Егер осы парақтың сілтемесі мен 7 күнде *98*8# пәрменін теру ұсынысы бар SMS алсаңыз, ақпаратымыз Сізге арналады.
Ақшаны қалай алуға болады
SMS келген мобильді құрылғыңыздан *98*8# терсеңіз болды.
Санаулы минуттарда теңгеріміңізге 500 теңге түседі. Оны, алған сәттен бастап 35 күн ішінде тарифіңіздің келесі абоненттік төлеміне ғана қолдануға болады (мысалы, басқа нөмірдің теңгеріміне аударуға, жолақы төлеуге интернетте сатып алғанда қолдана алмайсыз).
Пәрменді SMS-те көрсетілген күнге дейін теру керек: егер одан кеш терсеңіз, теңгеріміңіз толтырылмайды.
Мұны неге істеп жатырмыз
Мобильді байланыс пен интернет көптеген (өте көп) техникадан құралған. Кез келген техника кей кезде бұзылады, оның үстіне тұрақты профилактика да қажет.
Байланыста қиындықтар орын алып тұрады. Оның алдын алу мүмкін емес.
Біз желіні бүкіл Қазақстанда тартып және нығайтып жатырмыз. Қызметтеріміз кей кезде тиісті түрде жұмыс істемегендіктен, клиенттеріміз мейлінше аз қолайсыздық сезінуі үшін бәрін жасаймыз.
Бірдеңе дұрыс болмаса, үндемей қалмаймыз, керісінше тез әрі батыл әрекет етеміз. Сондықтан қолданушыларға алғыс айту бағдарламасын іске қостық. Теңгерімді толтыра отырып, Сізге – ниеттестігіңіз, сабырлығыңыз және қолдауыңыз үшін алғыс білдіреміз.