Қазақстан Республикасы аумағында басқа ұялы байланыс операторымен байланыс қызметтерін көрсету туралы жаңа шарт жасасу кезіндегі, абоненттің өз абоненттік нөмірін сақтап қалу мүмкіндігі.

Beeline желісіне ауысу үшін не қажет?

1.      Біздің сайтта нөмірді ауыстыруға өтініш қалдыру керек, Beeline кеңсесіне келіп жолығу керек. Мұндай жағдайда, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді ала келіңіз. Егер нөмір сіздің атыңызға тіркелмеген болса, нөмірдің иесінен нотариалды куәландырылған сенімхат алыңыз. 

2.  «Beeline» желісіне нөмірді ауыстыруға өтініш жазыңыз.

3. Тарифтік жоспарды таңдап, Beeline-ның жаңа SIM-картасын алыңыз. Бастапқы жиынтықтың құны сіз таңдаған тарифтік жоспарға байланысты болады.

Орта есеппен нөмірді ауыстыру 10 минут уақыт алады. Нөмірді ауыстырудың ең ұзақ уақыты – сіз өтініште көрсеткен ауыстыру күнінен бастап санағанда 5 жұмыс сағаты. Операторды 60 күн ішінде, бір реттен артық ауыстыруға болмайды. Нөмірді Қазақстан Республикасы операторлары арасында ғана ауыстыруға болады.

Сізге Beeline-ның уақытша нөмірі беріледі. Нөмірді ауыстырылу аяқталған сәтте, нөміріңізге ауыстырылудың сәтті өткені туралы SMS-хабарлама келеді.

Өз телефон нөміріңізді сақтай отырып, «Beeline» желісіне ауысуға қажетті шарттар:

- нөмір сіздің атыңызға дұрыс тіркелген болуы керек. Егер нөмір қате тіркелсе, ағымдағы операторыңыздың кеңсесіне барып, нөмірді қайта тіркеңіз, содан соң біздің сайтта немесе Beeline кеңселерінде нөмірді ауыстыруға өтініш қалдырыңыз;

- нөмір сәтті ауыстырылуы үшін, ағымдағы операторыңыздың шарты бойынша қарыз болмауы тиіс;

- ағымдағы оператордың желісінде нөміріңізді тіркеу деректерінің дұрыстығын тексеру керек;

- егер нөмір дұрыс ресімделген болса, сайтта немесе Beeline кеңсесінде нөмірді ауыстыруға өтініш қалдыру керек.

Нөмірді ауыстыруға өтініш толтыру кезінде, тарифтік жоспарды және басқа да қосымша қызметтерді көрсету керек пе?

—  Иә, сізде қажеттіліктеріңізді қанағаттандыратын тарифтік жоспар мен қосымша қызметтерді таңдау мүмкіндігі болады.

Бұрынғы оператордан жаңа операторға теңгерімімді көшіре аламын ба?

—Өкінішке қарай, жоқ. Сізге теңгеріміңіздегі қалған қаражатты қайтару туралы өтініш жазып, бұрынғы операторға жолығу керек болады. 

Уақытша нөмірдегі теңгерімді толтыруым керек пе? Ол ауыстырылған нөмірге көше ме?

— Иә. Толтырған теңгеріміңіз ауыстырылған нөмірде қолжетімді болады

Проверить принадлежность оператору

PIN-кодты 3 рет қате енгізіп, SIM-картаңыз бұғатталып қалды ма?  Не істеуге болады?

Бұғаттан босату үшін, PUK-кодты пайдаланыңыз (белсендірілгенге дейін SIM-карта бекітіліп тұрған пластикалық картада, қорғаныс қабатының астында). Бұғаттан босату үшін PUK-кодты енгізсеңіз болды.

PUK-код жоғалып қалды ма?  SIM-картаны бұғаттан қалай босатуға болады?

SIM-картаны бұғаттан босату үшін,

"Менің Beeline-ым" қосымшасын ашыңыз. "Мәзір" - "Баптаулар"-ға басыныз, "Менің нөмірім"-ді ашып PIN- және PUK-кодтар туралы ақпарат көре аласыз. 

немесе

Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау соғыңыз. Мобильді телефоныңыздың нөмірі мен аты-жөніңізді айтуға дайын болыңыз. Егер нөміріңіз компанияға тіркелген болса, компанияның да атын айту керек болады.

PIN-код 3 рет, PUK-код 10 рет қате енгізілді ме? Не істеуге болады?

Егер SIM-карта бұғатталған соң (PIN-код үш рет қате енгізілген соң), PUK-кодты он рет қате енгізсеңіз, SIM-карта толықтай бұғатталады. Мұндай жағдайда сізге SIM-картаны ауыстыру керек болады.

Шартты басқа тұлғаға қайта рәсімдеу үшін, біздің Beeline кеңселерінің біріне келуіңіз қажет.

Келесі қадамдар жүзеге асырылуы қажет:

  • Қайта рәсімдеуге жазбаша өтініш беру керек;
  • Қарызды өтеу.

Қайта рәсімдеу екі тараптың қатысуымен жүзеге асырылады. Қайта рәсімдеу қызметі тегін көрсетіледі.

Қызмет мәліметтерді және нөмірдің қаржылық жағдайын мұқият тексеруді талап етеді, сол себепті алдын ала 116 нөміріне қоңырау соғуыңызды өтінеміз (Beeline нөмірінен тегін).

Құжаттар

Жеке тұлғаларға өзімен бірге төлқұжаттарын (немесе клиенттен нотариалды куәландырылған сенімхат) ала келу керек.

Заңды тұлғаның өкіліне өзімен бірге жеке куәлігін, ұйымның мөрі басылып, бас директордың қолы қойылған қайта рәсімдеу өтінішін ала келу қажет.

Мен тегімді ауыстырдым, не істеу керек?

Егер сіз тегіңізді ауыстырсаңыз және тіркеу деректерін ауыстыруды қаласаңыз, сізге тегіңізді ауыстырғаныңызды растайтын құжатты (неке куәлігін, ажырасқаныңыз туралы куәлікті және т.с.с) көрсету қажет.

Егер мен нөмірімнің кімнің атына тіркелгенін білмесем, не істеймін?

*835# пәрменін теру арқылы нөміріңіздің кімге тіркелгенін тексере аласыз. Нөмірдің иесімен бірге, жеке куәліктеріңізді алып, Beeline кеңсесіне жолығыңыз. Егер сіз, ол адамды танымасаңыз, қайта рәсімдеу мүмкіндігін тексеру үшін 116 нөміріне қоңырау соғуыңызды өтінеміз (Beeline нөмірінен тегін).

Егер менде ауысқан нөмір (бұрын басқа оператор болған) болса, оны қайта тіркей аламын ба?

Иә. Қайта тіркеуге болады

Android құрылғылары арасында

1. Google сәйкестендіру арқылы

Бұл ең қарапайым әдіс. Құрылғыда орнатылған Google сервистеріне сәйкестендіру функциясы өздігінен кіріктірілген, ол көшірілуі тиіс деректерді бұлтта сақтауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс контактілерді көшіріп қана қоймай, нөмір жоғалған жағдайда (мысалы, телефон жоғалса), ақпараттың сақталатынына кепілдік береді. 

Телефон баптауларына кіріп, «Аккаунттар»/«Google» бөлімін таңдаңыз. «Контактілер» тармағының тұсына белгі қойыңыз да, сәйкестендіру үдерісінің аяқталғанын күтіңіз.

Енді аккаунтқа басқа смартфоннан кірсеңіз, барлық контактіңіз көрсетіліп тұрады.

2. SIM немесе SD-картаға экспорттау арқылы

«Контактілерді» таңдаңыз. «Импорт/Экспорт» кіріктірмесіне өтіңіз. Контактілерді қайдан және қайда (телефон жадысынан SIM немесе SD-картаға) импорттау керек екенін көрсетіңіз.

SIM- картаға контактілерді көшірудің бірқатар шектеулері бар: контактілер саны, 1 ретте шамамен 200 (SIM-картаның сыйымдылығына қарай) контакті көшіруге болады және есімдердің ұзындығы шектеулі. Телефон кітапшасынан SIM-картаға немесе SD-картаға контактілерді көшірген соң, карточканы алып, жаңа смартфонға салыңыз. Енді контактілеріңізді SIM-картадан немесе SD-картадан телефон жадысына көшірсеңіз болады.

Егер контактілерді SD-картаға экспорттаған болсаңыз, жаңа телефонда контактілердегі «Функциялар» мәзіріне кіріп «Экспорт/Импорт» бабын таңдаңыз да, контактілерді жады картасынан импорттаңыз.

3. Bluetooth арқылы

Ол үшін екі смартфонда да Bluetooth функциясын қосу керек. Көптеген смартфондарда көру мүмкіндігі режимі өздігінен өшіп тұратынын ұмытпау керек. Деректерді қабылдаушы смартфонды көрінетін қылып баптау үшін, Bluetooth баптауларына өтіп, тиісті амал-шарттың тұсына белгі қою керек.

Осыдан соң, телефон кітапшасын ашып, тиісті контактілерді белгілеп, бөлісуді білдіретін белгіні басу керек. Енді таңдалған контактілерді Bluetooth арқылы жіберу ғана қалады.

iOS құрылғылары арасында

«Баптаулар» мәзіріне өтіңіз > [есіміңіз] > iCloud > «iCloud резервтік көшірмесі». Егер iOS 10.2 немесе одан бұрынғы ОЖ қолданатын болсаңыз, «Баптаулар» мәзіріне өтіңіз > iCloud > «Резервтік көшірме».

iCloud-та резервтік көшірме қосылып тұрғанына көз жеткізіңіз. «Көшірме жасау» пернесін басыңыз. Үдеріс аяқталғанша, Wi-Fi желісінен ажырамаңыз.

Жаңа құрылғыда Apple ID сәйкестендіргіші мен кілт сөзді қолданып, iCloud-қа кіріңіз. Тиісті сауал шыққанда, резервтік көшірмені таңдаңыз. Жасалған күні мен көлемін тексеріп, оның дұрыс таңдалғанына көз жеткізіңіз. Байланыстан ажырамаңыз және қалыпна келтіру үдерісінің аяқталғанын күтіңіз.

iOS-тан Android-қа

1. VCF-ке экспорттау

https://www.icloud.com/ сілтемесіне өтіңіз. Apple ID логинімен және кілт сөзімен профиліңізге кіріңіз. «Контактілер» иконкасын шертіңіз. Бәрін бөлу үшін CTRL+A пернелерін басыңыз. Қосымша мәзірді ашу үшін тегершік тәрізді пернені басып, одан "vCard-қа экспорттау» бабын таңдаңыз. Бүкіл нөмірлермен бірге VCF файлы жүктеле бастайды.

