Beeline теңгерімінен төлеу деген не?
Мобильді теңгерім — байланысқа төлеу үшін ғана емес. Оны телефоныңыздағы әмиян деп санаңыз: онымен Сіз көптеген төлемді төлеп, онлайн сатып ала аласыз.
Beeline теңгерімінен төлеудің қажеті қанша?
Ыңғайлы
Коммуналдық қызметтерден онлайн-білімге дейін — Сізге керек төлемдер бір жерде месте
Сенімді
Тіпті картаның артындағы CVV кодты қараудың қажеті жоқ — барлық транзакция қорғалған
Тиімді
Төлеңіз де, бонустар алыңыз — серіктестеріміздің акциялары мен ұтыстарына қатысыңыз
Тегерімнен нені төлеуге болады?
1. Мобильді байланыс.
2. Ойын-сауық:
«Тикетон» сайтындағы билеттер мен Ботаника саябағының билеті.
3. Коммуналдық қызметтер, интернет және ТВ:
BeeTV, AlmaTV, «Қазақтелеком», «АЛСЕКО» және басқалары.
4. Көлік:
ONAY, AParking, «Евразия» СК және басқалары.
5. Косметика және дәрі-дәрмек:
Europharma (EClub) дәріханасы, Садыхан дәріханалар жүйесі, Аптека +, Биосфера және басқалары.
6. Авиабилеттер:
Tickets.kz.
7. Хабарлдандыру және жарнама:
«Крыша», «Колеса», «Маркет» сайттары және басқалары.
8. Мобильді ойындар:
Garena Free Fire, World of Tanks және басқалары.
9. Онлайн-білім:
Daryn платформасы.
10. Басқа да көптеген қызметтер.
Барлық қызметтің тізімін мына жерден табуға болады
Серіктестердің акцияларын қайдан қарауға болады?
Біз серіктестермен бірігіп әртүрлі акцияларды тұрақты өткізіп тұрамыз. Қағидаты әрдайым қарапайым: сервистерге Beeline теңгерімінен төлеп, бонустар, жүлделер алыңыз немесе ұтыстарға қатысыңыз. Барлық акция туралы мына жерде айтамыз.