-
корпоративті топ ішінде
18 тг/мин
-
Beeline нөмірлеріне
18 тг/мин
-
ҚР-дағы басқа нөмірге
18 тг/мин
-
қалалық нөмірлерге
20 тг/мин
-
1 МБ
20,16 ₸
-
ҚР-дағы барлық мобильді нөмірге
18 ₸
«Prime Kit» тариф жоспарындағы қосымша қызметтер
ҚР-дағы басқа мобильді операторлардың нөміріне берілетін минуттар топтамасы, мин | Абоненттік төлем |
200 | 1100 |
300 | 1900 |
400 | 2300 |
500 | 3700 |
Интернет-трафик топтамасы, ГБ | Абоненттік төлем |
10 | 400 |
20 | 800 |
30 | 1200 |
40 | 1600 |
80 | 3200 |
SMS топтамасы, дана | Абоненттік төлем |
50 | 750 |
Толық ақпарат
1. Осы Қосымшада басқа жағдай қарастырылмаса, ұсынылған тарифтер мен топтамалар тек Қазақстан Республикасындағы «КаР-Тел» ЖШС қызмет көрсететін аумақта жарамды және роумингте көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ SMS-хабарламалар жіберу арқылы көрсетілетін қосымша қызметтерге немесе арнаулы нөмірлерге, соның ішінде қысқа нөмірлерге қоңырау шалу арқылы алынатын ақылы қызметтерге қолданылмайды.
2. Барлық тариф ҚҚС есебімен көрсетілген
3. Қосылу шарттарына сәйкес, бір абоненттік нөмірге міндетті түрде минуттар мен интернет-трафик топтамаларының бірі қосылуы керек.
4. Қосылған қызметтерге кіретін көлемнен асқан жағдайда, қызметтер «Prime Kit» тариф жоспарына сәйкес тарифтеледі. Қосымша қызметтердегі интернет трафик шегіне жеткенде, интернет жылдамдығы 256 кбит/с дейін азаяды.
5. Халықаралық бағыттарға қоңырау шалғанда, минуттар «International B2B» қызметіне сәйкес тарифтеледі. «GSM International B2B» қызметі туралы ақпарат «КаР-Тел» ЖШС-ның ресми www.beeline.kz сайтында жарияланған.
6. Қосымша қызметтерді қосқанда абоненттік төлем, есепті кезеңдегі пайдалану күндерінің санына қарамастан толық алынады. Топтаманың пайдаланылмаған көлемі келесі есепті кезеңге ауыспайды.
7. Корпоративті клиенттің абоненттік нөміріне қосымша қызметтер қосылмаған жағдайда, тиісті абоненттік нөмірде қызметтер «Prime Kit» тариф жоспарының шарттарына сәйкес тарифтеледі. Егер Қызмет және оның құны осы Қосымшада анықталмаса, онда ол Оператор немесе қызмет провайдері белгілеген тарифтер мен шарттар бойынша және тиісті қызмет көрсетілген сәтте қолданыстағы шарттар бойынша көрсетіледі.
8. Корпоративті клиент «Prime Kit» тариф жоспарын пайдаланса, Корпоративті клиенттің корпоративті тобына кіретін абоненттік нөмірлерге жеке қызмет көрсетіледі. Жеке қызмет көрсету жұмыс уақытында және жұмыс күндері, сондай-ақ Beeline мобильді нөмірінен 0799 нөмірі бойынша тәулік бойы көрсетіледі.
9. Оператор Корпоративті клиенттің абоненттік нөмірлеріне кемінде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын SMS арқылы хабарлама жібере отырып, біржақты тәртіппен осы Шарттың қосымшасында көрсетілген қызметтердің параметрлері мен құнын өзгертуге құқылы.
10. Тариф жоспары мен қосымша қызметтердің шарттары 31.12.2026 ж. дейін күшінде болады. Егер аталған мерзім Оператор тарапынан ұзартылмаса, қызметтердің құны Оператор тарапынан автоматты түрде қайта қаралады
11. Корпоративті клиент «Prime Kit» тариф жоспарына жаңа Beeline абоненттік нөмірлерін қосқан жағдайда, осы Қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап Оператор бірінші қосылу айындағы абоненттік ақыға бір реттік жеңілдік ұсынады. Нөмірді іске қосу күніне байланысты: 5-14 аралығында – 25%, 15-24 – 50%, 25-айдың соңына дейін – 75%.
12. Корпоративті клиент басқа ұялы байланыс операторының желісінен абоненттік нөмірді Оператор желісіне ауыстырса және «Prime Kit» тариф жоспарына қосылса, қосылған бірінші айда Оператор нөмірдің ауысқан күніне қарамастан, абоненттік төлемге 100% мөлшерде бір реттік жеңілдік ұсынады. Осы абоненттік нөмірді кейінгі қайта ауыстыруларға жеңілдік қолданылмайды.