Келген файлды жаңа смартфонға жіберіңіз. Одан телефон кітапшасын ашып, мәзірдегі «Импорт/Экспорт» бабына кіріңіз. Деректерді импорттау көзін – жүктелген VCF файл жатқан папканы көрсетіңіз. Жазбаны қайда көшіру (телефонға) керек екенін таңдап, «Ары қарай» пернесін басыңыз.

2. Google сәйкестендіру арқылы

iPhone баптауларынан «Пошта, мекенжайлар, күнтізбелер» тармақшасын табыңыз. Жаңа тіркеу жазбасын жасаңыз. Ұсынылған сервистер тізімінен Google-ды таңдаңыз. Қызмет логині мен кілт сөзін енгізіңіз. Gmail арқылы жіберілуі тиіс мәліметтерді көрсетіңіз.

iPhone-нан Android-қа жеке контактілерді көшіруді екінші телефонда аяқтаңыз:

Баптаулардан «Аккаунттар және сәйкестендіру» тармақшасын табыңыз. «Өздігінен» жолын белгілеңіз. Нөмірлер көшірілген Gmail аккаунтын қосыңыз. Google-мен байланыс орнап, телефон кітапшасы көшіріледі.

Android-тан iOS-қа

1. Move to iOS қосымшасы арқылы

Android-құрылғыда Apple компаниясының Move to iOS ресми қосымшасын орнатыңыз.

 iOS-құрылғыда «Бағдарламалар мен деректер» экранын ашыңыз. Содан соң «Android-тағы деректерді көшіру» пернесін басыңыз.

Android құрылғыда Move to iOS бағдарламасын ашыңыз да, «Жалғастыру» пернесін басыңыз. Ашылған шарттар мен ережелерді оқыңыз. Жалғастыру үшін «Қабылдаймын» пернесін басыңыз да, содан соң – «Ары қарай» одан кейін экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы «Кодты іздеу» пернесін басыңыз. Экранда «Android-тан көшіру» iOS құрылғыдан «Жалғастыру» пернесін басыңыз. 10 немесе 6 мәнді код пайда болғанша күтіңіз. Келген кодты Android құрылғыда енгізіңіз.

Android құрылғыда көшірілуі тиіс деректі таңдап, «Ары қарай» пернесін басыңыз. Android құрылғыда үдерістің аяқталғаны туралы хабарлама шықса да, iOS құрылғыдағы жүктеу индикаторы соңына жеткенше екі құрылғыға да тиіспеңіз.

iOS құрылғыдағы жүктеу индикаторы соңына жеткенде, Android құрылғыдан «Дайын» пернесін басыңыз. Содан соң, iOS құрылғыда «Жалғастыру» пернесіе басыңыз да, экрандағы нұсқаулыққа қарай оның баптауларын аяқтаңыз.

2. Google сәйкестендіру арқылы

Android-құрылғыда телефон баптауларына кіріп, «Аккаунттар»/«Google» бөлімін таңдаңыз. «Контактілер» тармағының тұсына белгі қойып, сәйкестендіру үдерісінің аяқталғанын күтіңіз.

Android-тағы контактілер толық сәйкестендірілген соң, Android-тағы контактілерді iPhone-ға көшіруге болады.

iPhone «Баптауларынан»  «Пошта, мекенжайлар, күнтізбелер» тармақшасын табыңыз. «Жаңа тіркеу жазбасын қосу» функциясын көрсетіп, «Басқасы» папкасына сілтеңіз.

Ашылған терезеде «Контактілерге арналған CardDAV тіркеу жазбасы» жолы пайда болады. Баптаулардан «Аккаунттар және синхрондау» тармақшасын табыңыз. «Өздігінен» жолын таңдаңыз. Нөмірлер көшірілген Gmail аккаунтты қосыңыз. Google-мен байланыс орнап, телефон кітапшасы көшіріледі.

Қызметтер

- Жеке кабинетке кіріңіз, бірінші бетте өз тарифіңізді және барлық қосылған қызметтер мен жазылымдарыңызды  бірден көресіз;

- «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасын орнатыңыз (Android, iOS және Windows ОЖ-ге арналған), авторландырылыңыз да, «Қосылған қызметтер» бөліміне өтіңіз;

- Егер сізге тек қосылған қызметтер туралы ақпарат қажет болса, *179# пәрменін теріңіз. Ақпарат сізге SMS түрінде келеді.

Қызметтерді басқарудың бірнеше жолдары бар:

- алдын ала авторландырыла отырып, Жеке кабинеттегі «Қызметтер және интернет» бөлімінде басқаруға болады;

- Android, iOS және Windows ОЖ негізіндегі телефондар мен планшеттерге арналған «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы арқылы басқаруға болады;

- *100# нөмірін теру арқылы, қызметтерді басқарудың бірыңғай мәзірі арқылы;

- әр қызметті тікелей қосатын және өшіретін арнайы қысқа нөмірлер арқылы (олар біздің сайтымызда, әр қызметтің сипаттамасында көрсетілген);

- виртуалды кеңсеші – Дана арқылы, 116 тегін нөміріне қоңырау соғу арқылы (Beeline нөмірлеріне арналған).

*143*  телефон нөмірі (8 және+7 сандарысыз)# - өтініш 
*143*0# - келіп түсетін өтініштерге тыйым салу 
*143*1# - келіп түсетін өтініштерге салынған тыйымды алу 

Толығырақ осы жерде.

*141# - өтініш 
*141*0# - тыйым салу

Толығырақ осы жерде.

*145* телефон нөмірі*аударым сомасы#- қаражат аудару
*145*0# - 5 минут ішінде аударымды тоқтату
*145*0000# - аударымға тыйым салу 
*145# - көмек 

Толығырақ осы жерде.

*131*5* өзіңізге жақын абоненттің нөмірі (8 және +7сандарысыз)# - Өзіңізге жақын абонентке өтініш жіберу 
*131*1* абоненттің нөмірі (8 және +7 сандарысыз)# - абонентке теңгеріміңізді білуге өтініш беру 
*131*0#  - қызметті өшіру

Толығырақ осы жерде.

Мобильді байланысқа арналған «Менің Beeline-ым» Жеке кабинеті.

Әлемнің кез келген нүктесінен және операторға сұрақ қоймастан, байланыс қызметтерін басқарудың ең жылдам әрі ең қарапайым жолы – Сіздің Жеке кабинетіңіз.

Кабинеттің мекенжайыmy.beeline.kz

Кабинетке кіру жолы:
 *808# пәрменін теріп, логин мен уақытша кілт сөз көрсетілген SMS алыңыз.

Оның қандай пайдасы бар?

1. Жалпы нөмір бойынша ақпаратты қарау қолайлылығы

2. Шот жағдайын жылдам тексреу

  • Барлық шығындарыңызды күні мен сағатына дейінгі дәлдікпен көрсететін PDF, Excel-үлгісіндегі немесе online-режимдегі «айқын» есепшотқа тапсырыс беріңіз.
  • Төлемдер мен шоттар бойынша ақпаратты әртүрлі типтегі «сүзгілері», мысалы қоңыраулардың күні, типі, роумингтің түрі және т.с.с. тәрізді сүзгілері бар графикалық ыңғайлы кестеде алыңыз.
  • Минуттардың қалдығы, SMS-тердің саны және интернет-трафиктің көлемі туралы ақпараттардан хабардар болыңыз.

3. Қызметтерді бір түртумен басқару!

  • Қосымша қызметтерді қосып немесе өшіріп, я болмаса ағымдағы тарифтік жоспарыңызды ауыстыра отырып, ұялы байланысқа кететін шығындарыңызды оңтайландырыңыз.
  • Нөмірді бұғаттауды, сондай-ақ жасалған операциялар туралы SMS және e-mail-хабарландыруларды баптаңыз.
  • Нөміріңізге басқа нөмірлерді қосыңыз (мысалы, туғандарыңыздың және жақындарыңыздың немесе планшетіңіздің SIM-картасын). Өзіңізге қарасты нөмірлер үшін байланыстың ең қолайлы тарифтерін, амал-шарттарын және қызметтерді таңдаңыз. Мобильді интернетке арналған тиімді шарттарға тапсырыс беріңіз, жылдамдықты арттырыңыз, трафикті реттеңіз және басқа да шараларды жүзеге асырыңыз.

"Мой Beeline" для Android, iOS, Windows Phone

Бір қоңырауға бір уақытта 6 адамға дейін қос. Конференц-байланыс бір қоңырауға тиісті адамдарды – әріптестерді, достарды немесе туыстарды қосу үшін жасалған. Конференц-байланыс қызметі үшін қоңырау соққан адам ғана өз тарифтік жоспарына сай төлейді, конференц-байланысқа қосылған басқа жандарға конференц-байланыс қызметі тегін.

Конференцияны қалай жасауға болады?

  1. Бірінші адамға қоңырау шал;
  2. Телефон экранында «Қоңырау қосуды» бас та, екінші адамға қоңырау шал. Бірінші адам «желіде күту» режимінде болады;
  3. Екінші адам жауап берген соң, телефонда «Біріктіру» пернесін бас та, бәрін бір қоңырауға жина;
  4. Конференц-қоңырауда әңгімелеріңіз жарассын!
  5. Конференц-байланыс қызметін роумингте қосу мүмкін емес

Конференц-байланысқа адамдарды кім қоса алады?

  • Конференц-қоңырауға қатысып тұрған кез келген адам жоғарыдағы нұсқаулық бойынша басқа адамды қоса алады.

Ескерту: телефон үлгісіне қарай, нұсқаулық басқаша болуы мүмкін.

Қысқа мәтіндік хабарламалар келесі мүмкіндіктерді береді:

- сөйлесу ыңғайсыз кезде, ақпаратты жіберу және алу мүмкіндігін;

Бірден бірнеше адресатқа ақпарат жіберу мүмкіндігін;

Теңгерім шығындарын үнемдеу мүмкіндігін.

SMS жолдау үшін:

- телефоныңызда «Хабарлама» мәзіріне кіріп, «Жаңа хабарлама жазу» бабын таңдаңыз.

- хабарламаның мәтінін енгізіңіз. Егер телефоныңыз Т9 жүйесін (мәтінді жылдам енгізу жүйесін) қолдаса, хабарламаның мәтінін екі есе жылдам тере аласыз.  

