«Диванда» акциясының ережелері

 

1. Акцияның сипаттамасы

Акцияның өтетін мерзімі: мерзімсіз.

«Диванда» Акциясына (ары қарай - Акция) қатысу үшін, осы ережелерде (ары қарай – «Ереже») көрсетілген шарттарды орындау керек. Ереже – Акцияны өткізудің заңды талаптарын бекітетін дара құжат және ол www.beeline.kz сайтында жарияланады.

 

2. Акцияға қатысушылар

1.   Акцияға «Beeline» СБ бар «КаР-Тел» ЖШС (ары қарай «Оператор») операторымен шарт жасасқан, аванстық төлем арқылы есеп айырысу жүйесіне қосылған жеке тұлғалар, ЖК-ны санамағанда, (ары қарай «Қатысушы»)  абоненттері қатыса алады. Акцияға несиелік төлем жүйесімен есеп айырысатын абоненттер қатыса алмайды.

2.   Акция шарттарын орындай отырып, Қатысушы өзінің Акцияға қатысатынын және осы Ережелермен танысқанын растайды.

3.   Қатысушы Оператордың ұялы байланыс желісі қызметтерін көрсету туралы Жария шарты мен осы Ережелердің талаптарын бұзған жағдайда, Оператор Қатысушыны Акциядан шығаруға құқылы.

 

3. Акцияны өткізу Ережелері

1.   Акция аясында Қатысушыға «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы «Диванда» ойынын ойнау ұсынылады. 

2.   «Диванда» ойынына қатысу тәртібі мен Акция жүлделерін алу тәртібі:

3.   Ойынғы қатысу үшін Қатысушы «Менің Beeline-ым» қосымшасын пайдаланып, «#Диванда» пернесін басуы тиіс;

4.   Қатысушы «Менің Beeline-ым» қосымшасының соңғы нұсқасын ғана (5.0 және одан жоғары) қолдануы керек;

5.   Қатысушы Ережелердің 3.3-тармағаныда көрсетілген жүлделерді (ары қарай - Жүлделер) ұта алады;

6.   Жүлделер ұтысына қатысу – тегін. Жүлделер ұтысы күнде өтеді;

7.   Қатысушы бір ойында алуға болатын тоғыз карточканың кез келген үшеуін таңдайды. Егер Қатысушы таңдаған үш карточканың ішінде, тиісті Жүлде жазылып тұрса, ұтады;

8.   Әр Қатысушыға күн сайын «Менің Beeline-ым» қосымшасы арқылы үш рет ойынға қатысу мүмкіндігі беріледі (мәзірден «#Диванда» сөзіне сәйкес бапты таңдаңыз);

9.   Егер Қатысушыда екі SIM-картаға арналағн ұяшығы бар мобильді телефон болса және екеуінде де Beeline SIM-картасы болса да, Қатысушыға алты емес, үш мүмкіндік қана беріледі;

10.          Бір күн ішінде Қатысушы бірінші немесе екінші талпыныс арқылы Жүлде ұтса, қалған мүмкіндіктері жойылады. Қатысушы ойынды келесі күні жалғастыра алады;

11.          Акция мерзімінде Қатысушы ең көбі 5 жүлде ұта алады

12.          Жүлде ұтса, ұтқан Қатысушыға Оператор Жүлдені автоматты түрде аударады (қосымша ақпарат PUSH-хабарлама арқылы келеді);

13.          Қатысушының жеке шотында нөл болса немесе қаражат болса, ойынға қатыса алады.

14.  Ойын корпоративті нөмірлерде, сондай-ақ роутерлер мен құрылғыларға арналған тарифтерде (Шексіз, Бәрі бақылауда) қолжетімсіз.

  

4. Акция жүлделері

Қызметтер топтамасы:

Интернет-трафик: 500 МБ, 1 ГБ, 5 ГБ, 10 ГБ, 30 ГБ

ҚР-дағы мобильді операторлардың нөмірі мен қалалық нөмірлерге қоңырау шалуға арналған минуттар: 10 минут, 30 минут

  

5. Алу және қолдану шарттары

Белсендірген сәттен бастап 30 тәулік (720 сағат) әрекет ететін топтамадан басқа қызметтер топтамасы, Қатысушыға аударылған сәттен бастап 5 тәулікке (120 сағат) жарайды соның ішінде аударылған күнді қосқанда.

Жүлделерді ақшалай эквивалентке ауыстыру қарастырылмаған.

 

•  Ұйымдастырушы Акция ережесінің өткізу тәртібі мен мерзімін өзгертуге құқылы. Өзгерістер енгізілген жағдайда, Акцияның жаңартылған ережесі Оператордың  beeline.kz сайтында жарияланады

•  Акцияға қатысу, қатысушының Акция Ережесімен танысқандығын, оларды сақтауға келісетінін және Акцияға қатысу нәтижесі үшін дербес толық жауапкершілікте екенін білдіреді. Акцияға қатысу, сонымен қатар абонент Акцияға қатысқан телефон нөміріне SMS-хабарлама жолдау үшін, қоңырау соғу үшін және Акцияны өткізуге қажетті байланыстың басқа жолдарын қолдануы үшін, Акция ұйымдастырушысының қолдануына, сондай-ақ Ұйымдастырушының және оның өкілетті тұлғаларының қатысушының дербес мәліметтерін (аты-жөнін, кез-келген байланыс телефонын, мекенжайын) Акцияны өткізу бойынша Ұйымдастырушының өз міндеттерін орындауы мақсатында Қатысушының қосымша келісімін алмай қолдануына, Қатысушының келісетінін білдіреді. Жоғарыда аталған дербес мәліметтерді қолдануға Қатысушының келісуі Акцияны өткізу және жүлделерді табыстау мерзімінде Акция Ұйымдастырушысының дербес мәліметтерді өңдеуі, жоюы кезеңіне таралады.

•  Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Акцияны өткізуге байланысты мақсаттарда,  Ұйымдастырушының дербес мәліметтерді өңдеуіне, соның ішінде жинауына, жүйелендіруіне, жинақтауына, сақтауына (соның ішінде шағымдар орын алған жағдайларға), нақтылауына (жаңартуына, өзгертуіне), қолдануына (соның ішінде ұтыстарды табыстау мақсатында, Акцияны өткізумен байланысты мақсаттарда қатысушымен жеке сөйлесу үшін), таратуына, жариялауына, бұғаттауына, жоюына, осы Акцияы және басқа да осы тәрізді шараларды жүргізу мақсатында автоматтандыру құралдарын қолданып, тұтынушылардың мәліметтер базасын құруына, статистикалық есепті құруына, маркетингтік зерттеулерді жүргізуіне, сондай-ақ қатысушылармен байланысуына, соның ішінде электробайланыс желілері арқылы, SMS-хабарламалар мен электронды пошта бағыттары арқылы қатысушымен хабарласуға келісім беретінін растайды. Акция қатысушысы Beeline мобильді нөмірінен 0611 нөмірі арқылы Оператордың колл-орталығына хабарласып, Акцияға қатысудан бас тартуға құқылы.

 

6. Қосымша ақпарат

1. Акцияны «Кар-Тел» ЖШС («Beeline» СБ) Оператор сататын қызметтер мен тауарларға сұранысты ынталандыру мақсатында ұйымдастырған.

2. Оператор Акция Қатысушылары Акцияға қатыса отырып ұшырауы мүмкін қандай-да бір шығындар мен шығыстар үшін жауап бермейді, осы Ережелерде айтыған жағдайларды қоспағанда.