Оңай, жылдам және қарапайым! Өз мәселелеріңізді бір түртумен шешіңіз
-
SMS Click – сіздің базаңызға SMS-хабарламаларды жаппай жіберудің қарапайым әрі ыңғайлы құралы. Клиенттік база бойынша SMS-хабарлама жіберу – бизнесіңізді клиенттердің есіне салатын, жүріп жатқан акциялар, жеңілдіктер немесе жаңалықтар туралы айтатын тиімді жолдардың бірі.
Қосымша ақпарат
SMS Click - сіздің базаңызға SMS-хабарламаларды жаппай жіберудің қарапайым әрі ыңғайлы құралы. Клиенттік база бойынша SMS-хабарлама жіберу – бизнесіңізді клиенттердің есіне салатын, жүріп жатқан акциялар, жеңілдіктер немесе жаңалықтар туралы айтатын тиімді жолдардың бірі. SMS-хабарлама жіберуді қажет өлшемшартқа сай баптауға болады, мысалы, хабарлама мәтіні мен жіберушінің атынан бастап, дербес хабарламалардың базасын жіктеуге дейін.
Артықшылығы:
- Ыңғайлы және қарапайым әрленім;
- Икемді жүйе;
- Мазмұны бойынша хабарламаны іздеу;
- Оқиғалардың толық журналы;
- Хабарламаларды жіберуші жоспарын жасаушы;
Тариф | Бағасы |
Қызметті қолданудың ай сайынғы ең төменгі шектеуі, теңге ҚҚС-пен | 15 000 теңге |
Kcell/Activ/Beeline нөмірлеріне SMS жолдау құны, теңге ҚҚС-пен | 8,5 теңге |
Tele2/Altel нөмірлеріне SMS жолдау құны, теңге ҚҚС-пен | 12 теңге |
Шарттары:
1. Ұсынылған тарифтер мен топтамалар тек «КаР-Тел» ЖШС қызмет көрсететін аумақта – Қазақстан Республикасында жарайды және халықаралық бағыттарда көрсетілген қызметтер мен ақылы қызметтерге SMS-хабарлама жіберу арқылы қысқа нөмірлерден алынатын қосымша қызметтерге таралмайды.
2. Барлық тариф теңгемен, ҚҚС есебімен ұсынылған.
3. Топтамаларға кіретін SMS-хабарламалар шегіне жеткенде, қызметтер тариф жоспарына сай тарифтеледі.
4. Топтаманы қосқанда абоненттік төлем есепті кезеңде қолданылатын күндер санына қарамастан, толық есептеледі. Топтаманың қолданылмаған көлемі келесі кезеңге көшірілмейді.
5. Ай ішінде кез келген топтаманы қайта қосқанда (ауыстырғанда), абоненттік төлем әр топтама бойынша толық алынады.
6. Кестеде көлемі латын әрпімен 153 таңбадан немесе кириллицада 63 таңбадан аспайтын бір SMS-хабарламаның құны көрсетілген. Егер SMS-хабарламаның көлемі көрсетілген таңба санынан артық болса, ол рұқсат етілген таңба санына қарай бөлінеді.
7. Келген SMS-хабарламаның ақысын хабарламаны жіберген Қолданушы төлейді.