- «Кімге» жолына алушының нөмірін енгізіңіз немесе «Контактілер тізімінен» адресатты таңдап, «Жіберу» пернесін басыңыз.

Егер, хабарлама мәтіні кириллица әріптерімен 70 мәннен немесе латын әріпімен 160 мәннен асса, хабарлама бөлшектенеді де, әр бөлшек жеке-жеке тарифтеледі.

Нөміріңізде SMS қызметі қосылған, телефоныңызда қосымша баптаулар жасау қажет емес. Сіз SMS арқылы сөйлесуді дәл қазір бастай аласыз!

Хабарламалар орталығының нөмірі:  +77059077000.

Оны баптау жолы келесідей:

- Мәзірдің «Хабарламалар» бөліміне кіріңіз;

- «Баптаулар» бөлімін таңдап, «SMS-орталықтың нөмірі» бабын іздеп табыңыз;

- ол жерге +77059077000 нөмірін жазып, «Сақтау» пернесін басыңыз;

- телефонды өшіріп, қайта қосыңыз да, SMS жолдап көріңіз.

- iPhone-да SMS-орталықтың нөмірін **5005*7672*+77059077000# пәрмені арқылы баптауға болады

- орнатудың дұрыстығын *#5005*7672# пәрмені арқылы тексере аласыз.

Сіз SMS хабарламаны «Beeline» желісінің, қазақстандық басқа операторлардың (Kcell, Activ, Tele2 және т.б.) абоненттерінің мобильді телефондарына және шет елдік операторлардың телефондарына жібере аласыз. 

Алушының нөмірін халықаралық үлгіде теріңіз: + елдің коды, желіге қосылу коды, абонент телефонының нөмірі.

Мысалы, «Beeline» абонентіне SMS жолдасаңыз, нөмірді былай теріңіз:  +7777ХХХХХХХ.

Маңызды! Егер адресаттың нөмірін қате көрсетсеңіз, SMS жеткізілмейді, төлем SMS-хабарламаны жіберу фактісі бойынша ұсталатындықтан, оны жолдауға кеткен қаражат қайтарылмайды.

Бір SMS-хабарламаның ең ұзақ көлемі: 70 мән — кириллица әріпімен, 160 мән — латын әріпімен. Егер SMS-хабарламаңыз көрсетілген көлемнен асып кетсе, онда ол жолдау кезінде бірнеше бөлшекке бөлінеді, мұндай жағдайда, бір бөлшектің көлемі сәйкесінше 67 немесе 153 мәнді құрайды. Әр бөлшек жеке SMS-хабарлама ретінде тарифтеледі.  

Сізге керек елде роумингте SMS қабылдау/жіберу мүмкіндігін, сондай-ақ SMS-хабарламаларды жолдау тарифтерін Роуминг бөлімінен анықтай аласыз.

SMS жіберу кезінде нөмірді жасыру мүмкін емес. SMS жіберу кезінде, ұялы телефонның нөмірі әрқашан көрініп тұрады.

Жіберілген SMS SMS-орталыққа келіп түседі. SMS-орталықтың жадысында жіберілген SMS-ті ең ұзақ сақтау мерзімі – 3 тәулік. Егер, осы уақыт аралығында SMS-орталық қандай да бір себеппен Сіздің SMS-хабарламаңызды жеткізбесе, ол жіберілетін хабарламалардың қатарынан алынып тасталады да, SMS-орталықтың жадысынан өшіріледі.

SMS бірнеше себептермен жеткізілмеуі мүмкін:

- Алушының аппараты сөндірулі немесе желі әрекет ететін аймақтан тыс жерде болса.

- Адресаттың ұялы телефон нөмірі бұғаттаулы болса.

- Адресат телефонының жадысы толық болса. Мұндай жағдайда, келген және жіберілген ескі хабарламаларды өшіру керек.

- Адресаттың ұялы телефон нөмірі қате көрсетілсе – нөмірді халықаралық үлгіде теру керек (+ елдің коды, желіге қосылу коды, абоненттің телефон нөмірі).

- Адресаттың аппараты бұзылған болса – SIM-картаны басқа аппаратқа салыңыз да, өз нөміріңізге мәтіндік SMS жіберіп көріңіз.

- Жіберуші мен адресаттың операторлары арасында SMS-алмасу мүмкіндігі болмаған жағдайда (басқа ұялы байланыс желісі абонентінің нөміріне SMS жіберу кезінде орын алуы мүмкін).

Адресаттың SMS-хабарламаңызды алғанын білу үшін, «Жеткізілгені туралы есеп» амал-шартын қосу керек (егер Сіздің аппаратыңыз мұндай амал-шартты қолдаса).

Ол үшін:

  •  «Хабарлама» мәзіріне кіріңіз,
  • «Баптаулар» бабын таңдаңыз,
  •  «Жеткізілгені туралы есеп» бабын қосыңыз.

Бірқатар телефон үлгілерінде, SMS мәтінін жазбас бұрын леп белгісін қойса, жеткізілгені туралы есеп келеді.

  1. Егер Сізден SMS жіберілмей тұрса, телефон баптауларын тексеру керек: 

      2. Адресаттың нөмірін дұрыс тергеніңізді тексеріңіз.

Алушының нөмірін халықаралық үлгіде теру керек: + елдің коды, желіге қосылу коды, абоненттің телефон нөмірі

Мысалы, «Beeline» абонентіне SMS жолдай отырып, нөмірді келесі үлгіде теріңіз: +7777ХХХХХХХ.

      3. Телефон баптауларынан хабарламаның типін тексеріңіз: «Стандарт», «Мәтін» немесе «SMS».

      4. Телефон баптауларынан SMS-хабарламаны жіберу арнасын тексеріңіз: GSM.

 «Хабарлама» мәзіріне кіріңіз, «Баптаулар» бабын таңдап,  «SMS-орталық нөмірі» бабын таңдаңыз, Ол жерге +770590770004 нөмірін жазып, «Сақтау» пернесін басыңыз, Телефонды өшіріп, қайта қосыңыз да, SMS-ті тағы бір рет жолдап көріңіз.

Өкінішке қарай, жойылған хабарламаны қалпына келтіру мүмкін емес, себебі телефоныңызға жеткізілген хабарлама бірден SMS-орталықтың жадысынан өшіріледі.

«КаР-Тел» ЖШС көптеген ойын-сауық және ақпараттық қызметтерді ұсынады.

Оларды ұсыну үшін төрт мәнді қысқа нөмірлер қолданылады.

Қызметтер бір жолдық негізде (бір реттік төлем), сондай-ақ жазылу негізінде (мерзімдік төлем) көрсетіледі.

Мысалы, сіз жұлдыз жорамалға тапсырыс берсеңіз, сізден телефон нөміріңізді енгізуді сұрайды және осыдан кейін, телефоныңызға растауды өтінген SMS келеді.

Оферта

Растамас бұрын:

  • Жолданған хабарламаның мәтінін мұқият оқыңыз;
  • қысқа нөмірді жаттап алыңыз;
  • назар аударыңыз, сіз бір жолғы өтінішті растап жатырсыз ба, әлде жазылымды ма (SMS мәтінінде көрсетілген).

Мобильді жазылымды өшіру үшін, SMS келген қысқа нөмірге Стоп (немесе стоп, stop және т.с.с.) сөздерді жіберу керек.

Есепшотқа тапсырыс беріп, қаражат шығындарын тексеріңіз.

Қысқа нөмірге «?» мәтіні жазылған тегін SMS жолдаңыз (сұрақ белгісі тырнақшаға алынбайды). «?» белгісін жіберу тегін. Басқа мәндерді, таңбаларды жіберу кезінде ақша ұсталуы мүмкін.

Өз ұялы телефоныңызға маңызды қоңырау қабылдай алмайсыз, бірақ қоңырауды жіберіп алғыңыз келмей ме? "Қоңырауды қайта бағыттауды" баптаңыз.
Бұл қызмет келген қоңырауларды Beeline басқа нөмірлерге, немесе басқа операторлардың нөмірлерге, немесе қалалық телефон нөмірлеріне аударуға мүмкіндік береді. Қызмет роумингте қолжетімді. 

Қоңырауды қайта бағыттау тәртіптерін орнату: 

Барлық қоңырауларды бағыттау: **21*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **21*+7727ххххххх#. Өшіру ##21#

Телефон бос болмаған кездегі қоңырауларды бағыттау: **67*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **67*+7776ххххххх#. Өшіру - ##67#

Телефон сөндірулі болған кездегі қоңырауларды бағыттау: **62*қаланың коды/телефон нөмірі#, мысалы **62*+7776ххххххх#. Өшіру - ##62#

Сіз қоңырауға жауап бермеген кездегі қоңырауларды бағыттау: **61*қаланың коды / телефон нөмірі#, мысалы **61*+7776ххххххх#. Өшіру - ##61#

Жауап бере алмай қалған кездегі қоңыраулар туралы SMS алу үшін, +7 705 9077000 нөмірін көрсетіңіз. 

Қоңырауды қайта бағыттау тәртібінің дұрыстығын тексеру үшін, мына құрамдастырымды енгізіңіз: *#қайта бағыттау коды#

Барлық қайта бағыттауды өшіру үшін ##002# пәрменін теріңіз. 

«Бөгелмей төле» қызметімен сіз өз банктік картаңыздан байланыс қызметтерінің ақысын оңай төлей аласыз: телефоныңыздың және USB-модеміңіздің теңгерімін, Beeline-ның басқа абоненттерінің теңгерімін, сондай-ақ «Үйдегі Интернет» логинін толтыра аласыз.

Қызмет тегін және оған роумингте де қол жеткізе аласыз. Бұл қызмет арқылы төленген кез келген төлем үшін комиссия ұсталмайды, бірақ шартта көрсетілген қызмет көрсету талаптарына байланысты, төлем картасының банкі комиссия ұстауы мүмкін.

Картадан, жылдам төлеу – өз нөміріңізді немесе басқа нөмірді/логинді толтыру мүмкіндігі.

Кесте бойынша төлеу – белгіленген сомаға жеткенде, өз нөміріңіздің немесе басқа нөмірдің теңгерімін толтыру. Толтыру жиілігін аптасына бір рет немесе айына бір рет белгілі бір күнге қоюға болады. 

Автотөлем – теңгерімде 100 теңгеден аз қалғанда, телефон теңгерімін өздігінен толтыру (алдын ала төлем нөмірлері үшін). «Автотөлемді» кейіннен төлеу жүйесінің және «Үйдегі Интернет» қызметтерінің абоненттері тұтына алмайды.

