
Акция шарттары:
• Акция Атыраудағы 3, 7, 14, 15, 30, 50, 52, 53, 55, 58, 58а, 59, 62-бағыттарда жүреді.
• Акция бойынша күніне 2 рет жүруге болады.
• Акция қатысушысы Beeline мобильді теңгерімінен жолақы төлеген соң, нөмірінің теңгеріміне 40 теңгені (cashback) қайтып алады.
• Акция SMS және «Менің Beeline-ым» (QR және цифрлы код) қосымшасы арқылы төлегенде әрекет етеді.
Жолақы төлеп, жеңілдік алу оп-оңай! Өзіңізге ыңғайлы жолды таңдаңыз:
1. SMS
- Теңгеріміңізде төлеуге жететін сома бар екеніне көз жеткізіңіз (ең кемі 81 теңге).
- 2505 нөміріне көлік коды көрсетілген SMS жіберіңіз. Кодты автобустардың салонындағы жапсырмадан табуға болады.
- Beeline теңгеріміңізден жолақы толық ұсталады да, бірнеше секундта 40 теңге қайтарылады.
- Жолақы төлеген соң, электронды билеті бар SMS келеді. Оны контролерге көрсетуді ұмытпаңыз!
- SMS жіберу тегін.
2. «Менің Beeline-ым» қосымшасы
- Теңгеріміңізде төлеуге жететін сома бар екеніне көз жеткізіңіз (ең кемі 81 теңге).
- «Менің Beeline-ым» қосымшасын – «Көлік» бөлімін ашыңыз - QR-кодты сканерлеңіз немесе көліктің цифрлы кодын жазыңыз (олар автобустардың салонындағы жапсырмада).
- Нөміріңіздің теңгерімінен жолақы толық ұсталады да, 40 теңге қайтарылады.
- Жолақы төлеген соң, электронды билеті бар SMS келеді. Оны контролерге көрсетуді ұмытпаңыз.
Егер Сізде «Менің Beeline-ым» қосымшасы жоқ болса, мына жерден жүктеңіз: сілтеме