Басты бет / Біз туралы / «КаР-Тел» ЖШС-нің құжаттары / Бұқаралық Келісімшартке қосылу кезіндегі келісім

ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУҒА ЖӘНЕ ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ

           «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңының, «Қазақстан Республикасындағы кредитті бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573-II Заңының талаптарын орындау үшін осымен «КаР-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне БИН 980540000397, сондай-ақ екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі – Банк) мен Компаниямен қызметтесетін микроқаржы ұйымдарына www.shop.beeline.kz, www.beeline.kz сайты арқылы, Компанияның мобильді қосымшасы арқылы немесе менің жеке қатысуымен ұсынылатын электрондық, қағаз және кез келген басқа тасығышта тіркелген менің дербес деректерімді жинауға, өңдеуге өзімнің сөзсіз, нақты, хабардар және саналы келісімімді беремін және осындай келісімді бере отырып, мен өз еркімен және өзімнің мүдделерімде әрекет ететінімді растаймын.
           Осы келісімдегі Банктер мен микроқаржы ұйымдары деп мына Банктер мен микроқаржы ұйымдары түсіндіріледі:
           1.    «Еуразиялық Банк» АҚ (БСН: 950240000112)
           2.    «ForteBank» АҚ (БСН: 990740000683)
           3.    «ФРИДОМ ФИНАНС Кредит Микроқаржы ұйымы» ЖШС (БСН 190340008954);
           4.    «KMF (КМФ) МФҰ» ЖШС (БСН: 061240001583) 

           Осы келісім шеңберіндегі Кредиттік бюро:
           1.     «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС (БСН: 040940002421)
           2.     «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ (БСН:    120940011577)

           Осы келісім Дербес деректерге жататын келесі мәліметтерге таралады: 
           ●    тегі, аты, әкесінің аты (соңғысы – болған кезде);
           ●    жылы, айы, күні, туған жері;
           ●    жынысы;
           ●    тұрғылықты қаласы;
           ●    жеке басын куәландыратын жеке куәлігі;
           ●    мобильді телефон нөмірі; 
           ●    электрондық пошта мекенжайы (болған кезде); 
           ●    жеке сәйкестендіргіш нөмірі (ЖСН);
           ●    количество и средняя сумма моих зейнетақы аударымдары;
           ●    кредиттік бюро мен "электрондық үкімет" Порталынан (egov.kz) ақпарат;
           ●    мен хабарлаған және (немесе) төменде көрсетілген мақсаттарға жетуге Компанияға/Банктерге/микроқаржы ұйымдарына қажет болуы мүмкін,  Компаниядан сатып алынатын тауардың атауы, саны, бағасын қоса өзге мәліметтер.

           Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім келесі мақсаттар үшін беріледі (оның ішінде, бірақ олармен шектелмей):
           ●    шарттарды жасасу немесе мен және Компанияның және оған тікелей байланысты өзге қатынастардың, мен және Банктер/микроқаржы ұйымдары арасында шарттар жасасу мүмкіндігін қарастыру;
           ●    несие алуға, оның ішінде Компанияның тауарларын/қызметтерін сатып алуға өтінішімді өңдеуге менің төлем қабілеттілігімді бағалау мақсатында Компанияның Дербес деректерімді Банктерге/микроқаржы ұйымдарына бергені үшін;
           ●    Компанияның Банктерден/микроқаржы ұйымдарынан алынған мен туралы ақпаратты алуы және өңдеуі үшін;
           ●    Компанияның маркетингтік және жарнамалық қызметін ұйымдастыру және жүргізу;
           ●    Компанияның, Банктердің/микроқаржы ұйымдарының жасалған шарттар (шарттар) бойынша міндеттемелері бұзылған немесе даулар, оның ішінде үшінші тұлғалармен даулар бойынша құқықтарын сот және соттан тыс қорғау үшін;
           ●    ҚР заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету, Банктің/микроқаржы ұйымдарының маған несие/микрокредит беру мүмкіндігін қарастыру үшін Банктерге/микроқаржы ұйымдарына менің Дербес деректерімді беруге;
           ●    сәйкестендіруді (қолжетімділіке рұқсаты және сәйкестендіру), сондай-ақ Компанияның және/немесе Банктердің/микроқаржы ұйымдарының қызметіне тікелей немесе жанама байланысты басқа да мақсаттар үшін.