Жоғарыда аталған қызметтерді басқару функцияларына oplata.beeline.kz сайтында тіркелгеннен кейін ғана қол жеткізуге болады.

Сіз қызметтерді басқарудың келесі функцияларына қол жеткізе аласыз:

1. oplata.beeline.kz сайтында төлеу;
2. *55# пәрмені арқылы;
3. 6272 қысқа нөміріне SMS-хабарлама жіберу
-  өз нөміріңіздің/логиніңіздің теңгерімін толтыру үшін, 6272 нөміріне SMS жіберу керек, мәтіні: «толтырым сомасы бос орын кілт сөз» (мысал: 200 1919).

- басқа нөмірдің/логиннің теңгерімін толтыру үшін, 6272 нөміріне келесі мәтін жазылған SMS жіберу керек: «толтырым сомасы бос орын кілт сөз бос орын 7xxxxxxxxxx» (мысал: 200 1919 77771234567 немесе 0010006034)

Маңызды!

  • Карта интернет-төлемдерге ашық болуы керек;
  • Ең аз толтырым сомасы 200 теңге, ең көбі 20000 теңге;
  • Қызметке келесі типті карталар тіркеле алады: VISA Electron, VISA, MasterCard, Maestro

Сізде интернет-төлемге шектеу қойылған болуы мүмкін. Сізге төлем жасағыңыз келген банктің Call Center-іне қоңырау соғу керек. Банк қызметкерлерінен интернет-транзакция шектеуін алып тастауды сұрау керек. Оларға картаңыздың нөмірі мен шарттағы деректерді ұсынуға дайын болыңыз

Статус VIP или Gold клиента дает следующие привилегии: 

  • Обслуживание клиентов выделенными специалистами в Офисе продаж и обслуживания города Алматы. В других городах – обслуживание вне очереди;
  • Телефонное обслуживание по выделенному номеру 0654;
  • Услуга «Доверительный платеж»;
  • Бесплатная смена тарифного плана;
  • Бесплатная доставка SIM-карт

Қоғамдық көлікте жолақы төлеу

1)    Жолақыны 2505 нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы төлеу
     -    Жолақы төлеу үшін көлік коды көрсетілген SMS-хабарламына 2505 нөміріне жіберу керек.
     -    Төлем жауабы ретінде электронды билет 2505 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде келеді, оны контролерге көрсетуге болады.
     -    SMS жіберу тегін.

2)    Жолақыны «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында QR-кодпен және көлік кодымен төлеу
     -    Жолақы төлеу үшін «Менің Beeline-ым» қосымшасының басты бетінде «Көлік» бөлімін таңдау керек.
     -    Содан соң көлік кодын енгізу немесе QR-кодты сканерлеу қажет.
     -    «Төлеу» пернесін бассаңыз, экранда төлемнің сәтті өткені туралы хабарлама шығады.
     -    Билетті алу үшін «Билет алу» пернесін басыңыз. Содай-ақ билет Көлік бөлімінің «Менің билеттерім» кіріктірмесінде сақталады.
     -    Оған қоса, электронды билет 2505 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде келеді.

3)    Жолақыны Telegram мессенджерімен төлеу
     -    Жолақы төлеу үшін Telegram-Beeline Dana Official Bot чатында авторизациядан өту керек (ол чат-ботқа алғаш кірген кезде қажет).
     -    «Көлікке төлеу», «Жолақы», «Автобус» және т.с.с. сөздері бар хабарлама жіберіңіз
     -    Содан соң көлік кодын жіберіңіз.

   QR код пен көлік коды автобустардың салонындағы жапсырмада
   Сервисті барлық «Астана LRT» бағытында, соның ішінде жолақысы 180, 200, 300, 400 теңгелік, қала маңына қатынайтын және эксперсс бағаттарда да қолдануға болады.
    Қала ішіндегі бағыттарда жолақы: 90 теңге

1)     Жолақыны 9909 нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы төлеу (ONAY!):
     -    Жолақы төлеу үшін, ONAY! терминалының коды көрсетілген SMS хабарламаны 9909 нөміріне жіберу керек.
     -    Жауап ретінде ONAY жіберушісінен электронды билет SMS-хабарлама  түрінде келеді, оны контролерге көрсетуге болады. 
     -    SMS жіберу тегін.

2)    Жолақыны *202# USSD-пәрменімен төлеу (ONAY!):
     -    Жолақы төлеу үшін *202# USSD-пәрменін теру керек. 
     -    Ары қарай, «1» - Мобильді теңгерімнен жолақы төлеу бөлімін таңдау қажет. 
     -    Содан соң, ONAY! терминалындағы кодты енгізу керек. 

  Терминал коды ONAY! терминалында көрсетілген (терминал экранындағы 6 цифр).
   ONAY! терминалы орнатылған барлық бағытта пайдалануға болады.
    Жолақы: 80 теңге.
    Сервисті метрополитенде пайдалану мүмкін емес.

3)    Жолақыны 2505 нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы төлеу (SMSBUS):

4)    Жолақыны «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында: QR және көлік кодымен төлеу(SMSBUS):

    Сервисті көлік салонында жапсырмасы келесі бағыттарда пайдалануға болады: 1, 4, 7, 11, 13, 14, 15, 17, 20, 21, 22, 23, 25, 27, 31, 46, 48, 49, 54, 57, 60, 62, 65, 67, 72, 78, 81, 95, 97, 102, 104, 104А, 109, 111, 119, 122, 128, 129, 141, 203, 204, 207, 208, 215, 441.

     -    Жолақы төлеу үшін Telegram-Beeline Dana Official Bot чатында авторизациядан өту керек(ол чат-ботқа алғаш кірген кезде қажет).

    Сервисті келесі бағыттарда пайдалануға болады 1, 2, 5, 8, 8A, 11, 16, 17, 23, 32, 39, 40, 41, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 49A, 51, 52
    Жолақы: 80 теңге

    Сервисті келесі бағыттарда пайдалануға болады 2, 4А, 4Т, 14, 25М

    Сервисті келесі бағыттарда пайдалануға болады 1, 2, 11, 14, 17, 18, 30
    Жолақы: 90 теңге

    Сервисті келесі бағыттарда пайдалануға болады 12, 19, 27, 35, 74, 78, 84, 92, 93, 135, 141, 142, 143, 144, 144А, 144Б, 146, 147, 148, 150
    Жолақы: 70 теңге

Роуминг

Егер сіз Қазақстан аумағында өз құрылғыңыздан мобильді интернетті қолданған болсаңыз, бірақ интернет роумингте істемей тұрса, келесі әрекеттердің бірін байқап көріңіз:

  • Құрылғыңыздың баптауларынан «Роумингтегі деректер» бабын қосыңыз;
  • *120*600# пәрменін теріп, сізде Роуминг қызметі қосылғанына көз жеткізіңіз (өшіру *120*601#);
  • *800# пәрменін теріп, құрылғыңыздағы интернет баптауларын жаңартып көріңіз. Егер автоматты түрде жаңарту жүзеге аспаған жағдайда, сіздің телефоныңызға байланысты, төмендегі баптауларды колданыңыз.

Егер мәселе шешілмесе, қолжетімді нөмірден +77273500500 және +77273500600 нөмірлер арқылы Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау соғыңыз (Beeline абоненттері үшін роумингте де тегін).  Роумингте 116 нөміріне тек қана Ресейдің Beeline желісіндегі абоненттерге қоңырау соғуға болады (Beeline абоненттері үшін роумингте де тегін).

«Баптаулар» бөліміне кіріңіз, «Мобильді желілер» бөліміне өтіңіз;

  1. «Роумингтегі деректер» бабын қосыңыз;
  2. «Желі режимі» бабын «3G/2G» режиміне қойыңыз;
  3. «Қосылу нүктелеріне» кіріңіз, «Beeline Internet» бөліміне өтіп, келесі баптауларды қолдан енгізіңіз:

Аты: Beeline Internet
APN: internet.beeline.kz
Қолданушының аты: @internet.beeline
Кілт сөз: beeline

Назар аударыңыз, телефоныңыз әрқашан өздігінен Интернетке шығып, телефоныңызда орнатылған қосымшаларды жаңартып тұрады. Мұндай шығындардың алдын алу үшін, қосымшаларды автоматты жаңартуды өшіріп қою керек: 

Play Market-ке кіріп, жоғарғы сол жақ бұрышындағы «Мәзір» батырмасын басу керек, сол жерден «Баптауларды» таңдау қажет. Ары қарай, «Қосымшаларды өздігінен жаңартуды» таңдап, «Тек Wi-Fi арықылны» таңдау керек. 

«Баптаулар» бөліміне кіріңіз, «Ұялы байланыс» бабына өтіңіз, ары қарай «Деректер параметрлері»;

  2. «Дауыс және деректер» бабын «3G» режиміне қойыңыз;
  3. «Мәліметтерді жолдаудың ұялы байланысы» бөліміне өтіп, «Ұялы байланыс деректеріне» келесі баптауларды қолдан енгізіңіз:

«Баптауларға» кіріп, «iTunes Store App Store» таңдау керек. Барлық автоматты жүктеулерді өшіріп, «Ұялы мәліметтерді» «о» жағдайына қою керек.

Ары қарай "Параметры" (Settings), "Сеть и беспроводная связь" (Network and Wireless), "Сотовая сеть и SIM-карта" (Mobile and SIM) бөліміне кіріп, "Параметры SIM-карты" (SIM settings),  "Точка доступа по умолчанию" (phone Activated) баптарын таңдап, ашылған терезеде келесі мәліметтерді енгізу керек:

Пішіннің аты: Beeline Internet

"Баптаулар" бөліміне кіріп «Негізгі» батырмасын басу керек, сол жерден «Желі» таңдау қажет. Ары қарай, «Роуминг мәліметтерің» өшіру қажет. 

Егер сіз алдын ала төлем жүйесінің абоненті болсаңыз, *120*600# пәрменін теріп, сізде Роуминг қызметі қосылғанына көз жеткізіңіз. Сіз басқа елдің аумағында ұялы телефонды қосқан сәтте, роуминг өздігінен жұмыс істейтін болады.

Әлемнің халық көп қатынасатын елінде (бүгінгі таңда – 90 елден астам) алдын ала төлем жүйесімен есеп айырысатын Beeline абоненттері үшін Online-роуминг қызмет етеді (нақты уақыт режимінде тарифтеледі). Онлайн-роуминг сізге кез келген теңгеріммен Beeline байланысын қолдануға мүмкіндік береді. Онлайн-роумингке қол жеткізу үшін, сізге қажетті елде қай оператордың желісіне тіркелу қажет екенін тексеріңіз.

