
22.03.2023 — 21.04.2023
22 наурыз бен 21 сәуір аралығында Google сүйікті мобильді ойындарыңыздың ішінде Play Market-тен сатып алғанда 90%-ға дейін жеңілдік және басқа да бонустар сыйлайды. Иә, Сіз ең қиын деңгейден өте аласыз 😉
Бонустар үлгісі:
• Candy Crush Saga — алтын құймалар мен бустерлерге 50%-ға дейін жеңілдік
• Pokémon GO — Рамазан айының құрметіне топтамаға 50% жеңілдік
• Head Ball 2 – Online Soccer — кейбір кейіпкерлер мен керек-жарақтарға 90%-ға дейін жеңілдік
• PUBG MOBILE — Рамазан айының құрметіне ойын ішіндегі оқиғалар
Сізді көптеген сыйлық, жеңілдік, бонустар мен оқиғалар күтіп тұр. Ең бастысы – сатып алғанда Beeline теңгерімінен төлеуді ұмытпаңыз!
Уақытыңыз қызық өтуіне тілектеспіз!