           Осы келісіммен Компанияға/микроқаржы ұйымдарына әрекеттерді жасауға, оның ішінде автоматтандыру құралдарын, ақпараттық жүйелерді, интернет-ресурстарды, жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін қажетті Дербес деректеріме қатысты әртүрлі қызметтерді және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану, соның ішінде (шектеусіз): жазу, көшіру, резервті көшіру, қорғау, скрининг, жинау, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, беру/алу (тарату, қолжетімділікті қамтамасыз ету) заңды/ресми көздерден/, иеліктен айыру, жою, растау және тексеру, оның ішінде қолда бар Дербес деректерге кез келген деректерді анықтау жағдайлары, сәйкессіздіктер/өзгертулер мен толықтырулар, жеке деректерді Қазақстан Республикасының аумағында үшінші тұлғаларға пайдалану, тарату, бұғаттау, жою, беру, шет мемлекеттердің аумағында трансшекаралық беру, сондай-ақ қолданыстағы заңға сәйкес Дербес деректеріммен кез келген басқа әрекеттерді орындау.
           Сондай-ақ осымен мыналарға өзімнің сөзсіз, нақты, ақпараттандырылған және саналы келісімімді беремін:
           ●    несиелік бюроның менің дербес және/немесе биометрикалық деректерімді жинауы, өңдеуі және Компанияның, банктердің/микроқаржы ұйымдарының менің жеке және/немесе биометриялық деректерімді барлық несиелік бюроларға беруі;
           ●    барлық кредиттік бюролардың, Компанияның, Банктердің/микроқаржы ұйымдарының мен туралы мемлекеттік деректер қорынан (бұдан әрі – МДҚ), «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ, МДҚ операторларынан/меншік иелерінен және/немесе жеке тұлғалардың кірістері туралы ақпаратты жинауға және ұсынуға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ қызметін жүргізетін заңды тұлғадан ақпаратты алуы;
           ●    Компанияның кредиттік бюроларына, Банктерге/микроқаржы ұйымдарына МДҚ-дан алынған мен туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
           ●    «КаР-Тел» ЖШС, Банктердің/микроқаржы ұйымдарының МДҚ-дан және/немесе жеке тұлғалардың кірістері туралы ақпаратты жинауға және ұсынуға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғадан, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ алуға;
           ●    Мен туралы, оның ішінде жалпыға қолжетімді деректер қорының меншік иелері, операторлары, жеке тұлғалардың кірістері туралы ақпаратты жинауды және ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, кредиттік бюроның тікелей немесе үшінші тұлғалар арқылы кірістері туралы ақпаратты беруге;
           ●    Компанияның, Банктердің/микроқаржы ұйымдарының маған және менің қаржылық және мүліктік сипаттағы басқа да міндеттемелеріме қатысты ақпаратты (соның ішінде болашақта келетінін) несиелік бюроларға және басқа(ларға), ұйымдар(лар), сондай-ақ Қоғам, Банктер/микроқаржы ұйымдары үшін кредиттік бюролардан кредиттік есепті (оның ішінде болашақта алынатын мәліметтерді) алу ұсынуы және беруі;
           ●    Қомпанияның, Банктердің/микроқаржы ұйымдарының Дербес деректерімді жалпыға қолжетімді көздерде таратуы қамтамасыз етілмейді;
           ●    Қомпания, Банктер/микроқаржы ұйымдары зейнетақы жинақтарының құпиясын ашуы, уәкілетті органдардан/ұйымдардан жинақтаушы зейнетақы қорларына табыстан ұсталатын міндетті зейнетақы жарналары, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы ақпаратты Қазақстан Республика Заңдарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» сәйкес алуы.

           Келісімнің қолданылу мерзімі: келісім берілген күннен бастап 10 (он) жыл. Дербес деректерді сақтаудың мүмкін мерзімі: келісім берілген күннен бастап 10 (он) жылға дейін. Дербес деректерді өңдеуге берілген келісімді Дербес деректер субъектісі оның жарамдылық мерзімі ішінде кез келген уақытта кері қайтарып алуы мүмкін.
           ҚР заңнамасына қайшы келетін жағдайларда, сондай-ақ Компанияның және/немесе Банктердің және/немесе микроқаржы ұйымдарының алдында Дербес деректердің орындалмаған міндеттемелері болған жағдайда келісімді қайтарып алуға болмайды.
           Мен Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру шарттарымен танысқанымды және олармен келісетінімді растаймын және мен жоғарыда аталған мақсаттарға жету үшін Компанияға, Банктерге/микроқаржы ұйымдарына және жоғарыда аталған үшінші тұлғаларға берген тегім, атым, әкемнің аты (бар болса), ЖСН, ұялы телефон сияқты деректердің дұрыстығын растаймын.
           Осымен мен Компаниямен, Банктермен/микроқаржы ұйымдарымен және үшінші тұлғалармен осы келісімнің нысанын мәміленің жазбаша нысанымен, оның ішінде электрондық хабарламалармен алмасу (соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, маған тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша SMS алмасу) арқылы теңестіру туралы келісімге келдім. Бұл келісім менің және Компанияның, мен және Банктер/микроқаржы ұйымдары және үшінші тұлғалар арасындағы Компанияның деректер қорында тіркелген кезден туындаған қатынастарға қатысты қодланылады.