Онлайн-роумингке қосылу мүмкін емес елдерде роумингті қолдану үшін, теңгерімде ең кемі 1000 теңге болуы керек.

Сізге қажет елде онлайн-роуминг бар немесе жоқ екені және оны қай операторлардың қолдайтыны туралы толық ақпаратты 116 (Қазақстанда және Ресейде қоңырау соғуға болады) немесе +7 (727) 3 500 500(әлемнің кез келген жерінен қоңырау соғуға болады) нөмірлері арқылы білуге болады.

Егер сіз кейіннен төлеу үлгісінің абоненті болсаңыз, сіз Роуминг қызметтерін хат жазу арқылы Beeline кеңселерінде немесе өзіңіздің дербес менеджеріңізде қоса аласыз. Роумингті қосу жөнінде кеңес алу үшін, 0799 (ұялы телефоннан) нөмірі арқылы Beeline-ның Қолдау Қызметіне хабарласа аласыз.

Роумингте теңгерімді Қазақстандда жүргендей тексеру керек *102# пәрмені арқылы.

Роумингте шотты толтыру жолдары:

Достар мен туыстар

Роумингте болсаңыз да, сіз Қазақстандағы достарыңыз бен туыстарыңыздан, әдеттегі төлем терминалдары (Qiwi, Quickpay, Касса 24 және т.с.с.) арқылы  шотыңызды толтыруды өтіне аласыз. Қай жерде жүрсеңіз де, толтырылған сома тез арада шотыңызға түседі.

Төлем карталары

Қазақстанда сатып алған төлем карталарын қолдана отырып, роумингте теңгеріміңізді толтырыңыз, мұны өз үйіңізде жүргендей жүзеге асыра аласыз немесе достарыңыз бен жақындарыңыздан төлем картасын сатып алып, оның деректерін сізге жіберуді өтініңіз. 

«Шотымды толтыр» және «Мобильді аударым» қызметтері

Роумингте де достарыңыз бен жақындарыңыздан шотыңызды толтыруды тегін өтіне аласыз. Ол үшін мына пәрменді теріңіз:

*143* [өтініш жолданып отырған абоненттің нөмірі] #, қоңырау соғу пернесі

«Шотымды толтыр» қызметі туралы толығырақ осы жерде.

Досыңызға өтініш жіберген соң, ол өз кезегінде «Мобильді аударым» қызметі арқылы өз теңгерімінен сізге ақша аудара алады.

«Сенімді төлем» қызметі

Егер шотыңыз нөлге жақын болса, біз оны уақытша толтырамыз. *141# пәрменін теріп, шотыңызға қосымша қаражат алыңыз да, сөйлесуді жалғастырыңыз!

«Сенімді төлем» қызметі туралы толығырақ осы жерде.

Осы пәрмендерді телефоныңыздың жазба кітапшасына сақтап қойсаңыз, саяхаттап жүргенде қажетті жазбаны оңай таңдай аласыз!

Интернет-банкинг

Өз шоттарыңызды және жақындарыңыздың шоттарын банк картасы арқылы кез келген жерде және кез келген уақытта төлеңіз. Егер сіз Қазақстан Банктерінің бірінің клиенті болсаңыз, Банктің интернет бетіне шығып, байланыс қызметтерінің ақысын төлей аласыз. Қызметті қолдану шарттарын өзіңіз клиенті болып табылатын Банктің анықтамалық қызметінен анықтай аласыз. Одан бөлек, сіз, өз банк картаңыз арқылы, біздің сайттағы интернет-төлемді қолдана отырып, төлемді жүзеге асыра аласыз.

«Бөгелмей төле» қызметі

Шет елде жүргенде теңгерімді толтырудың ең ыңғайлы жолы. Егер сізде, төлем картасы болса, сіз оны телефоныңыздың нөміріне тіркеп, кез келген жерде және кез келген уақытта теңгерімді телефоннан толтыра аласыз немесе теңгеріміңіз 100 теңгеден аз қалған кезде, оны өздігінен толтыру қызметін баптай аласыз. Толығырақ

  1. Сапарға шығар алдында ұялы телефоныңыздың шотын тексеруді, қажет болса толтыруды ұмытпаңыз. Сондай-ақ банктік картаңызды біздің oplata.beeline.kz сайтында тіркеуге кеңес береміз, сонда сіз, шотыңызды кез келген сәтте толтыра аласыз.
  2. Халықаралық роумингте мобильді интернетті қолдану үшін, телефон баптауларына «Мәліметтер роумингі» қызметін қосу қажет. Ең танымал құрылғыларға арналған толық нұсқаулық «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде сипатталған.
  3. Роумингте «Менің Beeline-ым» қосымшасын қолданыңыз. Онымен сіз, өз телефоныңыздың экранында Жеке кабинеттің барлық қызметтеріне қол жеткізе аласыз. Сіз теңгерімді тексеріп, шотыңызды толтыра аласыз және роумингте үнемдеуге арналған амал-шарттарды басқара аласыз.

Теңіз және әуе кемелеріндегі роуминг жеке тарифтер бойынша тарифтеледі. Қызметтер мен науқандар оларға таралмайды.

Қай жерде болсаңыз да, сіз кез келген уақытта Жеке кабинетте немесе «Менің Beeline-ым» қосымшасын қолдана отырып, өз қызметтеріңізді басқара аласыз.

Роуминг қызметтерінің бірін қосып, роумингте байланыс қызметтерін төмен бағамен қолданыңыз:

"Жеңіл роуминг+" – қоңыраулар, SMS және интернет бір мин/SMS/МБ үшін 25 теңгеден! Толығырақ...

"СуперВиза S" – Роумингтегі 1 ГБ мен 30 минут топтамасы 1990тг! Толығырақ...

"СуперВиза M" – роумингтегі 20 мин + 20SMS + 20МБ +шексіз WhatsApp топтамасы! Толығырақ...

Роумингте болған кезде, нөмірді халықаралық үлгіде теру керек (SMS жолдаған кезде де):

       + (елдің коды) (қаланың коды немесе оператордың коды) (абоненттің нөмірі)

Мысалы, роумингтен Қазақстандағы 8 - 777 - XXX - XX – XX нөміріне қоңырау соғу үшін немесе SMS жіберу үшін, нөмірді келесі үлгіде теру керек:

 +7 777  XXX - XX - XX

(мұндағы  7 – Қазақстанның коды,  777  -  Beeline операторының коды,  ХХХ - ХХ - ХХ абоненттің нөмірі).

Қазақстанда сіз қолданып жүрген топтамалар мен қызметтер роумингте әрекет етпейді және шығындалмайды. Роумингтегі шығындарыңызды дұрыс жоспарлау үшін, әр елде әрекет ететін тарифтермен және науқандармен танысыңыз.

Құрылғыңызды өшіріп, қайта қосып көріңіз – ол Beeline абоненттеріне роуминг қызметтерін көрсететін желілердің біріне өздігінен тіркеледі. Телефонның экранында жергілікті оператор желісінің коды немесе атауы пайда болады. Егер өздігінен тіркелмесе, желіні «қолдан» таңдаңыз (аппаратты қолдану нұсқаулығын қараңыз). Онлайн-роуминг қолжетімді болуы үшін, сізге қажет елде қай оператордың желісіне тіркелу керек екенін тексеріңіз.

Кейбір үлгілерде желіні қолдан таңдау мысалы:

  1. iOS: Меню -> «Настройки» -> «Оператор» -> Автоматический қосқышын «о» жағдайына қою керек;
  2. Android: Меню -> «Настройки» -> «Другие сети» -> «Мобильные сети» -> «Операторы сети» -> Поиск сетей;
  3. Windows Phone: «Настройки» -> «Сотовая сеть+SIM» ->«Настройки SIM-карты» -> «Выбор сети»;
  4. Nokia: Меню -> выберите «Настройки телефона» -> «Выбор сети» -> «Произвольно»

 *120*600# пәрменін теріп, сізде Роуминг қызметі қосылғанына көз жеткізіңіз.

Шотыңыздағы қаражат жеткілікті ме? Кейбір операторлардың желісінде, роумингті қолдану үшін шотыңызда 1000 теңгеден артық қаражат болуы керек.

Егер мәселе шешілмесе, + 7 727 3500 500 нөмірі арқылы Клиенттерді қолдау орталығына қоңырау соғыңыз (Beeline абоненттері үшін роумингте де тегін).

Қызметтің сипаттамасы жазылған беттен өзіңіз қосқан амал-шарттың жалпы шарттарымен мұқият танысыңыз. Қызметтің әрекет ету географиясы сіз барған елге таралмауы мүмкін немесе науқан шарттары тек әріптес желіде ғана әрекет етуі мүмкін.

Қызметтің әрекет ету мерзімі аяқталмағанына және теңгеріміңіздегі қаражаттың жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз. 

Техникалық себептермен, роумингте ұялы байланыс қызметтерінің тарифтелуі кешеуілдеп жүруі мүмкін, бұл - шотыңызда қарыздың пайда болуына, нәтижесінде нөміріңіздің бұғатталуына алып келуі мүмкін. Басқаша айтқанда, соғылған қоңыраулардың құны кейінірек бірден ұсталуы мүмкін.

Тарифтелудің кешігуі шет елдегі желі операторынан роумингте сіз соққан қоңыраулар туралы ақпараттың келіп түсуіне байланысты болады.

Егер роумингтегі тарифтелу шынымен қате жасалса, 0611 нөмірі арқылы Клиенттерді қолдау орталығына хабарласып (Beeline абоненттері үшін тіпті роумингте де тегін), операторға осы қоңырау немесе интернет сессия жөніндегі егжей-тегжейлі ақпаратты ұсыну керек, ақпаратта келесі деректер болуы тиіс:

  • Барған еліңіз;
  • Қай оператордың желісіне тіркелгеніңіз (телефонның бейнебетіндегі атауы);
  • Қате транзакцияның уақыты мен ұзақтығы;
  • Егер қосылған болса, роумингтегі қосымша қызметтер туралы ақпарат;

Егер қосымша сұрақтарыңыз болса немесе роумингте қиындықтар туындаса, сіз кез келген уақытта Клиенттерді қолдау орталығына хабарласа аласыз, нөмірлері:

0611 (ұялы телефоннан) – Қазақстанда және Ресейде қоңырау соғуға болады. Beeline абоненттері үшін қоңырау тегін;

+ 7 727 3500 500,  + 7 727 3500 600 (қалалық телефоннан немесе ұялы телефоннан) –әлемнің кез келген жерінен қоңырау соғуға болады. Beeline абоненттері үшін қоңырау тегін.

