Роман Козловский

Қауіпсіздік қызметінің директоры

 

Өмірбаяны

Роман 1979 жылы 12 наурызда Алматы облысы, Талғар қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік Заң Университетін Халықаралық құқық мамандануы, заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

Роман өзінің еңбек жолын «Ситибанк Қазақстан» АҚ-да 2000 жылы бастады, онда Legal&Compliance саласында жұмыс істеді. 2005 жылы «Қазақтелеком» АҚ КСД филиалына ауысып, заң бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

2006 жылдан 2007 жылға дейін түрлі инвестициялық компанияларда жұмыс істеді. 2008 жылы Қырғызстандағы «Sky Mobile» ЖШҚ бас директоры болды.

2008 жылдан 2013 жылға дейін тау-кен саласы мен электр энергетикасында түрлі басшылық позицияларда жұмыс істеді. Әкімшілік блокқа, қауіпсіздікке, заң блогына жетекшілік етті.

2014 - 2021 жылдар аралығында консалтинг саласында бизнес-құрылымдарда басшы болып жұмыс істеді.

2021 жылдың сәуір айында Beeline Қазақстан Қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Үйленген, төрт баласы бар. Жаяу жүріс, трекинг және кемпингпен әуестенеді.