Басты бет / Науқандар

Apple қызметтерімен Экстрагиг

Apple қызметтерінде сатып алу үшін гигабайт алыңыз

App Store, Apple Arcade, Apple Music және iCloud дүкендерінде контент пен жазылымдар үшін төлеп, 1 ГБ трафикті тегін алыңыз.

Шарттар:

Трафикті алу фактісі бойынша SMS-хабарландыру келіп түседі.

Трафик келесі күні және бірінші сатып алуға ғана есептеледі.

Акцияға барлық табысты транзакциялар қатысады.

Тарифктің әрекет ету мерзімі – 30 күн.

 

ЫҢҒАЙЛЫ:
Теңгерімді толтырсаңыз болды!
ҚАУІПСІЗ:
Төлем деректері қорғалған
ТЕЗ:
«Сатып алуды» бассаңыз болды, контент Сіздікі!

Қызмет туралы толығырақ

 

Туындауы мүмкін сұрақтарға жауап береміз:

 

Apple сервистерінде Beeline теңгерімінен неге және қалай төлеуге болады?

App Store, Apple Arcade, Apple Music және iCloud ресурстарындағы бүкіл контент пен жазылымға Beeline мобильді теңгерімінен комиссиясыз төлеуге болады. Ол мүлде қауіпсіз: Сіздің сатып алып жатқаныңызды жүйе әрдайым тексеріп отырады.

Мобильді теңгерімнен төлеу мүмкіндігін қосу оп-оңай. Beeline SIM-картасы салынған iPhone немесе iPad болса болды.

• Телефон баптауларынан Apple ID-ді таңдаңыз.

• Face ID немесе Touch ID тексеруінен өтіңіз.

• «Төлеу және жеткізуге» кіріңіз.

• «Мобильді телефонды» таңдаңыз.

• Ары қарай: «Осы мобильді нөмірді» қолдануды басыңыз.

Енді екі есе артық рахатқа бата аласыз: Apple экожүйесінде мобильді теңгерімінен тез әрі қауіпсіз төлеу.

Басқа нөмірден төлегім келсе ше?

Егер басқа нөмір Beeline желісінде болса – мархабат. Бәрі оп-оңай:

• Телефон баптауларында Apple ID-ге кіріп, тексеруден өтіңіз.

• «Төлеу және жеткізуге» кіріп, «Мобильді телефонды» таңдаңыз.

• Ары қарай: «Басқа нөмірді қолдану».

• Көрсетілген нөмірге коды бар SMS келеді — ашылған терезеде сол кодты жазыңыз.Дайын! Сатып алғаныңыз берекелі болсын!

Apple сервистерінде сатып алуда шектеу бар ма?

Бір сатып алғанда — ең көбі 50 АЕК. Күніне ең көбі 100 АЕК пайдалануға болады. Жаман емес қой! 😊

Теңгерімдегі ақшаның қайда кетіп жатқанын қалай көруге болады?

Сатып алғаныңыздың тарихын кез келген сәтте «Менің Beeline-ым» қосымшасынан немесе www.beeline.kz сайтындағы Жеке кабинеттен көруге болады.

Сатып алудан бас тартып, ақшамды қайтарып ала аламын ба?

Сіздің қалауыңыз — біз үшін заң.

Сатып алғаныңызды қайтару үшін, кез келген Apple құрылғыңыздың веб-браузерінде келесіні жазыңыз: reportaproblem.apple.com

Ашылған «Маған керегі» тізімінде «Өтемақы сұрау» пернесін басыңыз. Сатып алудан бас тартқыңыз келетін себепті таңдап, «Ары қарай» пернесін басыңыз. Содан соң қайтарғыңыз келетін қосымшаны, жазылымды немесе басқа элементті таңдаңыз да, «Жіберу» пернесін басыңыз.

Қаражат мобильді теңгерімге 30 жұмыс күнінде қайтарылады. Қайтаруға болатын кезең сатып алынған контентке байланысты.

Толық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Теңгерімдегі қаражат жеткілікті, бірақ төлем өтпей тұр. Не дұрыс емес?

Ықтимал себептер:

1. Сізде корпоративті нөмір.

2. Тарифіңізде қызметті қолдану мүмкін емес.

3. Нөміріңізден әлі 800 теңге жұмсамағансыз.

4. Техникалық ақау орын алды. Операцияны кейінірек қайталап көріңіз.

Мен Beeline теңгерімінен төлеген жазылымнан қалай бас тартуға болады?

Кез келген Apple сервисінде Apple ID-ге кіріп, «Жазылымдарды» таңдаңыз. Бас тартқыңыз келетін жазылымды таңдап, бас тартыңыз. Ары қарай қосымшадағы нұсқауға сай әрекет етіңіз.

Мобильді теңгерімнен төлеу әдісін қалай өшіруге болады?

Теңгерімнен төлеу мүмкіндігінен бас тартқыңыз келетініне сенімдісіз бе?

Онда нұсқау бойынша әрекет етіңіз:

• Apple ID-іңізде «Төлеу және жеткізуді» басыңыз.

• Жеке тұлғаңызды Touch ID немесе Face ID арқылы растаңыз.

• «Beeline теңгерімінен төлеу» әдісін басыңыз.

• «Өзгертуді», қызыл «Жою» пернесін, содан соң тағы бір рет «Жою» пернесін басыңыз. Ойыңыз өзгерсе, Beeline теңгерімінен төлеуді кез келген уақытта қайта қоса аласыз. Нұсқаулық осы беттің жоғары жағында бар. .

Google Play Market-те теңгерімнен төлей аламын ба?

Әрине! Онда да дәл Apple сервистеріндегі сияқты.

Толық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.