Кей елдердегі операторлардың желісінде оффлайн роуминг әрекет етеді, онда шалған қоңырауыңыздың ақысы кешеуілдетіп ұсталады. Бұл шетелдік операторда Сіз роумингте шалған қоңыраулар туралы ақпараттың кеш түсуіне байланысты.

Тарифтелудің кешіктірілуінен шотыңызда қарыз пайда болып, нәтижесінде нөміріңіз бұғатталуы мүмкін. Қарыздың алдын алу үшін, теңгеріміңізде 1000 теңгеден көп қаражат болса ғана оффлайн роумингте қоңырау соға аласыз.

Бұл ретте басқа барлық қызмет – келген қоңыраулар, SMS және мобильді интернет кешігуcіз тарифтеледі және теңгеріміңізде кез келген оң қаражат болса бұл қызметтерге қол жеткізе аласыз. Оффлайн роумингтің ағымдағы шарттары алдын ала төлем жүйесінің абоненттері үшін әрекет етеді.

Егер қоңырау соққанда шектеулер байқалса, төмендегі нұсқаулықты қараңыз:

Роумингте болған жағдайда, нөмірді халықаралық үлгіде теру қажет екенін естеріңізге саламыз (SMS жолдау кезінде де):

+ (елдің коды)(қаланың немесе оператордың коды)(абоненттің нөмірі)

Мысалы, Роумингте Қазақстанға қоңырау соғу үшін

8 -777 - XXX - XX – XX нөмірін

былай  теру қажет +7 777  XXX - XX - XX

(7 – Қазақстанның коды,  777  -  Beeline операторының коды,  ХХХ - ХХ - ХХ абоненттің нөмірі)

*102# пәрмені арқылы теңгеріміңізді тексеріңіз, теңгерімде 1000 теңгеден көп болса ғана оффлайн роумингте қоңырау соғуға болады.

Қажет болса, теңгеріміңізді онлайн немесе келесі жолдардың бірі арқылы толтырыңыз

Қарыздың алдн алу үшін, жаңа нөмірлердің барлығы оффлайн роумингте мүлде қоңырау соға алмайды. Нөмірді қосқанына 90 күн өткен соң, бұл шектеу өздігінен алынып тасталады.

90 күн толмай-ақ, Beeline кеңселерінің біріне барып, + 7 727 3500 500 нөмірі арқылы клиенттерді қолдау орталығына қоңырау соғып немесе сайтта оператордың қайта қоңырау соғуына тапсырыс беріп, шектеуді алып тастауға болады.

Егер 90 күн өтпесе және сапарға шыққанға дейін шектеуді алып үлгермесеңіз, роумингтен ҚР нөмірлеріне қоңырау соғуға мүмкіндік беретін «Дүниежүзілік роуминг» қызметін қолдануға кеңес береміз. «Дүниежүзілік роуминг» қызметі тегін қосылады, нұсқаулық пен қолдану шарттарын мына жерден қараңыз.

Тарифтік жоспар

Менің Beeline-ым

Қосымшаны Android, iOS және Windows Phone операциондық жүйелерінің қолданушылары жүктей алады. 

Басты бетінде «Тіркелу» бөлімді басыңыз, Жеке кабинетінің телефон нөмірін және құпия сөзді енгізіңіз, содан кейін «Менің Beeline- ға кіру» батырмасын басыңыз.

Есепшот тіркелген абоненттер үшін қолжетімді.  Басты бетінде "Есепшот" бөлімін ашыңыз, Сіз кезеңді таңдаған кезде есепшот дереу көрсетіледі, әдепкі тегін транзакциялар жасырын, бірақ сіз оларды көре аласыз. Сондай-ақ хат белгісін басу арқылы электрондық поштаға есепті жібере аласыз.

Басты бетінде «Тіркелу» бөлімді ашып «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» батырмасын басыңыз. Сілтеме ашылғанда телефон нөмірін енгізу үшін «SMS бойынша алу» батырмасын басыңыз, содан кейін коды мен жаңа құпия сөзді енгізіңіз де «Сақтау және Менің Beeline-ға өту» батырмасын басыңыз.

Сіз теңгерімді қосымша арқылы толтыра аласыз, бұл әрекетті орындау үшін, қосымшаның мәзіріне өтіңіз және «Теңгерімді толтыру» батырмасын басыңыз.

Beeline Картасы

Карта Beeline абонентіне тіркеледі және Beeline бөлімшелерінде тегін беріледі.

Картаны алу үшін Клиент жеке басын куәләндыратын құжатты (ҚР азаматтары – ҚР азаматының жеке куәлігін/төлқұжатын, шетел азаматтары – шетел азаматының төлқұжатын және ҚР-да берілген, ЖСН-і бар тіркеу куәлігін) көрсетуі тиіс. Карта абонентке тіркеледі және Beeline-ның бөлімшелерінде әп-сәтте беріледі.

PIN-кодты клиент өзі орнатады.

PIN-кодты орнату үшін:

1. 2051 тегін нөміріне қоңырау шалу керек. Роботтың сұрақтарына жауап бере отырып, Картаны ресімдеу кезінде көрсетілген нөмірден арасына 2 секунд салып, 2-3-1 сандарын теру керек;

2. Картаның нөмірін енгізу қажет;

3. Жүйе сұраған кезде, кез келген РIN-кодты енгізу керек;

4. Растау үшін PIN-кодты қайта енгізуі тиіс;

5. Барлық әрекет дұрыс жасалса, жүйе PIN-кодтың орнатылғанын растап, Картаны белсендіреді.

6. Банкоматта немесе онлайн кез келген операцияны жасау керек.

Еліміздің кез келген банкоматтарынан ақшаны тегін алу (бір күнтізбелік айда 50 000 теңге);

Зат сатып алғанда 1.5% кепілді кэшбэк;

Мобильді телефон мен Beeline Картасының ортақ теңгерімі;

Beeline Картасын тегін шығару және оған қызмет көрсету;

Beeline Картасына ақшаны тегін салу;

Жасалған операциялар туралы тегін SMS-ақпарат беру;

Жанаспай төлеу технологиясы; Динамикалық 3D Secure кодпен қауіпсіз интернет-сауда.

Ұялы телефон теңгерімі мен Картаны шоты бір болғандықтан, картаны келесі жолдармен тексеруге болады:

- *102# пәрмені арқылы теңгерімді тексеру;

- *802# пәрмені арқылы есепшот алу;

- «Менің Beeline-ым» қосымшасында;

- beeline.kz сайтындағы жеке кабинетте;

- банкоматтарда;

- Beeline бөлімшелерінде, жеке куәлікті көрсету арқылы.

Жиі қойылатын сұрақтардың жауабын мына жерден табуға болады

Біздің байланыс контактілеріміз

Кеңселеріміз бен салондарымызда сізді көргенімізге әрқашан қуанамыз!

Мұнда cіз, SIM-картаны сатып ала аласыз немесе ауыстыра аласыз, жаңа тарифке қосылуыңызға болады, шотыңызды толтыра аласыз және т.с.с. жүзеге асыра аласыз.

Өзіңізге ыңғайлы мекенжайды таңдап, бізге келіңіз!

  • 116  — ұялы телефоннан Beeline абоненттеріне (тегін)
  • Қалалық телефоннан әр қалада
  •  

     Қалалық телефоннан әр қалада:

  • Ақтөбе қаласы және облысы

+7 (7132) 92 12 00

  • Алматы қаласы және облысы

+7 (727) 3 500 500,  +7 (727) 3 500 600

  • Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысы

+7 (7172) 738 738;

+7 (7162) 91 00 07 (Көкшетау)

  • Атырау қаласы және облысы

+7 (7122) 93 01 00

  • Қарағанды қаласы және облысы

+7 (7212) 922 922,  +7 (7212) 922 777;

+7 (7102) 91 50 07 (Жезқазған)

  • Павлодар қаласы және облысы

+7 (7182) 770 770

  • Петропавл қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы:

                        +7 (7152) 63 10 07

  • Тараз қаласы және Жамбыл облысы:

                        ​​​+7 (7262) 92 30 07

  • Орал қаласы және Батыс Қазақстан облысы:

                        ​​​+7 (7112) 96 00 07

  • Өскемен қаласы және Шығыс-Қазақстан облысы

                        +7 (7232) 49 29 02;

                        +7 (7222) 55 60 07;(Семей)

  • Шымкент қаласы және Түркістан облысы:

                        ​​​+7 (7252) 98 40 40

Сіз сондай-ақ infodesk@beeline.kz поштасына жазсаңыз болады  немесе FacebookTwitterВКонтакте және Instagram әлеуметтік желілерде  біздің топтарға сұрақ қоя аласыз.

Дана- виртуалды кеңесші-робот!

Ол сізге ең қызықты және пайдалы ақпаратты айтып беруге әрдайым дайын.

Дана тарифтік жоспарыңызды өзі анықтап, оның ерекшеліктері туралы айтып береді. Телефон нөміріңіздің шотындағы соманы айтып береді және кез келген қызметті жылдам қосуға немесе өшіруге көмектеседі.

Өз сұрағыңызды сайтымыздың  төменгі оң жақ бұрышында Данаға қоя аласыз. Ол сізге сайттағы навигация бойынша көмектеседі, тарифтік жоспарды таңдауға жәрдемдеседі және кез келген сұрағыңызға жауап береді! Қажет болса Дана тілдесуге операторды қоса алады. 

Виртуалды кеңсеші Данамен дәл қазір танысыңыз!

Мобильді интернет

Beeline 4G Wi-Fi-роутері бір SIM-картаның көмегімен сымсыз интернетке (Wi-Fi) бір мезетте бірнеше құрылғыдан: телефондардан, смартфондардан,  планшеттер мен ноутбуктерден 10 қолданушыға дейін қосуға мүмкіндік береді.

Маман шақырудың қажеті жоқ, SIM-картаны белсендірсеңіз, барлық баптаулар өздігінен орнатылады! 4GWi-Fi-роутер тек Beeline SIM-картасымен жұмыс істейді.

Жиынтыққа не кіреді?

1. Жылдамдығы жоғары Wi-Fi-роутер.

2. Арнайы тарифтік жоспары мен 40 ГБ интернет-трафигі бар SIM-карта.

3. Өздігінен орнатылатын және компьютеріңіздің барлық қажетті баптауларын жүзеге асыратын бағдарламалық қамсыздандыру.

4G Wi-Fi роутердің мүмкіндіктері:

  • Бір уақытта 10 құрылғыға дейін сымсыз қосылу: тұрақты компьютер, ноутбук, планшеттік компьютер, смартфон, интернет-теледидар - Wi-Fi модульі бар кез келген құрылғыдан қосылуға болады.
  • Жылдам қосылу: маманды шақыру және қосылуды күту қажет емес.
  • Орнату қарапайымдылығы - роутер қандай-да бір орнатуды қажет етпейді.  SIM-картаны модемге орнатыңыз да, оны ұяшық арқылы компьютерге қосыңыз – USB бағдарлама өздігінен қосылады!
  • Меншікті жергілікті желі – роутер интернетке қосылуға арналған Wi-Fi желісін құрып қана қоймайды, сонымен қатар желі ішінде мәлімет алмасуды қамтамасыз етеді.
  • Жылдамдық – роутер GSM/EDGE, 3G және 4G (LTE) желісінде жұмыс істейді.
  • Қауіпсіздік – құрылған Wi-Fi-желісіне рұқсатсыз қосылудың алдын алу үшін, роутер мәліметтерді WPA және WPA2 хаттамалары бойынша шифрлауды қамтамасыз етеді.
  • Қызметтердің ақысын төлеу - қызметтердің ақысын, ұялы байланысқа төлеген жерде төлеуіңізге болады.
  • Қызметтерді ыңғайлы басқару - 4G Wi-Fi-роутер интерфейсінде бір пернені басу арқылы теңгерімді тексеруге, қосымша амал-шарттарды қосуға және өшіруге болады.

Wi-Fi роутерді қайдан сатып алуға болады?

1. Құрылғыны үйден шықпай-ақ сатып алуға болады – интернет-дүкенде тапсырыс берсеңіз болды, біз сізге құрылғыны тегін жеткізіп береміз.
2. Beeline-ның кеңселерінде және басқа сату нүктелерінде.

4G Wi-Fi роутерге нұсқау.

3G USB-модемімен кез келген уақытта және кез келген жерде интернетке сымсыз қосылу!

Модемді қосыңыз, барлық баптаулар өздігінен орнатылады. Тінтуірмен бір түртсеңіз, интернеттің өзіңізге қажетті ресурсына қосыла аласыз! USB-модем тек Beeline SIM-картасымен жұмыс істейді.

Жиынтыққа не кіреді?

1. Жылдамдығы жоғары 3G USB-модем.

2. Арнайы тарифтік жоспарға қосылған және 20 ГБ интернет-трафикпен топтамасы бар SIM-карта

USB-модемнің мүмкіндіктері:

  • «Beeline» желісі таралған барлық аймақтағы сымсыз интернет! Мобильді интернет кез келген уақытта қасыңыздан табылады, ноутбукті өзіңізбен бірге көлікке, дәмханаға немесе саяжайға алып жүріңіз.
  • Орнатудың қарапайымдылығы – модем сізден қандай-да бір орнатуды талап етпейді.  SIM-картаны модемге орнатыңыз да, оны компьютерге қосыңыз – бағдарлама өздігінен қосылады!
  • Жылдамдық – модем GSM/EDGE және 3G желісінде 21,6* Мбит/сек-ке дейінгі жылдамдықпен жұмыс істейді.
  • Қызметтердің ақысын төлеу - USB-модем қызметтерінің ақысын ұялы байланысқа төлеген жерде төлеуіңізге болады.
  • Қызметтерді ыңғайлы басқару - USB-модем интерфейсінде бір пернені басу арқылы теңгерімді тексеруге, қосымша амал-шарттарды қосуға және өшіруге болады.

Қайдан сатып алуға болады?

Модемді Beeline Кеңселерінен және Beeline-ның басқа сату нүктелерінен алуға болады.

3G деген не?

3G-технологиясы Beeline абоненттеріне жаңа мүмкіндіктер ашуда:

дыбысты жолдаудың жоғары сапасы

жылдам мобильді Интернет

бейнеқоңыраулар– телефонмен сөйлесу кезінде бейнекөріністерді алмастыру нәтижесінде әңгімелесушіні көру мүмкіндігі

мобильді телевидение

3G артықшылықтары

Ең басты артықшылығы — Интернетке қосылудың және мәліметтерді жолдаудың жоғары жылдамдығы.

Қанша тұрады?

Интернетке қосылу үшін өзіңізге ыңғайлы тариф жоспарын таңдап алыңыз.

Дыбыстық қоңыраулар мен бейнеқоңыраулар құнын есептеуде айырмашылық жоқ.

"Бейнеқоңырау" қызметіне 3G желісінің таралу аймағында Сізде және Сіз қоңырау шалған абонентте UMTS стандартын қолдайтын ұялы телефон болған жағдайда қол жеткізуге болады. Ұялы телефоны 3G желісін қолдамайтын абоненттің нөіміріне бейнеқоңырау соққан жағдайда, қосылу жүзеге асырылмайды.

Қолданылуы қалай?

3G артықшылықтарын Beeline USB-модемінің немесе 3G-ді қолдайтын телефонның көмегімен пайдалануға болады.

3G технологиясын қолдайтын көптеген USB-модемдер мен телефондар 3G желісіне өздігінен қосылады.

Егер өздігінен қосылу орын алмаса, телефон режимінен UMTS/GSM (екі режим) режимдерін бір уақытта қолдану режимін таңдау жеткілікті, сонда ол 3G желісінің таралу аймағында өздігінен 3G желісіне қосылатын болады. Егер қандай-да бір себеппен қосылыс жүзеге асырылмаса, ұялы телефонның мәзірінен 3G/GSM режимдерін қолдан таңдау керек. Дәл сол сияқты қолдан қосылу баптауын жүзеге асыру арқылы GPRS/EDGE желілеріне қайта қосылуға болады. Толық ақпарат алу үшін өз ұялы телефоныңыздың нұсқаулығын қараңыз.

4G (LTE) деген не?

LTE технологиясы екінші және үшінші буындағы ұялы байланыс желісінің негізгі эволюциялық бағыты болып табылады. LTE технологиясы базалық стансадан қолданушыға 326,4 Мбит/с дейін жылдамдықпен және кері бағытта 172,8 Мбит/сек жылдамдықпен мәліметтерді жолдаудың теориялық жылдамдығын қамтамасыз етеді*.

Байланыс операторының пікірі бойынша LTE технологиясы қондырғының өндіріс қуатын, таралу аймағын және клиенттерге қызмет көрсету жылдамдығын ең жоғары деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, LTE технологиясының жаңа мүмкіндіктерінің арқасында операторлар радиожиілік ресурстарын пайдалана отырып контент жолдай алады, сондай-ақ ТВ, радио және басқа да медиа құралдарымен бәсекелесе алады.

2G және 3G желілерінің қоданушылары жаңа буындағы байланыс қызметіне ауыса отырып, жоғары жылдамдықтағы сымсыз Интернетке қосылып қана қоймай, мультимедиялық қосымшалардың, дербес медиа-қызметтердің, т.с.с әпсәттік ашылуы мен үздіксіз жұмысына баға бере алады.

2009 жылғы қазан айында «КаР-Тел» ЖШС Қазақстан Республикасының ақпараттандыру және байланыс агенттігінен ғимарат ішінде LTE технологиясы бойынша 4G байланыс стандартының көрнекілік аймағын құруға рұқсат алды. Alcatel-Lucent компаниясымен бірлесе жұмыс істеудің нәтижесінде Алматы қаласындағы Астана бизнес-орталығының ашық сату кеңсесінде сынақ аймақтары ашылды.

*Екінші буындағы 2G желісі теориялық тұрғыдан мәліметтерді жолдау жылдамдығын ең биік шыңына жеткізуді қамтамасыз етеді, GPRS технологиясы бойынша 56—114 Кбит/с, ал EDGE технологиясы бойынша 473,6 Кбит/с дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Коммерциялық қолданысқа енгізілген үшінші буындағы 3G желісі теориялық тұрғыдан қарағанда мәліметтерді секундына 28 Мбит. дейін жодауға мүмкіндік береді.

LTE/4G тарифтелуінің ерекшеліктері

LTE/4G (3GPP) технологияларының ерекшеліктеріне байланысты, 4G желісін қолдайтын құрылғылар, құрылғыдағы мәліметтерді жолдау баптауына қарамастан, сағатына 1 КБ көлемдегі деректер топтамасын жібере алатынын ескерулеріңізді сұраймыз.

Егер қандай-да бір күні мобильді интернетті қолдану жоспарыңызда болмаса, құрылғыны 2G/3G желілерінде ғана жұмыс істейтін режимге ауыстыруға, құрылғыдағы мәлімттерді жолдауды кейіннен өшіріп қоюға кеңес береміз. 

Мобильді интернет — заманауи әлемдегі қажетті қызмет.

Арнайы қосуды қажет етпейді. SIM-картаны белсендірген сәтте, өздігінен қосылады.

Алдымен «Үш қызмет топтамасы» қызметінің көмегімен интернетті қосыңыз, *110*181# пәрменін теріңіз (қосылу тегін).

Ары қарай "Настройки", "Мобильные сети" (Mobile Networks) бөліміне кіріп, "Мобильные данные" (Data Enabled) бабына белгі қою керек те, "Точки доступа (APN)" (Access Point Names) бабын ашу қажет. «+» белгісін басып, ашылған "Изменить точку доступа" (Edit access point) терезесінде келесі мәліметтерді енгізу керек:

Ары қарай "Настройки" (Settings), бөліміне кіріп, "Сотовые данные" (Data Enabled) бабын қосу керек, ары қарай «Сотовая связь», «Сотовая сеть передачи данных» (Cellular, Cellular Data Network) баптарын таңдап, ашылған терезеде келесі мәліметтерді енгізу керек:

«Үш қызмет топтамасы» мобильді интернет пен MMS-ті ұялы телефонда 2G, EDGE және 3G технологиялары бойынша қолдануға мүмкіндік береді. Қызмет, нөмірді қосқан сәтте тегін беріледі және ешқандай абоненттік төлемі жоқ.

Егер сіз қызметті өшіріп тастасаңыз, *110*181# пәрменін теріп, оны қайта қосуыңызға болады.

3G, 4G желілерінде мобильді интернеттің белсенді сессиясы кезінде,  келген қоңырауларды қабылдауға болады. 2G желісінде мәліметтерді қабылдау/жолдау кезінде телефоныңызға қоңырау келетін болса, қоңырау өтпеуі мүмкін. Егер телефон интернет-сессия режимінде болса, бірақ мәліметтерді қабылдап/жолдап жатпаса қоңырау қабылдауға болады. Сондай-ақ ол, телефоныңыздың мүмкіндіктеріне байланысты болады.

Сіз, шет елде жүріп мобильді интернетті қолдана аласыз. Қызметті белсендіру бойынша ешқандай қосымша қадам жасау қажет емес. Сізге қызмет көрсететін оператордың желісінде интернет-роумингтің ашық екеніне, ал сізде халықаралық байланыс пен «Үш қызмет топтамасы» қосылғанына көз жеткізу жеткілікті. Сапарға шықпас бұрын, біздің сайттағы «Роуминг» бөлімінде роумингте мәліметтерді жолдау құнын анықтап алыңыз. Қаласаңыз, сапар барысында шығындарды үнемдеуге арналған арнайы ұсыныстарды пайдаланыңыз. «Роуминг» бөлімінен толық ақпарат ала аласыз.

Интернетке шыға алмасаңыз:

  • «Үш қызмет топтамасы» қосылғанына көз жеткізіңіз. *110*181# пәрменін теріңіз
  • Ұялы телефонды өшіріп, қайта қосыңыз да, тағы бір рет қосылуға талпынып көріңіз.
  • Баптауларды тексеріңіз.

Пайдалы пәрмендер

*100# - қызметтердің бірыңғай мәзірі 

*166# - тарифтік жоспарды білу

*100#- тарифтік жоспарды ауыстыру 

*102# - теңгерім туралы ақпарат 

*106# - тарифтік жоспарлардағы бонустардың қалдығын тексеру 

*225# - хабарламалар тілін таңдау  (сондай-ақ *100# арқылы да хабарламалар тілін таңдай аласыз)

*122# - интернет-трафиктің теңгерімі туралы ақпарат 

*160# - өз телефон нөміріңді білу  

*166# - тарифтік жоспардың параметрлері туралы ақпарат 

*179# - қосылған қызметтердің тізімін тексеру 

*800# - интернеттің автоматты баптауларына өтініш

*802# - соңғы он ақылы ұсталым туралы шағын-есеп 

*805# - төлем үлгісі туралы ақпарат 

*808# - жеке кабинетте тіркелу 

*835# - нөмір кімге тіркелгенің білу

*145*телефон нөмірі*аударым сомасы#- қаражат аудару

*144* телефон нөмірі# - өтініш 
*144*0# - келіп түсетін өтініштерге тыйым салу  
*144*1# - келіп түсетін өтініштерге салынған тыйымды алу
*144# - көмек

Толығырақ осы жерде.

*131*5*өзіңізге жақын абоненттің нөмірі (8 және +7сандарысыз)# - Өзіңізге жақын абонентке өтініш жіберу 
*131*1*абоненттің нөмірі (8 және +7 сандарысыз)# - абонентке теңгеріміңізді білуге өтініш беру 
*131*0# - қызметті өшіру

Толығырақ осы жерде.

Пожарная служба - 101

Полиция - 102

Скорая помощь - 103

Аварийная служба газа - 104

Служба спасения - 112

Бланктер мен құжаттар

Құрылғыны тіркеу

  • 2018 жылғы 9 қаңтардан бастап «Байланыс туралы» (36-2-бап) ҚР Заңы әрбір клиентті өз мобильді құрылғысын ұялы байланыс операторында тіркеуге міндеттейді.
  • SIM-карта қолданылатын барлық құрылғыны тіркеу керек, мысалы, мобильді телефондар, планшеттер, модемдер және басқа да мобильді құрылғылар.
  • 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап заң талабы бойынша, ұялы байланыс операторлары мұндай құрылғыларға қызмет көрсетуді тоқтатуға мәжбүр болады. 

Жеке тұлғалар ЖСН ұсынуы керек.

  • Өз нөміріңнен 6914 нөміріне ЖСН-і бар SMS жіберу.
  • *691# пәрменін теру.
  •  «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасы арқылы.
  • 6914 нөміріне қоңырау шалу (қоңырауларды қабылдау уақыты - таңғы 09:00-ден түнгі 01:00-ге дейін).
  • Сату және қызмет көрсету кеңселері арқылы және қажетті ақпаратты тікелей ұсыну.

Beeline жүйелері құрылғының IMEI кодын және онымен байланысты абоненттік нөмірді анықтап, ЖСН/БСН + абоненттік нөмір + ІМЕІ параметрлері бойынша бірден тіркейді, клиент ЖСН-ді өз нөмірінен жіберген жағдайда.

  • Нөмір дұрыс тіркелген болуы керек. Нөмірдің дұрыс тіркелгенін *835# пәрмені арқылы тексеруге болады. Егер нөмір әлі тіркелмеген болса, жеке куәлікті алып, Beeline-ның кез келген кеңсесіне бару немесе сайттағы «Нөмірді тіркеу» бөлімінде тіркелу керек.
  • Барлық жаңа клиенттің абоненттік нөмірі бірден ЖСН көрсетіле отырып тіркеледі.
  • Заңды тұлғалардың құрылғылары дербес менеджер арқылы немесе Сату және қызмет көрсету кеңселерінде тіркеледі.
  • «Байланыс туралы» ҚР Заңының 36-2-бабындағы негізгі ережелер:

    Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеу үшін оның иеленушісі өзіне қызмет көрсететін операторға:

  • жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлға үшін) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін);
  • ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды,IMEI код кез келген абоненттік құрылғыдан *#06# пәрмені арқылы анықталады.
  • абоненттік нөмір туралы мәліметтерді ұсынады.
  • Ұялы байланыс операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары сәйкестендіру кодтарының дерекқорында ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының басқа иеленушісі тіркеген осындай ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды болған жағдайда немесе егер абоненттік нөмір басқа иеленушіге тіркелген жағдайда, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын тіркеуден бас тартады.

    Операторға СКД-ға мәліметтері енгізілмеген немесе деректері СКД-ға енгізілген деректермен сәйкес келмейтін абоненттік құрылғыға ұялы байланыс қызметін көрсетуге тыйым салынады.

Мобильді байланыс клиенттеріне арналған BeeTV

  1. BeeTV қызметін қосу үшін, Сізге Beeline абоненті болу керек;
  2. Android пен iOS жүйелеріне смартфонға немесе планшетке арналған BeeTV мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз немесе www.beetv.kz сайтына кіріп, тіркеліңіз;
  3. Қолайлы топтаманы таңдап, қолданыңыз.

Қызметті www.beetv.kz сайтында немесе BeeTV мобильді қосымшасындағы «Жазылымдар» бөлімінде өшіруге болады.

"BeeTV" топтамасы Абоненттік төлем Топтаманың сипаттамасы
TV50 30 тг/күніне 50 ТВ-арна
TV100 55 тг/күніне 100 ТВ-арна
Фильмдер 30 тг/күніне Megogo
ТВ MAX 35 тг/күніне 3 арна Setanta
Amediateka 30 тг/күніне 35 тг/күнінеAmediateka

TV50 690 тг/айына 50 ТВ-арна
TV100 1290 тг/айына 100 ТВ-арна
Фильмдер 690 тг/айына Megogo
ТВ MAX 990 тг/айына 3 арна Setanta
Amediateka 890 тг/айына Amediateka

BeeTV — бұл мобильді байланыс абоненттеріне ТВ-ны, сүйікті телехикаяларды және фильмдерді BeeTV мобильді қосымшасы арқылы немесе компьютердегі браузер арқылы көруге мүмкіндік беретін сервис. Ол үшін internet (Wi-Fi, 3G/4G (кез келген оператордың) немесе басқасы) желісіне қосылу керек.

Көру кезінде қолданылған, Beeline KZ желісіндегі интернет-трафик, Beeline абоненттеріне тегін. Егер ұшқыр интернет-трафик лимиті таусылып қалса, «BeeTV» қызметі тоқтайды.

 Смартфонға/планшетке BeeTV қосымшасын орнату керек немесе www.beetv.kz сайтына кіру керек;

·         «Тіркелу» нұсқасын таңдап, есімін, мобильді телефон нөмірін және кілт сөзді көрсету керек;

·         Растау кодын енгізу керек;  

·         ВТоптаманы таңдап, қосу керек.

  • Күн сайынғы топтамалар:

    ·         ТV50 – 30 тг/күніне;

    ·         ТV100 – 55 тг/күніне;

    ·         Фильмдер – 30 тг/күніне.

    ·         Премиум Спорт – 35 тг/күніне.

    Ай сайынғы топтамалар:

    ·         ТV50 – 690 тг/айына;

    ·         ТV100 – 1290 тг/айына;

    ·         Фильмдер – 690 тг/айына;

    ·         Премиум Спорт – 990 тг/айына.

Смартфон мен планшетке арналған мобильді қосымшаны жүктеу:

·         Android-қа арналған 

·         iOS-қа арналған 

      Android 4.0 және одан жоғары (смартфондар мен планшеттер)

·         iOS 8.0 және одан жоғары (смартфондар мен планшеттер)

               Дербес Компьютер:

·         Windows XP

·         Windows Vista

·         7

·         8

·         OS X 10.6 немесе жоғары

·         Internet Explorer 11 және жоғары, Firefox, Safari, Opera, Chrome.

ТV50 топтамасына -   50 арна кіреді

ТV100 топтамасына -   100 арна кіреді

Фильмдер топтамасына -  Megogo фильмдері мен сериалдары кіреді

Премиум Спорт топтамасына 3 арна Setanta кіреді

Арналардың тізімімен осы жерде танысуға болады.

BeeTV қызметін www.beetv.kz сайтындағы жеке кабинетте және мобильді қосымшадағы Жазылымдар бөлімінде өшіруге болады. Қосымшаны жойғанда қызмет өздігінен өшпейді. 

Beeline мобильді абоненті бір телефон нөміріне бір уақытта кез келген екі құрылғыны: смартфон, планшет немесе компьютердегі веб-сайтты қоса алады.

Келесі байланыс нөмірлеріне:

 +7 (727) 3 500 500,  +7 (727) 3 500 600 Алматы қаласы облысы қалалық телефоннан

 116 (Beeline абоненттеріне тегін)

Эл. мекенжай: beetv@beeline.kz

Абоненттік төлем сағат 00:00-ден 03:00-ге дейін ұсталады. Егер теңгерімдегі қаражат абоненттік төлемді ұстауға жетпейтін болса, теңгерім жеткілікті сомаға толтырылғаннан кейін, абоненттік төлем толық ұсталады.